Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бішкектегі уақытша сенім жүктелген өкілі Жәнібек Кәріпжановты шақырып алып, нота жолдаған. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше Қырғызстандағы президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелген Өмірбек Бабановты қабылдауы себеп болған.