Алматыда бокстан әлем чемпионаты өтіп жатқанына бір апта болды. Рингке шыққан алты қазақстандық боксшының бәрі жеңді. Төрт боксшы алғашқы жекпе-жектерін қазанның 20-сы кешке және 21-і күні өткізеді.
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтіп жатыр. Жарысқа 111 елден 457 боксшы келген. Қатысушылар арасында әлем және олимпиада чемпиондары бар.
Қазақстан боксшылары бірінші айналымнан босатылып, төрт күннен кейін, яғни қазанның 18-інен бастап қана жарысқа қосылды. Әзірге Қазақстанның алты боксшысы 1/8 финалына өтті. Финалға жету үшін бұл спортшылар әлі үш рет рингке шығулары керек.
Біржан Жақып
Біржан Жақып (48 килограмм) қауіпті қарсылас - екі дүркін Ресей чемпионы, Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері Белик Галановты ұтты. Біржан Жақыптың 1/8 финалдағы қарсыласы Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматов болмақ. Биыл ақпанда Алматыда өткен «Төрт елдің кубогында» Жақып Дусматовтан жеңіліп қалған еді.
Ілияс Сүлейменов
Лондон олимпиадасына қатысқан Ілияс Сүлейменов (52 килограмм) австралиялық Эндрю Молоуниді ұтты. Боксшы кездесуден кейін Азаттық тілшісіне:
- Қарсыласымның қорғанысы да, шабуылы да мықты болды. Бар айламды салдым. Алғашқы кездесу ауырлау болды. Қарсыластарым әр кезең сайын қиындай береді енді, - деді.
Сүлейменовтің келесі қарсыласы – Қырғызстан спортшысы, осы елден шыққан тұңғыш Азия чемпионы Азат Үсенәлиев.
Қайрат Ералиев
Қайрат Ералиев (56 килограмм) румыниялық Николае Андрианудан басым түсті.
Ол енді ширек финалға шығу үшін қырғызстандық Өмірбек Малабековті жеңуі тиіс.
Мерей Ақшалов
Мерей Ақшалов (64 килограмм) шотландиялық Джош Тэйлорды жеңді. Қазақстан боксшысы келесі айналымда Доминикан боксшысы Карлос Адамспен рингке шығады.
Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы (75 килограмм) әзербайжандық танымал боксшы Солтан Мигитиновті ұтып кетті. Үш төреші де жеңісті қазақ боксшысына берді. Жәнібек Әлімханұлы енді мексикалық Хуан Мерседомен кездеседі. Ол кездесуден кейін Азаттық тілшісіне:
- Әзербайжан боксшысы фаворит саналған. Бірақ мен психологиялық әрі физикалық тұрғыдан дайын шықтым. Жанкүйер қолдауы да көмектесті. Бапкерлерім тапсырған тактиканы орындап шықтым, - деді.
Антон Пинчук
Антон Пинчук (91 килограмм) венгриялық Имре Сцеллоны ұтты. Пинчук енді өзбекстандық Рустам Тулановпен бокстасады.
Азаттық тілшісі Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасы бапкері Мырзағали Айтжановтың пікірін білген еді.
- Алғашқы жеңістер сенімді күшейтті. Енді қарсыластар қиындай береді. Біржан Жақып басты қарсыласының бірін жарыстан шығарды. Енді өзбек Дусматовтан есесін қайтаруы керек. Көреміз, оның дайындығы жақсы. Сүлейменов пен Пинчуктің қарсыластары қиындау болды. Ал Ақшалов таза ұтты. Жәнібек Әлімханұлы өзінен тәжірибелі боксшымен шықты. Бірақ жеңісі дау тудырмайды, - деді бас жаттықтырушы.
Мырзағали Айтжанов чемпионат алдында Азаттыққа «Қазақстан боксшыларының мақсаты - екі алтын» деген еді.
Қазанның 20-ы күні Берік Әбдірахманов (60 килограмм) Даниелло ди Росамен (Пуэрто-Рико), Данияр Елеусінов (64 килограмм) Багам аралдарының боксшысы Карл Хэйлдпен, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм) финляндиялық Вилл Хукканненмен кездеседі. Ал қазанның 21-і күні Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко венгриялық Иштван Бернатпен рингке шығады.
Финал қазанның 26-сы күні болады.