Интернеттегі Google Translate көмегімен 64 тілде жекелеген сөз, тұтас сөйлем, мәтіндер мен веб-парақшаларды аударуға болады. Енді олардың қатарына қазақ тілі қосылмақ.
ЖОБА КӨПТІҢ КӨМЕГІНЕ СҮЙЕНЕДІ
Мөлдір Тұрсынбекова Еуразия ұлттық университетінде аудармашы мамандығын оқып жатқан үшінші курс студенті. Оның пікірінше, «егер интернетте өзге тілден қазақ тіліне аударатын сайттар болса, ақпараттарды алу мен тіл үйрену біршама жеңілдейді».
- Ағылшын тілінен қазақшаға аудару қиын. Кейбір терминдер қазақ тілінде кездеспейді. Кітапханадан іздеу көп уақыт алады. Интернетте қазақшаға аударатын бағдарлама шықса, жеңіл болар еді – дейді Мөлдір Тұрсынбекова.
Желтоқсанның 7-сі күні Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде WikiBilim қоғамдық қоры Google Translate + Kazakh деп аталатын жаңа жобасын таныстырды.
Интернеттегі Google Translate ("Гугл транслейт") көмегімен 64 тілде жекелеген сөз, тұтас сөйлем, мәтіндер мен веб-парақшаларды аударуға болады. Енді олардың қатарына қазақ тілі қосылмақ. Google Translate қызметі тегін.
WikiBilim қоғамдық қорының үйлестірушісі Нұрбек Матжани:
- Жобаны 2011 жылдың сәуір айында бастадық, ендігі кезекте қазақ тілін Google Translate-ке қосу үшін қарапайым интернет-қолданушылардың көмегі қажет, онсыз жоба жүзеге аспайды, - дейді.
Ол үшін қарапайым интернет пайдаланушылар өздері білетін тілдерден, мысалы, ағылшын тілінен қазақшаға немесе орыс тілінен қазақшаға қатесіз аударылған мәтіндерді көп жүктеулері керек. Қарапайым азаматтар енгізген мұндай мәтіндер қаншалықты көп болса, Google Translate + Kazakh жобасы да соғұрлым жылдам дамиды.
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚИЫНДЫҒЫ
Қазақстанда интернеттің дамуына үлес қосып жүрген мекемелердің тағы бірі - «Қазконтент» акционерлік қоғамы. Осы мекеменің өкілі Мұхаммедрахым Оразовтың сөзіне қарағанда, «Қазақстандағы интернет пайдаланушылар Алматы, Астана мен Павлодар қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында көп». Статистикалық мәліметтерді қарап отыратынын айтқан ол интернетті қолдану жағынан артта қалып келе жатқан аймақтарды да атап өтті.
- Интернетті пайдалатын адамдардың саны жағынан артта қалған деп Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарын айтуға болады. Бұған көп факторлар әсер етеді. Ең басты фактор - интернетке қосылу мүмкіндігі. Мысалы, Жаңаөзен - моноқаланың бірі. Қазір онда «Қазақтелеком» қызмет көрсетпейді. Жұрт тек 3G жүйесін қолданады. Ең басты себеп - сол, интернетке қосылу мүмкіндігінің қиындығы, - деді Мұхаммедрахым Оразов.
Қазір ұйымдастырушылар Қазақстанның бірқатар қалаларына барып, Google Translate + Kazakh жобасын таныстырып жүр. Мақсат – жобаны қолдайтын еріктілер санын көбейту. Өйткені, бұл жобаға мәтін жүктеген адамға ақы төленбейді. Ұйымдастырушылар «егер ынталылар көп болса, жоба келер жылдың соңына қарай Интернетті қолданушылардың игілігіне жарап қалар» дейді.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ
Google команиясының әлемдегі тілдерге қатысты Google Translate-тен басқа да жобалары бар.
2012 жылы маусымның 21-і күні Google лингвист ғалымдармен бірігіп жоғалып бара жатқан тілдерді сақтап қалуға арналған интернет-портал құратынын мәлімдеді. Ол порталға кірушілер жоғалу қаупі бар тілдер мен диалектілердің бағдарламаларын ерікті түрде толықтырып отыра алады.
Қазір порталды 18-ғасырдағы қолжазбалармен және қазіргі заманғы оқыту құралдарымен, ғылыми-танымдық мақалалармен толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар "қазір әлемдегі жеті мыңға тарта тілдің жартысы 21 ғасыр аяғында құрып кетеді" деп болжайды.
Ал интернеттегі қазақ тілінің қолданысын дамытуды көздеген жобалар соңғы жылдары көбейіп келеді. Азаттық осыған дейін қазақтілді Википедияның өсуі мен арнайы мобильдік қосымша бағдарламалардың пайда болып жатқаны туралы да жазған еді.