Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) жатақханасында студенттерге орын жетпейді. Жаңа оқу жылынан бастап жоғарғы курс студенттеріне бөлме берілмейді.
Жоғарғы курс студенттерінің көбі маусымның соңына дейін бөлмелерін босатуы тиіс болған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) студенті Тоты Қасенова (аты-жөні өзгертілді) да 5-жатақханадан шығарылды.
«ТАР БОЛСА ДА АРЗАН»
Төртінші курсқа көшкен кезде жатақханадағы орнынан айрылған Тоты Қасенова басшылықтың әрекетіне наразы. ЕҰУ-де орын жетпегендіктен, жоғарғы курс студенттерін бөлмеден шығару бірінші рет болып отыр.
– Әдетте бірінші курс студенттеріне орын жетпейтін. Енді тамызда пәтер іздейтін боламыз. Тұрғын үй құны шарықтап кете ме деп қорқамыз, – дейді студент.
Шығыс Қазақстан облысынан келген студент оқуға түскеннен бері жатақханада тұрып келеді. Бірінші курста орын жетпей қалғандықтан басшылыққа өтініш
білдіріп, орын сұраған - пәтер жалдауға қаржысы жетпеген. Астанада бір бөлмелі пәтер жалдау орта есеппен 400-500 доллар болады. Енді университет басшылығы оны жатақханадан шығарғалы жатыр.
ЕҰУ сайтындағы дерекке сүйенсек, өткен жылы жатақхананың бір жылдық құны 35 мың теңге (230 доллар) болған, сондай-ақ интернетке 11 мың теңге (75 доллар шамасында) төлеген. Бірақ студенттер тұратын бөлмелер лық толы. Бөлменің тарлығына қарамастан студент жатақханада қалғысы келеді, себебі Астанада пәтер жалдап тұру қымбат.
Студенттің айтуынша, ЕҰУ жатақханасының екі-үш адамға арналған бөлмелерінде қазір 6-12 студент тұрып жатыр. Бір секцияға біріккен, төрт және сегіз адамға арналған бөлмелер бар. Секцияда – жуынатын және тамақ пісіретін бөлме бар. Сол үшін студенттер арасында асты кім бірінші дайындайды немесе кім бірінші жуынады деген дау туындап қалады. Сабағын дайындау үшін олар алдын ала үстел иемденуі керек. Орын жетпегендер оқу залына барады.
– Тамақты да кезекпен дайындаймыз. Кейде кешкі 10-11-де ас ішеміз. Сабағымыз түстен кейін басталғандықтан, бәріміз бөлмеге бір уақытта оралғанда шу көбейеді. Біреуге құрбысы не курстасы келуі мүмкін. Бір бөлмедегі көп адамнан мезі болдым. Тыныштыққа зар боласың. Сабақтан соң, әсіресе сессия кезінде тыныға алмайсың, – дейді Тоты Қасенова.
Бірақ белгілі ережеге бағынбасаң, түнгі 11-де жабылатын жатақханаға кеш келсең, ұйықтау уақытынан соң дәлізде жүрсең, төбелеске қатысып, бөлмені жинамасаң – сол бөлмеден де айрыласың. Студенттер үйіне ұзақ қонбағандар да бөлмесінен айрылады.
– Жатақхана тәртібі қатал, айына он рет қонбасаң шығарып жібереді, – дейді
ЕҰУ-дің архитектура-құрылыс факультетінің бірінші курсын бітірген Темірлан Адресов.
Ол Астанадан білім алу үшін Ресейдің Түмен өңірінен келген, ата-анасы сонда тұрады. Нағыз студенттік өмірді көру үшін жатақханада тұрып көрмек болған оған мұндағы тұрмыстық қиындықтар ұнамаған. Бұдан ары туыстарымен тұрмақ. Жігіттің айтуынша, бір бөлмеде бес студент тұрған. Екі қабатты үш төсекте ұйықтайды.
– Адамның көптігі, бөлменің тарлығы батады, қалғаны жаман емес. Таңертең кезекпен тұрамыз: алдымен бірінші тұрған тез жуынып шығады, сосын басқалары, – дейді ол.
«ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚАРАЙМЫЗ»
ЕҰУ студенттер үйінің директоры Рамазан Салықжанов Азаттыққа берген сұхбатында университет жатақханасы 2 мың адамға арналғанын, ал ЕҰУ-де 11 мыңнан астам бакалавр студенттерден бөлек, магистранттар мен докторанттар да
бар екенін айтты. 9 мың адамға орын жетпейді, сондықтан студенттер бөлмеде сығылысып тұрады. Рамазан Салықжановтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін соңғы курс студенттерін жатақханадан шығару туралы шешім қабылданған.
– Олар оқу жылының жартысын іс-тәжірибеде өткізеді. Бірінші, екінші курспен салыстырғанда қалалық өмірге еттері үйренген. Сондықтан, 4-курс студенттеріне жатақхана бермейтін болдық, – дейді Рамазан Салықжанов.
Оның пікірінше, жоғарғы курс студенттері төрт адамнан бірігіп, айына 60 мың теңгеге (шамамен 400 доллар) бір бөлмелі пәтер жалдай алады. Себебі олардың көбі соңғы курста жұмыс істейді. Рамазан Салықжановтың айтуынша, жатақханаға қатты мұқтаж - ата-анасы жоқ балалар, мүгедектер мен көп балалы отбасынан шыққан студенттер жатақханадан шығарылмайды.
Рамазан Салықжанов ЕҰУ-де жатақхана жағдайы «Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарына қарағанда әлдеқайда артық» екенін бірнеше рет айтты.
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1996 жылы постсоветтік екі институт – инженер-құрылыс институты мен педагогикалық институтты біріктіру арқылы пайда болды.