Қазақстан азаматтарды тіркеу тәртібін қайта енгізді

Көші-қон полициясындағы кезек. Теміртау, 25 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелерін күшейтті, бірақ бұл туралы бірден хабардар етілмеді. Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар «жаңа ережелер емін-еркін жүріп-тұру құқын шектейтінін» айтады.

2011 жылы тамызда Қазақстанның әкімшілік кодексіне бірқатар түзетулер енгізіліп, тіркелген жерінен өзге жақта тұратын азаматтарға айып қарастырылған. Мұндай жазалау шарасы әкімшілік кодексінің 377-бабының жаңа нұсқасында бар. Әкімшілік жазаға таныстары не туыстарының үйінде тіркелген адамдар ғана емес, оларға үйлерінде тіркелуге рұқсат бергендер де тартылады.

Қазақстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) баспасөз-қызметі хабарлағандай, 2010 жылы осылай заң бұзғаны үшін 142 мың, ал 2011 жылы 137 мың азамат жазаға тартылды.

Бірақ ІІМ жаңа ережені ресми түрде биыл қаңтардың 25-інде ғана (яғни әкімшілік кодексіне осы түзетулерді енгізілгеннен жарты жыл өткен соң) жария етті.

«ТІРКЕУ – ХАБАРДАР ЕТУДЕН ӘРІ АСПАЙДЫ»

Азаматтарды тіркеудің қазіргі қазақстандық жүйесінің советтік тіркеу институтынан не айырмасы бар? Әкімшілік кодексіне 2011 жылы тамызда нақты қандай өзгерістер енгізген? Мұндай түзету жасаудың не қажеті бар еді?

Қазақстан ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Серік Сайыновтың айтуынша, совет заманында «тіркеу институтының бар сипаты рұқсат беруден

Кезекте тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)

тұратын, санитарлық нормаларға сай тіркеу жасайтын, яғни адам басына тұрғын үйдің белгілі бір мөлшердегі шаршы метрі қажет болатын». Тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты қажет болатын.

– Қазақстанда тіркеу хабардар етуден ары аспайды, – дейді Серік Сайынов. – Азаматтарды тіркеуге шек қойылмайды. Мұның тек қана Алматы қаласына қатысы жоқ, бұл жерде мәслихаттың шешімі бойынша тіркеу үшін санитарлық нормалардың лайықты болуы шарт. Бірақ бұл норма әкімшіліктің тұрғын үй қорынан бөлінген баспанаға қатысты тіркеу кезінде қолданылады.

Әкімшілік кодексіне сай Қазақстанның барша азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуге тиісті. Бірақ өз баспанасы жоқ, сондықтан саяжайда, баспанаға лайықтап алған гаражда не вагонда тұрып жатқан азаматтар не істейді?

Серік Сайыновтың айтуынша, үкімет қаулысы бойынша құжат толтыру, тіркеу ережелері бекітілген. Ол ережелерге сәйкес тұрғын үйлер және пәтерлермен қатар саяжай құрылыстарында, бағбан шаруашылықтарында, жатақханаларда, демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде және тіпті қызметтік ғимараттарда тіркеуге болады.
Біз келісім болған жағдайда тіркелуге болатындай орындардың тізімін көбейттік.

– Біз келісім болған жағдайда тіркелуге болатындай орындардың тізімін көбейттік. Айталық, сіз журналист болсаңыз, тіркелер жеріңіз болмаса, редакциямен келісе аласыз – олар сізді редакцияның мекен-жайы бойынша тіркей алады, – дейді Серік Сайынов.

Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Серік Сайыновтың айтуынша, барша азаматтарды міндетті түрде тіркеудің қажеттілігі – жеке тұлғаның тіркелген мекенжайы жеке тұлғаның заңды мекенжайы болғандықтан жеке тұлға мен мемлекет арасында өзара қарым-қатынас жүзеге асады.

«ЖҮРІП ТҰРУ ЕРКІНДІГІНЕ ШЕКТЕЙДІ»

Қазақстандағы «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқықтық орталығының жетекшісі, құқық қорғаушы Баретта Ерғалиеваның ойынша, «тіркеудің

Құқық қорғаушы Баретта Ерғалиева. Алматы, 11 қыркүйек 2009 жыл.

жаңа ережелері ең алдымен жұмыссыз адамдардың жүріп-тұру еркіндігіне шек қойып отырады».

– Егер мен жұмыс іздеп, бұрынғы орнымнан кетсем, маған күтпеген жерден айыппұл салса – осыны мен еш түсіне алмаймын. Біздің халықтың жартысына жуығы жұмыссыздық жағдайында жүр. Билік өз азаматтарын жазалаудың шараларын күшейтеді екен, алдымен жұмыссыздық мәселесін шешсін. Азаматтарымыз басқа ауылға не қалаға кетпесін десе, барлық жерлерде жұмыс орындарын ұйымдастырсын, – дейді Баретта Ерғалиева.

Оншақты жылдан бері Швейцарияда тұратын журналист әрі оппозициялық саясаткер Лира Байсейітованың айтуынша, Еуропада жүріп-тұруға, жұмыс істеуге не мекендеуге шектеу жоқ.

– Швейцарияда тұрсам да, Франция не Германиядан лайықты жұмыс тапсам,

Оппозициялық саясаткер Лира Байсейітова.

ешбір шектеусіз сол жаққа барып жұмыс істей аламын. Тек пәтерден айырылып қалмас үшін тиісті орындарға барып, жұмысқа кетіп бара жатқанымды, алты айға дейін болмайтынымды ескертуім керек. Бірақ пәтерақысын төлеп тұрамын. Сондықтан қаңтар айында почта арқылы салық декларациясы құжаттарын аламын: онда қайда қызмет істеп, қандай табыс тапқанымды егжей-тегжейлі хабарлауға тиіспін. Осы табысымнан салық төлеуім керек. Еш қиындығы жоқ.

Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Тимур Назхановтың ойынша, «Қазақстан билігі тіркеу институты арқылы тұрғылықты халықтың жүріп-тұруын бақылып отыруға ұмтылады».

– Совет заманында ауыл тұрғындары колхоз не ауылдық кеңес төрағасының

Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Тимур Назханов. Алматы, 3 шілде 2009 жыл.

рұқсаты болмаса, қалаға шыға алмайтын. Қазақстан осы ережелерді жаңартып жатыр, – дейді Тимур Назханов.

Азаматтарды тіркеу мәселесі Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде сөз болды.

Сұқбатқа Қазақстандағы «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқықтық орталығының басшысы Баретта Ерғалиева, Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Тимур Назханов, Еуропа және Швейцария ақпарат құралдарының Қазақстан жөніндегі кеңесшісі Лира Байсейітова (Женева, Швейцария) қатысты.

Орыс тілінде өткен дөңгелек үстелдің радио нұсқасын тыңдаңыз:

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан тіркеу тәртібін қайта енгізді