Астанадан 20 шақырым жерде тұратын жұрт су мен электр жарығына зәру

Әсел Жорабекова (сол жақта) «Қоянды-2» саяжайының тұрғындарымен бірге. 19 тамыз 2011 ж.

«Қоянды-2» саяжайының тұрғындары су, электр жарығы және қоғамдық көлікті талап еткелі алты жыл болды. Олардың айтуынша, билік бәрін істеуге уәде еткен, бірақ ештеңе де жасамаған. Шенеуніктер «саяжай адамдар тұратын жер емес» дейді.

«Қоянды-2» саяжайы - Астана-Софиевка жолының бойында. Түнгі уақытта қаладан жол полициясы қосынына дейінгі жолды самаладай жарқыратып тұратын сансыз шам бұл саяжайға жетпей қалған.

ҚАРАҢҒЫ АУЫЛ

Оралман Нұрсерік Оразбайдың үйін бұл уақытта қараңғылық басады. Бұл жерде жарықты тек қажет болғанда ғана қосады, аса қымбатқа түсетін электр энергиясын үнемдеуге тырысады. Күніне 600 теңгеге (4 доллардан аса) дейін жұмсауға тура келеді – бензин генераторының жаққан жағармайы да сонша тұрады. Нұрсерік Оразбайдың сөзіне қарағанда, бір айдың ішінде бұл сома 15 мың теңгені (100 АҚШ долларынан аса) құрайды.

Үйдің жанында жел генераторы бар. «Қазақстанда электр энергиясы мәселесінің қиын екенін біліп, оны Қытайдан алып келгенмін» дейді
Нұрсерік Оразбай мен ұлы үйлеріне су тасып жатыр. "Қоянды-2" саяжайы, 19 тамыз 2011 ж.

Нұрсерік Оразбай. Бірақ ол ұзаққа бармапты – сынып қалған, отағасы бензинмен жұмыс істейтін генератор сатып алған.

Нұрсерік Оразбай Қазақстанға Қытайдан жеті жыл бұрын отбасымен бірге келген. «Басында, - дейді ол, - Талдықорғанда тұрдым, бірнеше жыл бұрын Астанадан 20 шақырым жерде үй салып біттім».

– Ауызсу деген мұнда жоқ, су алуға жолдың арғы бетіне барамыз. Суды құдықтан аламыз. Тамақты даладағы пешке пісіреміз. Қазір жертөле қазып жатырмын, өйткені онсыз болмайды: азық-түлік сақтайтын жер жоқ, электр энергиясы жоқ қой, – дейді Нұрсерік Оразбай Азаттық радиосына.

«ЖЫЛ ҚҰСЫ»

Ызан Кәрімов саяжайда 2005 жылдан бері тұрады. Ол «Қоянды-2-ге» Қарағанды облысының Нұра ауданынан көшіп келген. Зайыбы көз жұмған соң осында, бала-шағасы қызмет ететін Астанаға жақын жерден үй салған. Айтуына қарағанда, Астанадан пәтер алуға ақшасы жетпеген.

– 2005 жылы бізге жер телімін белгілеп берген кезде жарық, су, көлік болатынын айтқан, бірақ олар әлі күнге дейін жоқ. Автобус тек қана көктемнің ортасынан бастап қазанның басына дейін жүріп тұрады – бұл бізде саяжай маусымы деп аталады. Маусым біткен соң қаладан пәтер жалдайтын жер
«Қоянды-2» саяжайының тұрғыны Ызан Кәрімов. 19 тамыз 2011 ж.

іздейміз. Үйді құлыптаймыз да көшеміз. Біз бір жыл құстары сияқтымыз: көктем туса, саяжайға қайтамыз, – дейді Ызан Кәрімов.

Оның айтуынша, өзге астаналықтарға қарағанда «Қоянды-2» тұрғындарының нашар тұратыны - қынжылтатындай ұят нәрсе, «өйткені олар да Астанада тіркелген». Ызан Кәрімов «Қоянды-2-дегі» үйінің Астанадағы «Алматы» ауданы құрамында екенін айтады.

– Біз әкімшілікке өтініш жасадық, жуықта бәрі болатынын айтты. Міне, біз Совет одағын сөгеміз, ал ол кезде адамның маңызы бар еді. Мысалы, тың игерген шақта бір сәтте бәрі болды: электр энергиясы да, су да, көлік те жетті. Біз елімізді жақсы көреміз, президентімізді жақсы көреміз. Міне, бүкіл ел Қазақстанның 20 жылдығын тойлап жатыр, ал біз мұнда… Иен далада, қараңғыда отырмыз. Күндізді қойшы, ал қараңғы түсе бастағанда қалаға жылдамырақ «ұшып кетсек» дейміз, – дейді зейнеткер.

БАТАРЕЯЛЫ РАДИО

Әсел Жорабекованың екі баласы бар. Үлкені биыл бірінші сыныпқа баруға тиісті. Келіншектің айтуынша, қызын әке-шешесіне жөнелтуге тура келеді, себебі ең жақын мектеп Қоянды кентінде орналасқан, ал оған жаяу барғанға алыс, көлік те жоқ.

Әсел Жорабекованың сөзіне қарағанда, «Қоянды-2-ден» күйеуі екеуі бірнеше жыл бұрын жер телімін сатып алған. Жатақханадағы бөлмені сатып, үй салған.

– Енді мұны сатып жібере де алмаймыз: мұнда ешкімнің тұрғысы келмейді ғой – жарық, су, көлік жоқ. Егер мұның бәрі болғанда, бұл араға көп адамдар келіп, үй салып алар еді. Мұндағы жер жақсы, өнім мол шығады, – дейді Әсел Жорабекова.

Оның сөзіне қарағанда, үйдің болғанына қарамастан, пәтер жалдап тұруға тура келетіні қынжылтады, оның үстіне тіпті теледидар көре алмайды.

– Балалардың компьютерде ойнағылары келеді, бірақ неге қосады оны? Батареялы радионы ғана тыңдаймыз, – дейді келіншек.

«Елді мекеннің тұрғындары әсіресе көлік болмай қиналады, жолшыбай машиналар тоқтап жатса, кісі басынан 200 теңге алады» дейді Әсел Жорабекова. Софиевка кентіне бара жатқан маршрутты таксимен жол жүру арзанға түседі – 150 теңге, бірақ олар «Қоянды-2» тұрғындарын алмай кетеді.

– Жол үстінде тіпті баламен тұрсаң да тоқтамайды. Әкімшілік өкілдері бізге
«Қоянды-2» саяжайындағы тұрғын үйлер. 19 тамыз 2011 ж.

келіп, әңгімелескенде ғой… Софиевка кенті көршілес жатыр, 8-12 шақырым жерде. Ол – халық тығыз орналасқан мекен, ол жерге автобус жүргізіп, бізді де ала кетуге болады ғой. Онда баратын төрт «маршрутка» бізді алмай кетеді, себебі олар толып қалады, ал жолда полиция қосыны бар, – дейді Әсел Жорабекова.

Оның айтуынша, «Қоянды-2-нің» тұрғындары Астананың аудандық әкімшілігіне және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына өтінішпен барған. Бірақ олар шағымданушылардың үйлері Ақмола облысына қарайтынын мәлімдеп, Астанадан 320 шақырым жерде жатқан Көкшетауға – облыс орталығына баруға кеңес берген.

– Біз Астананың Алматы ауданы емеспіз бе, құжаттарымызда солай жазылған, – дейді Әсел Жорабекова. – Бірақ бұл мекен-жайды бізден басқа ешкім таба алмайды: өрт сөндірушілер де, жедел жәрдем де таппайды. Оларға телефон соқсаң, келмейді де, себебі қайда бару керекгін білмейді. Біз өркениеттен толықтай қол үзген адамдармыз.

«АДАМ ТҰРАТЫН ЖЕР ЕМЕС»

Целиноград ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы Елена Лебедева жобалық құжаттарда «Қоянды-2» саяжайы жоқ екенін айтады.

– Ол қалаға қарайтын шығар, өйткені ол бізде еш жерде жоқ, – дейді Елена Лебедева.

Бас маманның сөзіне қарағанда, 2012–2013 жылдары Ақмола облысының 20 елдімекенінде қажетті жабдықтау желілерін салу жоспарланған. Бұл жоспардың «Қоянды-2» саяжай сілеміне жақын орналасқан Қоянды кентіне
Ол жерде бау-бақша еккен дұрыс. Олар үйлерін сол жерге заңсыз салып алған.

де қатысы болмақ. Елена Лебедеваның сөзіне сенсек, ол арада жаңа мектеп пен электр қуатын тасымалдайтын желі салынады. Бірақ «Қоянды-2» саяжайы бұл электр энергиясымен жабдықтау жобасына кірмейді.

Астананың Алматы ауданы әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты. Ішкі саясат бөлімінің маманы Азаттық радиосының тілшісіне орлмандар тұратын ауданның өмір сүруге жарамайтынын түсіндірмек болды. Әкімшілік өкілінің сөзіне қарағанда, «саяжай - адам тұратын жер емес».

– Ол жерде бау-бақша еккен дұрыс. Олар үйлерін сол жерге заңсыз салып алған. «Қоянды-2» бізде еш жерде жоқ, түсініктеме бермейміз, – дейді Астананың аудан әкімшілігінің қызметкері.