"Жаңаөзен оқиғасына ресми түрде шынайы баға берілген жоқ"
Your browser doesn’t support HTML5
14 желтоқсанда Алматыда "Қазақстанның демократиялық партиясын" құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдерінің жиынында жүзден астам азамат Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алды. Жиында осыдан сегіз жыл болған Жаңаөзен оқиғасына ресми түрде шынайы баға берілмегені, кінәлілердің жазаланбағаны айтылды. Бұған қоса, жазушы Ырысбек Дәбейдің Жаңаөзен оқиғасы туралы "Қоңыз" романы таныстырылды.