Польша астанасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) адам құқығы өлшемдері бойынша жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр. 16-27 қыркүйек аралығында өтетін жиынға қатысып отырған ЕҚЫҰ-на мүше елуден астам мемлекеттің ресми делегациялары мен азаматтық қоғам өкілдері өз елдеріндегі адам құқығының қазіргі жағдайы туралы баяндайды.
Варшавадағы конференцияға қатысқан Қазақстан үкіметінің делегациясы мен азаматтық қоғам өкілдері бейбіт жиын өткізу бостандығы жөніндегі сессияда елдегі адам құқықтары мен бостандықтарының қазіргі ахуалын әрқилы бағалады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Бейбіт шеру бостандығы. Билік пен белсенділердің бағасы әрқилыҮкімет өкілдері Қазақстанда азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы сақталып отыр деп сендіруге тырысса, белсенділер мен құқық қорғаушылар елде биліктің рұқсатын алмай митингіге шыққандарды заң бойынша жауапқа тартатынын, кейінші жылдары азаматтарды бейбіт жиын өткізуге ниет білдіргені үшін де жазалауға көшкенін мәлімдеді.
Қазақстанда бейбіт жиын өткізуге рұқсат алу неге қиын, қолданыстағы заң халықаралық құқық нормаларына сай ма? Конституцияда жазылған бейбіт митингі өткізу бостандығы мен арнайы заң арасында қайшылық бар ма? Бұл туралы AzattyqLIVE талқылуына Варшавадағы жиынға Қазақстанның азаматтық қоғам өкілдері атынан қатысып қайтқан белсенді, құқық қоғаушы Маржан Аспандиарова қатысты.