Тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен қыркүйектің 25-і күні Алматыда Назарбаевтың биліктен кетуін талап ету туралы республикалық референдум өткізу мәселесі талқыланбақ еді. Алайда тиісті кворумның болмауынан референдум талқысы өтпей қалды.
Өйткені осы жиынға аймақтардан қатысатын делегаттар толық келмей қалған. Жиналғандар тек қарарлар қабылдап тарқасты.
Қолданыстағы заң бойынша, республикалық референдум өткізу мәселесін қарау үшін республикалық жиынға әр облыстан кем дегенде отыз адамнан жиналу керек болатын. Тоғыз облыстан делегаттар толық жиналғанымен, жеті облыстан келгендердің саны отызға толмай
Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы басшысы, қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин (сол жақта) азаматтық қоғам өкілдерінің республикалық жиналысында сөйлеп тұр. Алматы, 25 қазан 2010 жыл.
қалды.Ал жиналған 450 адамның қарасы республикалық референдум өткізу мәселесін талқылауға заңды тұрғыдан жеткіліксіз еді. Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, билік басындағылар да мұндай референдумға жол бере қоймас.
– Назарбаев өзінің тағы туралы референдум өткізуге жол бермейді. Мұны Назарбаевтың мықтылығы емес, әлсіздігі деп есептеу керек. Бұл Назарбаев үшін тағы қымбат екенін көрсетеді. Енді қайтадан дайындалып халықты жинауға кірісеміз, – дейді саясаткер Серікболсын Әбділдин.
«ДЕЛЕГАТТАР ЖОЛДАН ҚАЛДЫ»
Көптеген облыстардағы делегациялардың келмей қалуына билік өкілдері тікелей әсер етті дейді жиынға қатысушылар. «Құқық органының адамдары қорқытып-үркітіп, соның кесірінен көбісі келмей қалды, тіпті қайсыбіреулерін күштеп жолдан алып қалды» дейді тіркелмеген «Алға» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысынан келген белсендісі Жеңіс Досжанов Азаттық тілшісіне.
– Кворумның болмаған себебі делегаттардың кінәсінен емес, бұған бірден бір себепкер – билік. Құзырлы органдар әртүрлі қысымдар көрсетті. Мәселен, пойызға мінгізбей, үйлерін қоршап алып автобусқа мінгізбей, кейбір делегаттардың құжаттарын тартып алды. Сондықтан келе алмады, – деп отыр Жеңіс Досжанов.
Осы жиынға Атыраудан келмек болған делегаттардың қандай жағдайға тап болғаны туралы Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған болатын:
«Атырау-Алматы» пойызына билет алған оппозиция делегаттарының көбі жолдан қалды
Назарбаевтың отставкасы жайлы мәселе көтерген партия еріктілерін полиция қамап қойды
«БӘРІ СОЛ ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫ»
Қажетті кворум жоқтығынан республикалық референдум өткізу бастамасын бұл жолы талқылай алмаған делегаттар жиын қортындысында төрт бірдей қарар қабылдап тарқасты.
Атап айтқанда, делагаттар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің басшыларына үндеу жолдады. Онда
Жиынды тіркелмеген «Алға» партиясы үйлестіру кеңесінің жетекшісі Владимир Козлов (сол жақта) және Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Ғазиз Алдамжаров жүргізді. Алматы, 25 қазан 2010 жыл.
халықаралық ұйым мүшелерінің «әділ сот жүйесі жоқ, азаматтар құқығы аяққа тапталған», «демократиясы жоқ» Қазақстанға ЕҚЫҰ-ын басқартып қойғандығына келіспейтіндігін білдіреді.
Бұл үндеуде: «Сіздер ЕҚЫҰ болашақ төрағасының құжаттар жиынтығын меңгеріп жатқан жылдары Назарбаевтың режимі мемлекет конституциясына өзінің билік басында мәңгіге қалуына мүмкіндік беретін түзетулер енгізді. Ең маңызды деген заңдарға енгізілген басқа да түзетулер үстірт жүргізілген» делінген.
Сонымен қатар үндеуде «Назарбаев өзінің бірпартиялы парламентінен туған күніне арнап Елбасы статусын алды, сіздердің тараптарыңыздан осы масқара оқиға әділ бағасын алмады» деп жазылған.
Қарарда бұған қоса «режим тарапынан қудалауға түскен» Мұхтар Әблязов Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың «бірнеше миллиондаған ұрлық жасағанын» дәлелдейтін құжаттарды ұсынғанымен, «бәрі сол қалпында қалды» деп көрсетілген.
«САЯСИ ТҰТҚЫНДАРҒА – БОСТАНДЫҚ»
Тағы бір қарарда Қазақстанда қалыптасып отырған жағдай мен бейбіт жиналыстар еркіндігі туралы және саяси тұтқындарға бостандық беру мәселесі қамтылды.
Журналист Рамазан Есіргепов, құқықорғаушы Евгений Жовтис, «Шаңырақ» оқиғасының қатысты сотталған Арон Атабек, Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев пен Рүстем Тұяқовтарға, сондай-ақ Мұхтар Жәкішев, Ермек Нарымбаев, Айдос Садықовтарға бостандық беруді талап еткен.
Тіркелмеген «Алға» партиясының мүшелері бұл жағдайға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің назар аударуына мүдделілік танытқан.
«ХАН КЕНЕНІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!»
Жиында қабылданған төртінші қарарда қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесі көтерілген.
Мұндайда «Алға» партиясы бизнесмендерге, этникалық қауым басшыларына, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, қаржылай көмек көрсетуді сұрап отыр.
Осындай ұсыныс айтқан философ Нұрлан Әміреқұлов, Ұлытаудың етегіне ел тәуелсіздігі үшін күрескен атаулы тұлғаларға арнап акрополь тұрғызу қажет дейді.
«КЕЛЕСІ ЖИЫНДЫ ЕҚЫҰ САММИТІНІҢ АЛДЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ДҰРЫС»
Бұл жолы президентті отставкаға жіберуге қатысты референдум өткізу мәселесін талқылау заңға қайшы болғандықтан, жиналған жұрт Назарбаевқа қарсы өз наразылықтарын айтты. Тіпті қызды-қыздымен «Назарбаев, кет!» деген ұранға басты.
– Билік бүгін бізді жеңдік деп ойлаған шығар, алайда олар жеңілді. Өйткені шын мәнінде жиналыс болды, – деді «Жаса Азаттық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жасарал Қуанышалин Азаттық радиосына.
Ол референдум өткізу туралы келесі жиынды ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін саммитінің алдында ұйымдастыру керек деп санайды.
«Сол кезде бұған халықаралық деңгейде назар аударылатын болады», – дейді Жасарал Қуанышалин.

Your browser doesn’t support HTML5