Путиннің бұрынғы күзетшілері Рублевкадан қалай жер алған?
Your browser doesn’t support HTML5
Ресейлік "Новая газета" халықаралық жемқорлықты зерттеу орталығымен бірлесіп жасаған зерттеу қорытындысын жариялады. Онда Ресей президенті Владимир Путиннің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысқан қызметкерлердің 2004 жылы Мәскеу маңынан жер телімдерін қалай алғаны туралы баяндалған. Зерттеуде төтенше жағдай министрлігінің бұрынғы шенеуніктері, президент қауіпсіздігі қызметінің өкілдері және өзге де шенеуніктердің аттары аталады.