Магнитогорскіде қаза тапқандар саны 40-қа жуықтады
Your browser doesn’t support HTML5
Ресейдің Магнитогорск қаласында көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, құтқарушылар үйінді астында қалған бірнеше адамды іздеп жатыр. 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарын паналап жатыр. Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізген. Газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барған.