Ресейдегі Түмен облысындағы қазақтар биыл көктемнен бері арнайы құрылғылар сатып алып, «Отау ТВ» («OTAU TV») пакетіне кіретін Қазақстан телеарналарын көре бастады.
– Түменде, Қазақстанның шекарасынан үш шақырым жерде тұрамын. Негізі «Отау ТВ» көру сол жерден басталды. Ондағы бірнеше адам Петропавловскіге жиі барып тұратын. Бір күні сол жақтан құрылғы сатып әкеліп, орнатып көрді. Ұнады. Мұндағы қазақтар бір-бірін жақсы таниды. Сол себепті өңірге тез тарап кетті. Енді Түменге жетіп отыр, – деді Дулат Нағыманов есімді азамат Азаттық тілшісіне.
«ТІЛІН ҰМЫТПАС ҮШІН КӨРЕДІ»
Оның сөзіне қарағанда, қазір Түменде Қазақстан телеарналарын көргісі келетін адам көп. Тұрғындардың сұранысын байқаған жергілікті компаниялар да арнайы құрылғыларды дүкендеріне әкеле бастапты.
Дулат Нағымановтың айтуынша, 37 арнадан тұратын пакетте «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», т.б. телеарналар да бар.
– Мұндағы тұрғындар ешқашан Қазақстан арналарын көрмеген. Оларды көбіне
ересек адамдар көреді. Қазақша бағдарламаларды көріп, балаларын да соған баулығысы келеді. Бірақ әзірге жастарда оған қызығушылық жоқ. Ал ересек адамдар жастарды тартуға тырысады, – дейді Дулат Нағыманов.
Түмен қаласының тұрғыны Оразбек Қазеевтің айтуынша, «Отау ТВ» көруге болатын құрылғылар өте сирек, сондықтан оны орната алмай жүр.
– Көп таныстарым бұл пакетті орнатқан. Бірақ өзім әлі алған жоқпын. Кейбір адамдар Қазақстанда не болып жатқанын білгісі келеді. Кейбірі тілін ұмытпас үшін көреді, – дейді Оразбек Қазеев.
Түменде көп жылдардан бері тұрып келе жатқан Нәписа Нағыманова құрылғыны сәуір айында орнатқан екен. Оның айтуынша, бағасы аса қымбат емес.
– 37 арнаның бәрін ауыстырып көре береміз. Жолдасым жаңалықтарды, киноларды – бәрін көре береді. Ал мен тек концерттер болып жатса ғана көремін. Мұнда 12 үй бар. Солардың үш-төртеуінде бар, – дейді Нәписа Нағыманова.
«КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫРМЫЗ»
Түмендегі тұрғындарға спутниктік және кабельдік телеарналарды қосу қызметін көрсететін жергілікті ірі компаниялардың бірінің аға менеджері Александр
Сергеевич тұрғындар арасында «Отау ТВ» пакетіне сұраныс аздап байқала бастағанын айтады.
– Негізі құрылғыларды жеке орнатуға Түменде ешқандай сұраныс жоқ. Әдетте адамдар Қазақстанға барып, «Отау ТВ» құрылғыларын алып келеді де, орнату үшін бізге келеді. Айына үш-төрт адам хабарласады, – деді Александр Сергевич.
Ол сөз арасында Қазақстандағы «Отау ТВ» өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.
– Тым қымбатқа түспес үшін, ұжымдық өтініштер жасау үшін облыстағы қазақ диаспорасымен де байланыс орнатып жатырмыз. Көбіне оған ересек адамдар қызығады, ал жастар аса қызықпайды, – деді Александр Сергевич Азаттық тілшісіне.
Түмендегі қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы ұйымының ресми сайтындағы дерекке қарағанда, облыста шамамен 20 мыңнан астам қазақ бар.