Семейлік университет оқытушысы, 40 жастағы Бақыт Қайымова (есімі өзгертілген). – отбасын құрмаған адам. Қазір ол бір бөлмелі пәтерде жалғыз өзі тұрады.
– Жас кезімде оқу мен карьера қуамын деп отбасын құра алмадым. «Отбасын құру қайда қашады» деп ойладым да, ғылыммен айналыстым. Көп жігіттер сөз айтты. Бірақ келісім бермедім. Кейін отыз бестен асқан соң бәрі кеш болып кеткенін түсіндім. Қазір жалғыз өзім тұрып жатырмын. Тіпті жалғыздыққа да үйреніп кеттім. Туысқандарым, анам ауылда тұрады. Отбасын құрып, бала сүймегеніме өкінемін. Енді бала асырап алу жағын қарастырып жүрмін. Ал өзіммен шамалас ер азамат табылып жатса, отбасын құрармын деген ойым әлі бар, – дейді сұхбаттасымыз.
Ал 38 жастағы Әсет Қабылтаев үйленуге асықпайды. Бойдақ жігіт «жағдайымды жасап болған жоқпын» дейді.
– Шетелде бес жыл оқып келдім. Қазір жақсы жұмысым бар. Қалауымдағы көлікті алдым. Енді қаланың шетінен үш бөлмелі үй алғым келеді. Соған ақша жинап жүрмін. Оған керек ақшаны әлі екі-үш жыл жинауым керек. Ер адамға кез келген уақытта үйленсе болады ғой. Сондықтан еш асығыс жоқ. Ал жалпы бойдақтық өмірге үйреніп кеттім. Табысым өзіме жеткілікті. Ата-анама, бауырларыма да көмектесіп тұрамын. Жалпы ата-анам менің үйленгенімді қалайды. Оларда ескі түсінік ғой. Анама «жағдайымды жасап алайын» деп қоямын. Ер-жігітпін ғой, отбасын құрып оларды асыраудан да қорықпаймын. Бірақ кемінде екі-үш жылдан кейін үйленемін. Біраз алға қойған жоспарларым бар, – дейді алматылық жалғызбасты жігіт.
«АДАМДАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ БОЛУДАН ҚОРЫҚПАЙДЫ»
Әлеуметтанушы Серік Бейсенбаевтың айтуынша, «қазір адамдар жалғызбасты болудан қорықпайды».
– Халық «жалғызбасты болсаң, мәселең көп болмайды» деп ойлайды. Себебі «өмір сүру қиын, өзімді асырап алсам жетеді» деген ой халықтың біразында бар. Кей әйелдер карьера қуып, отбасын құруды ұмытып кетеді, – дейді ол.
Серік Бейсенбаев «жалғызбасты адамдар өмірден ерте өтеді» деген пікірмен келіспейді.
– Қайта оларда отбасылық мәселе аз болуы мүмкін. Отбасында адам көп болған сайын кедейшілік те біршама болады. Ал жалғызбасты адамда бәрі жеткілікті болатыны анық, – дейді әлеуметтанушы.
Ал психолог Анна Құдиярованың ойынша, Қазақстанда жалғызбасты қыз-жігіттердің көбейген себебі – «қазір әр адамның ішкі бағасы өсіп жатыр».
– Бұрын әйел адам «тұрмыс құрмасам – ата-анама сын» деп, отызға келсе де сүймеген адамына үйлене беретін. Бұрын үйленбей қалғандарға «кәрі қыз», «отырып қалған қыз», «сүрбойдақ» деп бетіне басатын. Ал қазір халықтың санасы өскен. Олар таңдау жасайды. Қыздар болашақта өзін асырайтын адамдарды іздей бастады. Іздеген жігітін таппаса, үйленбей жүре береді. Әйелдер мен еркектер жалғызбасты болудан қорықпайтын болды. Қазіргі заманның басты өзгерісі – осы, – дейді психолог.
30 ЖАСТАН АСҚАН БОЙДАҚТАР – 798 000
Қазақстан статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2009 жылғы санақ (жалпы халық саны – 16 миллион 95 мың адам) кезінде Қазақстанда 30 жастан асқан 798 мың адам отбасын құрмағаны анықталған.
Ал 1999 жылғы санақ (жалпы халық саны – 14 миллион 981 мың) кезінде үйленбеген 368 мың адам тіркелген еді.
2009 жылғы санаққа қарағанда, Қазақстанда 50-ден асқан ер адамдардың 70 мыңы, осы жастағы әйелдердің 110 мыңы отбасын құрмаған.
Ал 1999 жылғы санақта елдегі 50 жастан асқан ерлердің 19 мыңы, сол жастағы әйелдердің 34 мыңы ешқашан үйленбегендерін айтқан.
– Мүлдем отбасын құрмаған, ажырасқан немесе жесір қалған адамдардың бәрін жалғызбасты деуге келмес. Кейбірінің күйеуі жоқ болса да, балалары, туысқандары болуы мүмкін. Бірақ бәрібір 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 2009 жылғы санақ кезінде Қазақстанда ешқашан отбасын құрмаған адамдар саны біраз өскені анықталды, – дейді статистика агенттігінің қызметкері Айман Айбекова Азаттық тілшісіне.
Қазақстан халқының неке жағдайы
«ЖАЛҒЫЗДЫҚ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ ДУШАР ЕТЕДІ»
Ғалымдардың айтуынша, қазір дүние жүзі бойынша жалғыз өмір сүруді қалайтын адамдар көбейіп барады.
Әлеуметтанушы Эрик Клиненбергтің 2012 жылы жариялаған «Going Solo: The Extraordinary Rise and Surprising Appeal of Living Alone» кітабындағы дерекке қарағанда, әлемде ХХ ғасырға дейін жалғызбасты адамдар аз болған. Ал қазір, мысалы, АҚШ халқының 28 пайызы (32 миллион 700 мың адам) – жалғызбасты. Бұл көрсеткіш 1970 жылы 17 пайыз болған.
Клиненбергтің айтуынша, жалғыздық адамның денсаулығы мен психологиясына қатты әсер етеді.
Ал Лондон университеті колледжінің зерттеу тобы «Proceedings of the National Academy of Sciences» журналына жалғызбасты адамдар туралы материал жариялады. Ағылшын ғалымдары «зерттеу кезінде қоғамнан оқшауланып қалған не жалғызбасты адамдар ұзақ өмір сүрмейтінін анықтағандарын» айтады.
Эндрю Стептоу бастаған зерттеушілер 2004-2012 жыл аралығында жалғыз өмір сүретін, 52 жастан асқан 65 мың адамды бақылаған. Олар зерттеуге қатысқан адамдарды «әлеуметтік изоляцияға (оқшаулауға) түскен жандар» және «жалғызбастылар» деп екіге бөлген. Биыл наурызға дейін зерттеуге қатысқандардың 14,1 пайызы (яғни қоғамнан оқшауланып қалған адамдардың 21,9 пайызы, жалғызбастылардың 12,3 пайызы) қайтыс болған.
Ғалымдар қоғамнан оқшауланып қалған адамдардың арасында көз жұмғандар көп болу себебін олардың жасы егделігінен, зерттеуге қатысқан кезде-ақ денсаулықтары нашар болғанынан іздейді. Оған қоса жақындарын сирек көретін егде адам ауырған кезде ешкімнен жәрдем ала алмайды, оларды дәрігерге мұқият тексертіп тұратын туыстары да жоқ.
Зерттеушілер «жалғыз өмір сүру темекі тартуға, құнарсыз ас ішуге, қимыл-қозғалыстың салғырттығы сияқты зиянды әдеттерге душар етеді» дейді.
Бұдан бұрынғы бір зерттеу «жүрек-қан тамырлары ауруларына жолыққан адам жалғыз өмір сүрсе, көз жұму ықтималдығы артық болатынын» айтқан. Ал 2001 жылы фин ғалымдары жалғызбасты адамдар арасында спиртті ішімдіктен өлу жағдайы жиі болатынын дәлелдеген.