Accessibility links

Жыл сайын 3 мың жасөспірім қыз ұзатылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда өз еркінен тыс немесе консервативтік дәстүр ықпалымен тұрмыс құруға мәжбүр болатын кәмелетке толмаған қыздардың саны әлі мыңдап саналады.

Еңлік С. есімді 40 жастағы Алматы тұрғыны - (аты-жөнін толық атамауды өтінді - ред.) мектепті өз жасынан ерте бітіріп, жоғары оқуға түскен кезде еркінен тыс тұрмыс құруға мәжбүр болған әйелдердің бірі.

- Сол кезде жасым 18-ге толмаса да, курстасымның танысы ауылдық жерге алып қашты. Ақыры бірге тұра алмай, бір жылдан соң ажырастық. Кейін үлкендердің сөзін аяқ асты етпейін деп сотқа бермедім, - дейді ол Азаттық тілшісіне.

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУДЫ АЗАЙТУ

Балалар құқығын қорғау комитеті өкілінің мәліметі бойынша Қазақстанда Еңлік сияқты еркінен тыс немесе этникалық дәстүр ұстанушылардың ықпалымен мыңдаған кәмелетке толмаған жас қыз тұрмыс құруға мәжбүр болады.

Астанада өткен «Мыңжылдық даму мақсаттарының шеңберінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі жасөспірім қыз балаға қатысты зорлық-зомбылық пен ерте және күштеп қиылатын неке құбылысының алдын алу» атты халықаралық конференцияда аймақтағы ерте тұрмыс құру мәселелері мен адам құқықтары талқыланды.

Конференцияға қатысушы Қырғызстан парламентінің депутаты Айнуру Алтыбаева Азаттық тілшісіне Қырғызстанда жылына 15 мың қызды күштеп тұрмыс құру үшін алып қашатынын айтты.

Айнуру Алтыбаева қыз алып қашуды «Сырға салу» мен «Қыз ұзату» жоралғылары сияқты салт деп санамайды. Сондықтан депутат әріптестерімен бірге бұл әдетті шектеу үшін жаңа заң қабылдау қажеттігін түсінген. Өйткені бұған дейін қолданыста болған заң жобасы көңілінен шықпаған.

– Бұған дейін Қырғыз республикасының қылмыстық кодексінде адам ұрлығы үшін 10 жылға, мал ұрлығы үшін 11 жылға, кәмелет жасына толмаған қыз баланы
Қырғызстан парламентінің депутаты Айнуру Алтыбаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
Қырғызстан парламентінің депутаты Айнуру Алтыбаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
үйлену мақсатында ұрлағаны үшін 3 жылға соттау немесе 10 мың сом (200 доллар көлемінде) айыппұл салу деген үш бап бар екен. Бір қызығы осы істі зерттеп жүргенімде, көптен бері бұл баптар бойынша ешкімге қарсы іс қозғалмағанын байқадым, – дейді қырғыз депутат Азаттыққа.

Қазір Айнуру Алтыбаева сияқты белсенділердің бастамасымен Қырғызстанда қыз алып қашуға қатысты жаңа заң қабылданған. Енді кәмелетке толмаған қыз балаға үйленгендер – 10 жылға, ал қыз алып қашқандар 7 жылға бас бостандықтарынан айырылады.

АУЫЛ МЕН САЛТ ФАКТОРЫ

Қырғызстандағыдай жаппай сипат алмаса да, ерте тұрмыс құру және қыз алып қашу мәселесі Қазақстанда да бар. Қазақстандық құқық қорғаушы Зәуреш Батталова бұл мәселеге әлеуметтік ахуал себеп болады деген ойда. Оның
Зәуреш Батталова, құқық қорғаушы. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
Зәуреш Батталова, құқық қорғаушы. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
сөзінше, жастардың алатын жалақысы мен тұратын баспанасының жоқтығы ерте тұрмыс құру мен ажырасуға ықпал етеді.

– Қалалықтарға қарағанда ауыл жастары бұл мәселеге жиірек кезігеді. Өйткені ауыл жастарының дені жоғары немесе арнаулы білім алмайды және жұмыс таппайды. Сосын үйленеді, – дейді Зәуреш Батталова Азаттық тілшісіне.

Құқық қорғаушы мұндай жағдайдың алдын алу үшін ауылдағы әлеуметтік орта мәселелерін зерттеп, заңды күшейту керек деп санайды.

Қазақстандағы ерте тұрмыс құру мәселесі тек ауыл жастарының басындағы ахуал емес сияқты. Конференцияға қатысқан білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілі Бақыт Әлібаева бұл құбылыстың этникалық сипатын да айтып өтті. Бақыт Әлібаеваның сөзінше,
Білім және ғылым министрлігі өкілі Бақыт Әлібаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
Білім және ғылым министрлігі өкілі Бақыт Әлібаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
мұндай мәселе бір аймаққа шоғырлана орналасқан өзбек, түрік, әзербайжан, ұйғыр және дүнген этникалық топтарының арасында көбірек байқалады.

Комитет басшысы келтірген статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы 18-ге толмаған жасөспірім қыздардың саны 2 миллионға жуықтайды. Бақыт Әлібаеваның сөзінше, Қазақстанда жыл сайын кәмелетке толмаған 3 мың жас қыз тұрмысқа шығады. «Неке мен отбасы туралы заңға» сәйкес Қазақстанда тек 18-ге толған азаматтар ғана үйленіп я тұрмыс құра алады.

БҰҰ-ның аясында «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен Астанада ұйымдастырылған «Мыңжылдық даму мақсаттарының шеңберінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі жасөспірім қыз балаға қатысты зорлық-зомбылық пен ерте және күштеп қиылатын неке құбылысының алдын алу» атты екі күндік халықаралық конференция қыркүйектің 20-сында аяқталды.
XS
SM
MD
LG