Алматыда тіркелмеген «Алға» партиясын «экстремистік ұйым деп тану» туралы прокуратура арызына қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Ал оппозициялық басылым «желтоқсанда сөйлетпеу» үшін қысым жасалып жатыр деп санайды.
Қарашаның 29-ы күні Алматының Алмалы аудандық сотында тіркелмеген «Алға» партиясына қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Алғашқы сот отырысы желтоқсанның 5-іне белгіленді.
АЛДЫН-АЛА ДАЙЫНДЫҚ
Алмалы аудандық сотындағы процеске Алматы қалалық прокуратурасының атынан екі бірдей прокурор қатысты.
Аудандық сот судьясы Мұхтар Әміров әуелі Алмалы ауданының прокурорлары – Дариға Қыжырова мен Ақмарал Онашеваларға сөз берді. Олар Алматы прокуратурасының тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясын экстремистік деп тану мен оның қызметін тоқтату туралы арызын айтты.
Бұдан кейін судья жауапкерді іздестірді. Процеске қатысқандардың ішінен екі адам бас көтергенімен, олардың өзі бұл істе жауапкер бола алмайтындығын жеткізді. Олардың бірі – «Алғаның» белсендісі Ерлан Қалиев пен екіншісі – адвокат Елена Савина болып шықты. Елена Савина – сотталған «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың адвокаты.
Қалиев пен Савина Алматы қаласы прокуратурасының шағымын қате жазылған деп мәлімдеді.
- Себебі тіркелмеген «Алға» партиясы деген заңды тұлға жоқ. Тиісінше ол жауап бере алмайды, - деді Қалиев.
Бұған қатысты судья Әміров, прокурорларға желтоқсанның 5-і күнгі келесі сот отырысына шағымдағы қателікті түзету керектігін айтты.
"Алға" партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Михаил Сизов Азаттық тілшісіне тіркелмеген партияны құру туралы 2009 жылғы ұйымдастыру комитетінің шешімі баяғыда ескіріп кеткенін, сондықтан бұл "партияны" сотқа тартудың қисынсыз екенін айтты.
- Солайша "Алға" партиясы құрылмаған күйі қалды... Сол себепті прокуратураның талап-арызы бойынша бұл сотта жауапкердің кім болуы тиіс екенін де білмеймін, - деді ол.
Сот тыңдауына келген ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбілев "Алға" партиясы мен оппозициялық басылымдарды жабу туралы нұсқау жоғарыдан түскен деп санайды.
- Бұл әрекетті тоталитарлық, диктаторлық режимнен күтуге болады, - деді ол.
«ВЗГЛЯД» ПЕН «НЕ ВЗГЛЯД»
Қарашаның 29-ы күні Алматыда соңғы сандары тәркіленген «Взгляд» пен «Голос Республики» газеттерінің басшылары баспасөз маслихатын өткізді.
Жабылып қалған «Взгляд» газетіне жариялануға тыйым салынғандықтан, оның журналистері «Не взгляд» атты 99 данамен жаңа тираж басып шығарған еді. Заң бойынша 100 данаға жетпейтін газетті тіркеу міндетті емес. «Алайда қарашаның 28-і күні «Не взглядтың» тиражы тәркіленді» дейді «Взгляд» газеті бас редакторының орынбасары болған Олеся Щелкова.
- Сот орындаушылары 99 дана тиражбен басып шығарылған газетті журналистер «Заңғар» маңындағы дүңгіршектерге тарата бастаған кезде тәркілеп әкетті. Бұл іске қатысты түсініктеме талап еткенімізде, ««Взгляд» пен «Не взгляд» басылымындағы мақалалар бір мазмұнда» деп жауап берді, - деді Олеся Щелкова.
«БАССЫЗДЫҚ»
Оппозициялық «Голос Республики» газетін басып шығаратын компания директорының орынбасары Гузяль Байдалинова да қарашаның 28-інде өздеріне күтпеген «қонақтар» келгендігін айтады.
- 3-4 сот орындаушы келіп, редакция кеңсесіне кірмек болды. Мен қандай негізде екендігін білмек болып едім, қолдарындағы ескерту хатты көрсетті. Алайда ол кеңсеге кіріп, тінту жүргізуге рұқсат беретін құжат емес қой? Соған қарамастан олар ескерту хатта көрсетілген «БАҚ-тардың кеңседе жоқ екендігін тексереміз» деп қарап тұр. Олар кеңседе Facebook, Twitter-дегі парақшаларды немесе «Голос Республики», «Взгляд» газеттерін іздемекші, - дейді Гузяль Байдалинова.
Ақыр аяғында ұжым өкілдері редакцияға бір ғана сот орындаушысын кіргізуге келіскен. Дегенмен ол шығып бара жатып, есікті өзгелерге ашып, екі ортада редакция ұжымы мен сот орындаушылар арасында жанжал басталған.
- Оларды кіргізбеуге тырысқанымызбен, қолымызды қайырып, күш көрсетті. Тіпті жанымыздағы заңгеріміз Сергей Уткинді подъездегі баспалдаққа итеріп жіберді. 4-5 еңгезердей жігіт баса көктеп редакцияға кіре салысымен, әр қайсысы әр бөлмеге тарап кетті. Біз олардың артынан қарап, бақылап тұрудан өзге амалымыз қалмады, - дейді Байдалинова.
Ол енді сот орындаушыларының «мұндай бассыздығына» қатысты прокуратураға шағым түсіретіндігін айтты.
«ЖЕЛТОҚСАНДА СӨЙЛЕТПЕУДІҢ АМАЛЫ»
Бүгін Алматы қаласының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары жағдайы туралы жазатын «Республиканские вести - деловое обозрение» газетінің де қызметін тоқтату туралы ескерту тапсырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне газетті шығаратын «Аман-саулық» қоғамдық қорының өкілі Оксана Гулак хабарлады.
Оның айтуынша, ескертуде газет жұмысын жалғастырған жағдайда әуелі әкімшілік шара қолданылатыны, қайталанса - қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылған.
Ескертуде «Республиканские вести - деловое обозрение» газеті бас прокуратура жабуды талап еткен бірқатар оппозициялық БАҚ-тардың қатарында аталады.
«Голос Республики» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева, қазіргі шаралар басылымдарды желтоқсан айында «сөйлетпей тастауды» көздеп отыр деген пікір айтады.
- Басты мақсат – қысқа мерзімге бізді жауып тастау. Бізге бір жыл толған Жаңаөзен оқиғаларын жариялауға кедергі жасау. Соттың шешіміне дейін газетті шығаруға тыйым салады. Порцессуалдық заңнама бойынша бір ай көлемінде олар қарауы қажет. Желтоқсанның 6-сы күні алғашқы сот басталса, шамамен 6-шы қаңтарда сот шешім шығарады. Бұл аралықта біз қағаз бетінде, әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жариялана алмаймыз, - деді Татьяна Трубачева.
Қарашаның 21-і күні Алматы қаласының прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тану, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше БАҚ қызметіне тыйым салуды сұрап талап-арыз түсірген болатын.
Жергілікті құқық қорғаушылар бұл әрекетті «тоталитарлық мемлекетке айналу» деп бағалаған. Қазақстанның Журналистер одағы прокуратураның ұсынысына қарсы шыққан еді.