Ақтөбе облысындағы Шілікті ауылының тұрғыны қыс түсе қымбаттайтын көмірге деген тәуелділіктен құтылудың жолын тапқанын айтады. Мұнай-газ қорына бай облыстың тек 20 пайызы газбен қамтылған.
Шалқар ауданы Шілікті ауылының тұрғыны Дәулетхан Шойтановтың отбасы биыл мүлдем көмір сатып алмаған. Шалғайдағы шағын ауылдың тұрғыны үйін қыстай малдың қиынан алынған биогазбен жылытпақшы. Дәулетханның бар сенгені – үйінен 20 метрдей жерде тұрған цистерна мен қолындағы азын-аулақ малдың қиы.
– 10 кубтық цистернаның 70 пайыздай бөлігін малдың қиымен толтырып, үстіне су құйдым. Цистернаның бір бүйіріндегі бұранда ішіндегі қалақшаларға жалғанып, дәнекерленген. Ол қиды ара-тұра былғап тұру үшін қажет. Ыдыстағы шірінді бырши бастаған кезде газ бөлінеді. Бұйырса, осы газбен биыл қыстан шығуымыз керек, – дейді Дәулетхан Шойтанов Азаттық тілшісіне.
Дәулетханның негізгі мамандығы инженер-металлург екен. Университеттен соң өндірісі жоқ туған ауылына оралған ол био-отынның жай-жапсарын бірден
ойластыра бастағандығын айтады.
– Ең қиыны – цистерна табу болды. Стандартқа сәйкес болуы үшін металдың қалыңдығы 4 миллиметрден кем болмауы керек. Қалыңдау болса тіпті жақсы. Сырттағы температура 10-15 градусқа дейін суығанда цистерна жалынды ішке қарай тартады. Бұл - өте қауіпті. Газ толы ыдыстың жарылып кетуі де мүмкін. Сондықтан редуктор орнаттым, – дейді ол.
Өнертапқыштың айтуынша, Шіліктіге Атырау, Қызылорда мен Қарағандыдан бейтаныс адамдар арнайы келіп, қондырғысымен танысып кеткен.
Дәулетхан малдың қиынан биогаз алатын қондырғыны ауылдасы, дәнекерлеуші Құттыбай Ибрагимовпен бірге жасап шыққан.
– Дәулетхан – табанды жігіт. Өз идеясын маған 2009 жылы айтқан еді. Биогаз
өндірісіне қажетті құрылғыларды тірнектеп жинап жүріп еңбегіміздің жемісін былтыр жазда көрдік. Биыл алғаш рет ол үйін биогазбен жылытып, қыстап шықпақшы, – дейді Құттыбай Ибрагимов Азаттыққа.
Дәулетхан ойлап тапқан малдың қиынан газ алу технологиясының жетілдірілген түрін дамыған Батыс елдерінен да табуға болады. Дания үкіметі Ютландия аймағында әлемдегі ең ірі биогаз өндіретін зауыт салып жатыр. Maabjerg Bioenergy компаниясының жоспары бойынша бұл зауыт салынып біткен кезде жылына 500 мың тонна қиды таза энергияға айналдырмақ.
Күн суытқалы Шіліктінің халқы Дәулетханның қондырғысына қызыға көз тастап қояды. Өнертапқыш 100 шаршы метр үйін малдың қиынан алынған биогазбен
жылытып отырғанда ауылдастары қи ойып, көмір түсіріп қыста тоңбаудың қамына кіріскен.
Шіліктінің тағы бір тұрғыны Қасқырбай көмірдің әр тоннасын 11 мың теңгеден сатып алғанын айтады.
– Бала-шағамның қыста тоңбауы үшін ең кемі 4 тонна көмір мен бір машина қи қажет. Отынды осы бастан сайлап қоймасақ, қыс түскенде қымбаттап кетеді, – дейді ол Азаттық тілшісіне.
Шілікті – Ақтөбе қаласынан 515 шақырым жердегі табиғи газ құбыры тартылмаған ауыл. Әзірше Ақтөбе облысындағы 392 елді мекеннің 85-іне ғана газ құбыры тартылған. Биыл аймақтағы 10 елді-мекенге газ құбырын тарту жоспарланып отыр. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 3,6 миллиард теңге бөлінген. Алайда 2013 жылы газ құбыры тартылатын ауылдардың тізіміне Шілікті ауылы енбеген.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының дерегі бойынша Ақтөбе облысында 25 мұнай және газ кеніші бар деп барланған. Облыстағы ең ірі кәсіпорынның бірі – қытайлық CNPC компаниясына тиесілі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы.