Ақтауда Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовке қатысты сот қайта жалғасты. Дүйсенбі, тамыздың 27-сі күнгі процесте сот сарапшылары саяси және психологиялық талдау жасады.
Алматы сот медициналық сараптамасы орталығының бас маманы Әбішева сараптамаларының қорытындысы ретінде мұнайшылар арасындағы тыңдалған телефон әңгімелерін, Алға партиясы белсенділері арасындағы Skype (Скайп) конференция жазбаларын мысал ретінде келтірді.
– Бұл әңгімелердің барлығы ел арасындағы алауыздықты қоздыру, билікке қарсы әрекет ету бағытында айтылған, – деп мәлімдеді ол.
SKYPE-ӘҢГІМЕ: «ЖЕКЕ СӨЗ БЕН ТҰТАС КОНТЕКСТ» ЖӘНЕ «ТЕРЕҢ ТАЛДАУ»
Сарапшы мысал ретінде ереуілші мұнайшылар белсендісі Наталья Әжіғалиева мен Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарыбөпеев арасындағы әңгімені келтірді. Онда Әжіғалиева Сарбөпеевке ереуілшілер басшылардың бірі Ақжанат Әминовтің тұтқынға алынуына байланысты өздерін өздері өртеуге бел байлағандары айтқан.
– Осылайша олар қандай да бір келісімге келуге бас тартты. Олардың барлық әрекеттері мен мақсаттары тек мұнайшылар арасындағы ереуілдік көңіл-күйді күшейтуге бағытталған, – деді Әбішева.
Сарапшының айтуынша, «Skype-әңгімелер негізінен ұйымдастыру, бағыттау міндеттерін, атқарған».
– Мәселен, Skype-әңгімеде Әблязов «билікті құлату керек, сындыру керек» деген
сөздер айтады. Ол адамдардың санасына, сезіміне қалай әсер етеді? – деп сұрады прокурор сарапшыдан.
Сарапшының айтуынша, «адам санасына жеке сөз емес, тұтас бір контекст әсер етеді».
– Скайп-әңгімелердің түпкі төркіні адамды сендіру және үнемі ақпарат беріп отыруға бағытталады. Ол әңгімелердің бәрінде Әблязов нақты мақсаттар қойып, оның жүзеге асырылуына бағыт беріп отырған, – деді сарапшы Әбішева.
Оның айтуынша, ереуілшілермен кездескен құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері толық түсінік беріп, дауды шешуге тырысқанымен, мұнайшылар оны түсінуден бас тартқанын зерттеу материалдары көрсеткен.
Сарапшы өзінің зерттеуінде Жаңаөзендегі ереуілге қатысты ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға «терең талдау жасағанын» айтты.
ӘЗІЛ, КҮЛКІ ЖӘНЕ БЕЙМАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Әбішева сотталушы Серік Сапарғалидың 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде Алматыда сөйлеген сөзін мысалға келтіріп, «онда адамдарды ереуілге шақыру сипаты басым болғанын» айтты.
Алайда Сапарғали өзінің Алматыда экономикалық жағдай туралы, Қазақстанның Кеден одағына кірмеуі туралы баса айтқанын еске салып, оның ереуілге қандай қатысы мен әсері болуы мүмкін екенін сұрады.
Сарапшы «оның сөздерінің билікті құлатуға ниеттенгенін байқауға болатынын» айтты.
Владимир Козлов сарапшыдан таратылған үнпарақтардың қалай әсер ететініне түсінік беруді сұрады. Бірақ сарапшы одан бас тартты.
Козловтың адвокаты Алексей Плугов үнпарақтың орысшаға аудармасында «Тізеңді
жаз, қазақ!» және «Тұр, қазақ!» деген тәрізді әртүрлі аударма кездесу себебін сарапшыдан сұрады.
Сарапшы Әбішева «мұның бәрі – лингвистің шаруасы, мен тек зерттеудің саяси мағынасына үңілдім» деді.
– Жалпы Skype-әңгіме реңкі іскерлік бағытта болған. Бірақ оның астарындағы әлдебір мазасыздықты байқауға болатын еді. Өзара әңгіме барысында әзіл айтылды, күлкі естілді, бірақ ол сол беймаза күйді білдіртпеу үшін жасалып отырды, – деді Әбішева.
Сарапшы одан әрі қойылған сауалдарға жауап берген жоқ.
– Мен мұнда өз пікірімді ортаға салуға келген жоқпын. Сарапшы ретінде зерттеу қорытындысын айтуға келдім. Ал сауалдарыңызға жауап алғыларыңыз келсе, істегі қорытындыны қайталап оқып шығуларыңызға болады, – деді ол.
«БИЛІКТІ ҚҰЛАТУ» ЖАЙЛЫ
Сотқа келген екінші сарапшы – Астана сот институты қызметкері Роза Акбарова өз талдауында «Әблязов, Кетебаев және Козлов арасындағы Skype-әңгімелерге жете мән бергенін» айтты.
Роза Акбарованың сараптамасы 27 тамыздағы соттың негізгі бөлігіне айналды. Бес сағаттан астам уақыт сөйлеген сарапшы қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың «Республика» газетінде жарық көрген үндеуіне, Мұратбек Кетебаевпен, Владимир Козловпен арадағы Skype-әңгімелеріне тоқталды.
Ол сондай-ақ Ғазиз Алдамжаров, Михаил Сизов және Владимир Козловтың арасында 2011 жылы желтоқсанда болған әңгімелерге де «саяси талдау жасады».
Сарапшы бірнеше видео материалдар мен Skype-әңгімелердің мәтінін жазбаша жазып көрсетіп, әр сөздің астарына үңілді.
– Бұл әңгімелердің барлығы да күштеп билікті құлату, конституциялық құрылымды жоюға бағытталған, – деді сарапшы.
Оның ойынша, барлық әңгімелер бір тақырыпқа – ел арасында алауыздық туғызып, іріткі салуға, билікті құлатуға бағытталған.
Сарапшы «мысал ретінде жеке дәлелдеме контекстен тыс қаралмайды» десе де,
Әблязовтың «Біздің уақытымыз жоқ. Егер партия өмір сүргісі келсе, шабуылға шығуы керек. Біз партияны құрдық, бірақ ол тиісті міндетін атқарып отырған жоқ» деген сөздерін талдады, «Билікті құлататын кез келді. Бізге басты орын таңдау керек. Ол Алматы болуы мүмкін» деген сөзін оқыды.
2010 жылғы 30 сәуірдегі Skype-әңгімелерді талдағанын айтқан сарапшы:
– Барлық насихат жұмыс берушілердің, шенеуніктердің ар-ожданын түсіруге бағытталған, – деп түйіндеді.
Сарапшы Роза Акбарованың айтуынша, Мұхтар Әблязов «Алға» партиясына үнемі қаржылық қолдау көрсетіп отырған.
– 2005 жылы ол партияға 75 пайызға дейін қаржылық қолдау көрсетсе, 2009 жылы ол 95 пайызға артқан, – деді сарапшы Акбарова.
АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ «АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРУЫ»
Роза Акбарова бір құжатты «Мұхтар Әблязовтың «Республика» газетінің бас редакторы Ирина Петрушоваға жолдаған аса құпия хаты» деп атап, содан үзінді оқыды.
Сарапшының айтуынша, ол хатта «елдегі бейберекетті күшейтіп, Назарбаевтың жағымсыз бейнесін қалыптастыра түсу керек» екені айтылған.
Акбарова «оппозиция өкілдерінің билікті құлатуға ниеттенген іс-қимылдарын бұқаралық ақпарат құралдары құлшына қолдағанын» айтты.
– Жаңаөзен туралы материалдар негізінен алауыздық тудыруға арналған. Ол материалдардың барлығы дерлік ел арасында қорқынышты үдетіп, билікті жау бейнесінде көрсетіп, оны «елді қуғын-сүргінге ұшыратып отыр» деп сипаттады, – дейді сарапшы.
Сарапшы Акбарова сөзіне дәлел ретінде мынадай тақырыптарды мысал етті: «Бізге қарсы соғыс жарияланды», «Қазақстандағы революция – уақыт еншісінде», «Билік ережеге қарамайды», «Билікке қарсы бір майданға топталайық».
Сарапшы «әлдебір азын-аулақ топ елдегі осындай ағымды өздерінің жеке мақсаттарына пайдаланғанын», «енді олар өз мақсаттарына шетелдік оппозиция өкілдері мен ұйымдарын тарта бастағанын» айтты.
АҚЖАНАТ ӘМИНОВ ТУРАЛЫ
Сот психолог-сарапшы ретінде Өскеменнен арнайы шақырылған Амангелді Ақашевтың талдамасымен аяқталды.
Оның сараптамасына сот залындағылардың ерекше қызығып, маман айтқан кей сөз тіркестеріне күліп отырды.
– Мен әр зерттеуімде олардың (айыпталушылардың – ред.) ішкі жан-дүниесіне
терең үңілдім, «олардың ерекшелігі неде» деген сауалға жауап іздедім, – деді психолог-сарапшы Амангелді Ақашев.
Сарапшы әуелі Ақжанат Әминовті сипаттады. Онымен екі жарым сағаттан аса сұхбаттасқанын айтқан сарапшы:
– Әминов тергеу барысында жауап беруде көп белсенділік танытпаған. Өз сөзін сотта айтатынын айтқан. Ол 12 балалы, көп балаы жанұядан шыққан. УОС-5 мекемесінде жүргізуші болып істеген. Ел арасында оны Жак деп атайды және бұл оған қатты ұнайды, – деді.
Сарапшының айтуынша, «Әлдебір жалдамалы пәтерге адамдар тобыры жиналған. Олардың жалпы саны 10-12 адам, арасында Әжіғалиева, Төлетаева, Сақтағанов, Оңғарбаева тәрізді белсенділер бар. Олар істің барысын, билікті қалай құлатудың жолдарын талқылаған. Ереуіл қашан жасалатыны турады жоспарлар құрылып, арларында аштық тіпті құрғақ аштыққа дейін баруға дайын белсенділер табылған. Олардың бәрін Әминов басшылық етіп отырған».
Психолог-сарапшы «олар «Өзенмұнайгазды» қолдарына алуды көксеген» дей келе:
– Әминов басты мақсаты – жеке амбициясын қанағаттандырып, бәріне қол жеткізгенде ерекше рахат сезімге батқан, – деді..
Сарапшы Ақашевтың айтуынша, «Әминов өз ойларын шахматшы тәрізді шебер жүзеге асырып отырған».
Психолог Әминовтің сыбайласыы ретінде Наталья Әжіғалиеваны атады.
– Әжіғалиева – еркек пішіндес әйел. Оның мұнайшыларға әсері мол, – деді психолог-сарапшы Амангелді Ақашев.
СЕРІК САПАРҒАЛИ ТУРАЛЫ
Сарапшы Амангелді Ақашевтың ойынша, «Серік Сапарғали – ел арасында аса белгілі емес тұлға».
– Ол 1952 жылы туған, отбасындағы екінші бала. Политехникалық институттың тау-кен факультетін бітірген. 1975-2009 жылдар арасында жұмыс орынын тоғыз рет
ауыстырған, жұмысында жетістіктерге жете алмаған. Көп сөзділігімен ерекшеленеді, сәтсіздікке жиі ұшырайды, – деді сарапшы.
Психолог-сарапшы Серік Сапарғалидың банкке 30 мың доллар қарыз екенін айтып, «бұл да оның мінездемесіне әсер ететінін» ескертті.
– Өзіне назар аудару мақсатында митингілерге барып, айқайлап, көп сөйлегенді ұнатады. Көбіне сөздері тавтология болып келеді. «Назарбаев режимі кетуі керек!», «Қанды режим», «Қазақ жері байлығын қазақтар иеленуі керек» деген сөздерді жиі айтады. Ол іскерлік қимылдың адамы емес, – деп түйіндеді сарапшы Сапарғали туралы зерттеуін.
Психолог-сарапшы Ақашевтың бұл сөздеріне айыпталушы Серік Сапарғали наразылық танытты. «Жолы болмайтын адам, әрі жетістікке жетпеген» деген анықтаманы Сапарғали «ар-ожданға нұсқан келтіру» деп бағалады.
– Мен – дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланған маманмын, сертификатым да бар. Ал жұмысты жиі ауыстыруым отбасылық жағдайыма сай болды. Неге менен сұрамай қорытынды жасадыңыз? – деп ашуланды Серік Сапарғали.
ВЛАДИМИР КОЗЛОВ ТУРАЛЫ
– Владимир Козлов 1960 жылы Ақтөбеде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Сегізінші сыныпқа дейін жақсы оқығанымен, мектепті орташа бітірген. Бала кезінде
музыка мектебіне барған. Өсе келе белгілі тұлғаға айналды, – деп сипаттады Козловты сарапшы Амангелді Ақашев.
Сарапшының айтуынша, «зерттеу материалдары Козловтың біраз қаржыны легализациялағанын анықтаған».
– Ол 500 мың долларды легализациялады. Қазір «Алға» партиясының барлық аймақтарда кеңселері бар, – деді Амангелді Ақашев.
Сарапшы «мұнайшылар белсендісі Талғат Сақтағановтың Варшаваға баруына Владимир Козлов себеп болғанын, сол сапарда Сақтағановтың мұнайшылар жағдайы туралы сөз сөйлеуін сұрап, оған дайын мәтін бергенін» де айтты.
– Козловқа жасалған психологиялық анализ оның аса жоғары интеллектуал еместігін көрсетті. Ол өз бетінше білімін көтерген. Козловты «өзін-өзі асыра бағалайды» деп айтуға болады, – деді сарапшы Амангелді Ақашев.
Сотталушы Козлов та сарапшының өзі жайлы айтқан мәліметтерімен келіспеді. Сарапшы мен сотталушылар арасындағы дау бір сағаттан астам уақытқа созылып, процесс кешкі сағат сегізде аяқталды.