АҚШ-та ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ-тың Висконсин, Мичиган, Иллинойс штаттарында қатты аяз салдарынан төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарды сақ болуға шақырды. Көп жерлерде дүкендер жабылған, қоқыстарды жинау, пошта тарату қызметі тоқтаған. Ауа райын болжаушылар ауа температурасының кейбір жерлерде 53 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін айтады. Миннесота штатында бұған дейін минус 48 градус аяз болған. Өткен сенбіден бері қатты аяз салдарынан кемінде бес адам қайтыс болған. Пенсильвания штатында 20-дан астам адам боранда жолда қалып, үсіп қалған.