«Қазақстандағы қыз алып қашу туралы» туралы видеоны Facebook қолданушылары қызу талқылады. Ал заңгер ондай әдет «әдепкі құбылыс» емес, қылмыс екенін айтады.
Видео авторы Кайрат Кожабековтің жазуынша, оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында өткен. Бірақ оқиғаның қай кезде болғаны, видеодағы адамдардың аты-жөндері Азаттыққа белгісіз.
Телефонмен түсірілген видеода келін ретінде зорлықпен әкелінген қыз бен оны алып қалуға тырысқан жігіттің туыстары арасындағы арпалыс бейнеленген.
Жылап-еңіреген жас қыз «бұл үйде қалмаймын» деп қайта-қайта есікке ұмтылады. Бірақ жігіт жағы – ұзын саны алты-жеті адам жабылып, қызды жібермеуге тырысады.
Видеода қызға жекіген, тілдеген дауыстар, оны ұрып-соққан сәттер де анық көрінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы зорлықпен келін түсіру оқиғасы жайлы видео:
«АДАМ ТАҒДЫРЫМЕН ОЙНАУ»
Бұл видео Facebook әлеуметтік желісінде жарияланысымен қолданушылар арасында бірден танымал болып, қызу талқыға түсті. Жарты күннің ішінде бұл видео 62 рет қайта жарияланып, ондаған пікірге өзек болды.
Оқырмандардың көбі қызға зорлық көрсеткен жігіт жағын кінәлап, қызға аяушылық білдіреді. «Масқара! Бұл адам құқығын таптау ғой» дейді Бахытжан Дуйсенова есімді қолданушы.
Ал Тулеген Жетписбаев есімді қолданушы «адамды өз еркінен тыс бас
бостандығынан айыру, оның үстіне ұйымдасқан топ болып жасау үлкен қылмыс» десе, кейбір қолданушылар видеодағы жас қызға күш көрсетіп жүрген адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін де қозғайды.
Блогшы Аңса Мұстафа да «Біреудің тағдырымен осылай ойнауға бола ма?» деп, жігіт жағын айыптайды.
«Алып-қашылған екі-үш дос қызым бар еді, бір де біреуі оңбады. Мысалы, біреуін 19 жасында үйіне кетіп бара жатқан жерінен мәшінеге үш жігіт салып алып, алып кеткен үйіне. Күштеп кіргізген. Тура осы видеодағыдай болған, көнбеген, бақырған-шақырған. Шешесі нанды жерге тастап, орамалын жерге тастап, өзі де жатып алған, «осы үш киелі заттан аттасаң бақытсыз боласың, қарғыс атады» деген. Жақында айрылысты, алқаш екен анауы» дейді блогшы.
Видео авторы Кайрат Кожабеков оларға қарсы уәж айтып, өз өңірінде «мұндай оқиғалар әдепкі құбылыс» екенін, видеодағы зорлыққа тап болған қыз сол үйде қалып қойғанын, қазір бір ұлы бар екенін айтады.
АДАМ ҰРЛАУДЫҢ ЖАЗАСЫ
Заңгер Нұра Тынысқызының айтуынша, Қазақстанда қыз алып қашқандар және оған қатысқандар қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» бабы бойынша жауапқа тартылады.
– Егер қыздың некеге тұруға ешқандай келісімі болмаған жағдайда күштеп әкету
қылмыстық кодекс бойынша қылмыс болып есептеледі. Ондай азаматтарды 125-бабы («адам ұрлау») бойынша жауапкершілікке тарту (төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру) көзделген. «Неке және отбасы» заңына сәйкес, неке – ерікті түрде құрылған одақ. Бір жақтың келісімі болмаса, неке заңсыз болып саналады, – дейді заңгер.
«Қыз алып қашу» салтын қазіргі Қазақстан қоғамының басым бөлігі «жабайылық» деп есептегенмен, кей өңірлерде ондай әдет әлі де кездеседі.
Қыз алып қашу Қазақстанға көрші мемлекет Қырғызстанда да бар. Құқық қорғау орындарының дерегінше, Қырғызстанда жылына 12 мыңға жуық жас қызды алып қашып, күшпен некелеседі. Жыл басында қырғыз билігі қалыңдықты мәжбүрлеп алып қашатындарға қолданатын жазаны қатаңдатып, жаза мерзімін бестен жеті жылға дейін ұзартты.
БҰҰ зерттеулеріне қарағанда, ауылдық жерде тіркелген некелердің 80 пайызы қалыңдық ұрлау арқылы қиылған.
Телефонмен түсірілген видеода келін ретінде зорлықпен әкелінген қыз бен оны алып қалуға тырысқан жігіттің туыстары арасындағы арпалыс бейнеленген.
Жылап-еңіреген жас қыз «бұл үйде қалмаймын» деп қайта-қайта есікке ұмтылады. Бірақ жігіт жағы – ұзын саны алты-жеті адам жабылып, қызды жібермеуге тырысады.
Видеода қызға жекіген, тілдеген дауыстар, оны ұрып-соққан сәттер де анық көрінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы зорлықпен келін түсіру оқиғасы жайлы видео:
Your browser doesn’t support HTML5