Ресми есеп бойынша Қазақстандағы жұмыссыз әйелдердің үштен бірі ауылда тұрады. Олардың көпшілігі қалада заңсыз сауда-саттық жасап күнелтеді.
Қазанның 15-і күні БҰҰ-ның 5 жыл бұрынғы бастамасымен дүние жүзінде ауыл әйелдерінің күні аталып өтеді. Қазақстандағы ауыл әйелдерінің көпшілігі ірі қалалар мен аудан орталықтарында ұсақ сауда жасап отбасын асырайды. Азаттық тілшісі бір күнін ақтөбеліктер күнде көріп жүрген «сүт сатушылармен» бірге өткізіп көрді.
Ақтөбедегі орталық базардың сыртында жыл он екі ай жиырма шақты әйел отырады. Бәрі – ауылдан келгендер. Сүт, айран, қаймақ, май мен тары-талқан сататын бұл кісілер күнде таңертең қала маңындағы ауылдардан артынып-тартынып жетеді. Солардың бірі – Ақтөбеден 40 шақырым жердегі Хлебодар ауылының тұрғыны Қамажай Тәжімбетова. Қамажайдың сөзіне қарағанда, сатып отырғанының бәрі – өз қолынан шыққан өнім.
– Үш сиырым бар. Зейнетақыға қарап, тиын санап отырмағанымыз сол үшеуінің арқасы. Кенже ұлым Ақтөбедегі колледждердің бірінде оқып жүр. Балам диплом алғанша осылай жүре тұрамын. Әйтпесе зейнетақымен оның оқу ақысын төлеп, киім-кешегін әпере алмаймыз, – дейді сүт өнімдерін сатушы әйел.
«СҮТТІ КРАННАН АҒАДЫ ДЕП ОЙЛАЙ МА?»
Өзін «Жансұлумын» деп таныстырған тағы бір әйел Пригородный ауылынан екен. Үйінен ала келген аласа орындығына жайғасқан ол алдындағы ала дорбасының аузын ашып қойған. Ішінде пластмасса бөтелкелерге құйылған сүт, айраны бар. Сүзбе мен қаймақ салынған ыдыстың да шеті көрінеді.
Жансұлу сияқты жайма базарда сүт өнімдерін сатушы ауыл әйелдерінің бәрі қатырма қағаз, не аласа орындыққа жайғасқан. Жүресінен отырғандықтан ең алдымен сатып алушының аяқ киімін көреді. Жансұлу апайдың алдына
аялдаған әйел қаймақтың дәмін татып көрді де, біз өкше етігін тық-тық еткізіп кете барды. Артынан «Қызым-ау, алмайтын болдың ба?» деп айқайлаған Жансұлуға мойнын да бұрмастан «кисловато» («қышқылдау екен» - ред.) деп тіл қатты.
– Осы қаланың қатындары қаймақ-сүтті краннан ағады деп ойлайды, сірә? Мана біреуі 150 теңгенің айранын 50 теңгеге сұрайды. Бізді ерігіп жүр дей ме екен? Таңғы 5-те оянып сиыр сауамын, сүтті қаймағынан айырып, пісіремін, суытамын, таласа тармаса автобусқа отырып қалаға келемін. Кешке қарай мал өрістен қайтқанша ауылға жетіп алуым керек. Түнгі 12-ге дейін таңғы тірлігім тағы қайталанады. Біздікі – «больничныйы» да, «өтпескесі» де жоқ жұмыс, – деп мұңын шақты ол Азаттық тілшісіне.
Жансұлу ала жаздай сүт сатып жинаған ақшасына 3 трактор шөп алғанын айтады.
– Әр төк (тюк – ред.) – 450 теңгеден. Үш сиырдың қысқы азығына 100 мың теңге жұмсадым. Ауылымызда кебек жемінің 1 қабы – 600 теңге. Енді 1 тонна жем сатып алуым керек. Сиыр – мешкей мал ғой, - деп күрсінді ол.
Ауыл әйелдері жайғасқан жайма базардағы сүт өнімдерінің бағасы қарайлас. 1 литр сиыр сүті – 200 теңге, айран – 150, сүзбе – 300, қаймақ 1000-1200 теңгеден. Жансұлу апайға қарсы сауда жасап тұрған жас келіншек өткен-кеткендерден қымсынып, жүзін көлегейлей берді. Ал оның жанындағы кекселеу әйел Азаттық тілшісімен сөйлесіп тұрған сатушыларға: «Бізді полицейлердің қуатынын неге айтпайсыңдар, а?» деп айғайлады.
«ПОЛИЦЕЙДІ КІНӘЛАМАҢДАР»
Есімін айтпай қойған тағы бір сатушы әйелдің сөзіне қарағанда, заңсыз сауда жасаушыларға базардың күзетшілерінен бастап, полиция, қалалық әкімдік – бәрі жау.
– Полицияның қарасы көрінгеннен заттарымызды жинап, жан-жаққа бытырай қашамыз. Кеше біреуі мені Ахтанов көшесінің басындағы анау жатақханаға
дейін қуып барды. «ИП (жеке кәсіпкер – ред.) ашып, салық төлеп, базардың аумағында отырыңдар» дейді. Оған шамамыз жете ме? – деп ашулана сөйледі ол.
Сол арада әңгімеге араласқан Жансұлу полицейлерді жақтап шықты.
– Полицейлерді кінәлайтын ештеңесі де жоқ. Олардың жұмысы – сол. Тек полицияға аты-жөнімізді айтпауға тырысамыз. Кім екенімізді білсе, 8-12 мың теңге айыппұл салып, үйге квитанция жібереді, – деді ол.
Түс ауа ала дорбасын босатқан сүт сатушылардың бірқатары үйге қайтудың қамын қыла бастады. «Ауылға жеткенімше сағат алты болады» деген Жансұлу апай қоштасарда Азаттық тілшісіне «Айналайын, менің суретімді ешқайда жарияламай-ақ қойшы? Балалар қысы-жазы ашық аспанның астында отыратынымды ар санайды. Ренжіп жүрер» деп өтінді.
Жеті-сегіз сағат ашық аспан астында тұрып, жүзін күн қақтаған Жансұлу апайдың бағыты – Пригородный ауылы. Ал оның әріптестерінің арасында күн сайын Ақтөбеге одан да қашықтау Сазды, Бестамақ, Құрайлы, Құрашасай ауылдарынан қатынайтындар бар. Бұл әйелдердің ешқайсысының тұрақты жұмысы жоқ.
2000 жылдардың аяғындағы ресми статистика бойынша елдегі жұмыссыз әйелдердің үштен бірі ауылда тұрады. Ал 2013 жылы өткен сайлаудан кейін жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің 10 пайызы ғана әйел екені анықталды.
Қазақстандағы ауыл әйелдерінің мәселелерін зерттеуші Мара Сейітова: «Реформалауға байланысты ауыл отбасыларындағы гендерлік сипат өзгеріп барады. Бұл үрдіс әлеуметтік тұрақсыздық пен отбасылық шаруашылықтағы теңсіздікке әсер етіп тұр. Ер адамдар «асыраушы», «ауыл еңбеккері» мәртебесінен айырылып, көптеген әйелдерді сауда-саттық миграциясы сыртқа кетуге мәжбүрлейді» деп жазады.
Қазақстан үкіметі 1998 жылы қосылған «Әйелдерге қатысты барлық дискриминация түрін жою» конвенциясының 14-бабында «Мемлекет ауылдық жерде тұратын әйелдердің ерекше мәселелеріне, олардың отбасыларының экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін атқаратын рөліне көңіл бөледі деп көрсетілген.