Германия – Ресейдің табиғи газын ең көп тұтынатын және сауда әріптесі. Мұндай тығыз байланыс Кремль табиғи газын өз мүддесіне пайдаланады деп санайтындарды алаңдатып отыр. Алайда бұл қарым-қатынас өзгеруі мүмкін.
Бүкіл әлем қазір әлемдік қаржы дағдарысына төтеп беруге ұмтылып отырғанда экономикасы дамып бара жатқан Еуропа елінің бірі Германия болып отыр. Үстіміздегі жылы Германия экономикасы үш пайызға өседі деп болжанып отыр.
Немістің автокөлігі мен технологиясына әлемде сұраныс көп. Алайда елдің орасан зор көлемдегі экспорты Ресейдің энергия шикізатына тәуелді.
Берлиннің орталық Унтер дер Линден көшесінің бойында орналасқан заманауи үкімет үйлері Ресейде алдыңнан шығатын бассыздық пен жемқорлықтан тым алыс жатқан сияқты көрінеді. Алайда Германияның Ресейге тәуелділігін ескермеуге болмайды.
Германияның табиғи газ импортындағы Ресейдің үлесі қазірдің өзінде 40 пайызды құрайды. Ал Жапониядағы атом электр станциясындағы апаттан кейін Германияның ядролық энергетикадан біртіндеп бас тартуына байланысты бұл көрсеткіш артады деп болжанып отыр.
ӨЗАРА ТӘУЕЛДІЛІК
Германияның социал-демократиялық партиясының (СДП) парламентте бұрыннан келе жатқан мүшесі Ганс-Ульрих Клозе Германия өзінің энергетикалық мәселесін Ресейдің көмегінсіз шеше алмайды. Ресейді сын тағу мен оқшаулау арқылы өзіңе қарсы қойып алу мәселенің түйінін шешпейді деп санайды.
- Еуропаның көзқарасы тұрғысынан Ресеймен ұзақ мерзімді қайшылыққа келудің еш мағынасы жоқ. Мұның бізге керегі не? Біз қазір Ресейдің қандай екенін білеміз. Біз мұны өзгерткіміз келеді, - дейді Ганс-Ульрих Клозе.
Ганс-Ульрих Клозенің айтуынша, Германия бәлкім Ресей энергиясына тәуелді бола беретін шығар, бірақ Ресей де өзінің тиімсіз экономикасын модернизациялау сияқты өте маңызды мәселелерді шешуде немістің инвестициясы мен технологиясына аса тәуелді. Ресейдегі авторитаризмнің күшеюі үкіметтік емес тәуелсіз ұйымдарды барынша ығыстырып бара жатқанына қарамастан, орыстардың өздері де азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды құру ісінде Германияның көмегіне жүгінуді қалайды. Мұндай өзара тәуелділік қарым-қатынасқа жан бітіреді деген пікірде депутат.
ГЕРХАРД ШРЕДЕРДІҢ ПІКІРІ
Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер басқаратын Герман социал-Демократиялық партиясы Мәскеумен қарым-қатынастың жақсаруын белсенді түрде қолдайды. Алайда Герхард Шредердің жақтастары 2005 жылы бұрынғы канцлер ресейлік табиғи газ алпауыты «Газпром» компаниясының жаңа құбыр жобасының төрағасы қызметіне кіріскенінде есінен тана жаздаған. Балтық теңізінің астымен өтіп, тікелей Ресей мен Германияны жалғайтын жаңа «Солтүстік ағыс» құбырының құрлысы биыл аяқталады деп отыр.
- Германияда көпшілік халық, тіпті Герхард Шредер қызметтен кетуін ыңғайсыз жағдай деп атап қоймай, оның «әлеуметтік әділеттік» үшін күресетін, оның ішінде үлкен монополияның ықпалына қарсы тұратын партияға мүшелігі тоқтайды деген болатын.
- Герхард Шредер «Солтүстік ағыс» жобасымен келісім жасасуды бастады. Бұл оның бірінші рет Ресей тарапына шын мәнінде бөліп алып, билей беруіне мүмкіндік бергенін білдіреді. Бұл Германияны екіжақты қарым-қатынастар орнатуға алғашқы қадам жасатты.
- Парламенттегі жасылдар партиясынан сайланған депутат Мари-Луиз Бек «Газпром» батыс компаниялары сияқты емес, себебі ол жай саясат пен бизнестің ғана байланыстырып қоймайды. Мари Луиз-Бек «Газпром» еуропалық энергетикалық компанияларға өте тиімді келісім-шарттар ұсыну арқылы Мәскеудің сыртқы саясатын жүргізуіне көмектесіп отырады деп санайды. "Нәтижесінде бұл компаниядағы жоғары лауазымды тұлғалар өз елдерінің билігін өз елінің мүддесін еуропаның біртұтас энергетикалық стратегиясынан жоғары қоюға мәжбүрлеп, Кремльдің лоббистері ретінде қызмет етеді" дейді.
- «Газпром» неміс әріптестеріне, әсіресе «Солтүстік ағыс» құбыр жобасы бойынша негізгі әріптес – E.ON және химиялық BASF компаниясы үшін өте тиімді келісімге қол қойды. СДП-ның сыртқы саясат мәселелері бойынша спикері Рольф Мойцених алаңдаушылықты сейілтуге тырысып, Ресей мен өзге елдердің қимылы арасында «ешқандай айырмашылық жоқ» деген пікір айтады.
- - Ливия я Катар, не болмаса энергетикалық нарықтағы өзге де негізгі ойыншылардың арасында қандай да бір айырмашылық бар ма? Оларда да үкімет пен компаниялар арасында тығыз байланыс орнаған, - дейді спикер.
Алайда, үкіметтің кеңесшісі болып табылатын халықаралық қауіпсіздік және халықаралық істер институтының энергетика мәселелері бойынша сарапшысы Кирстен Вестпал Германияның Ресейге тәуелділігі саясатқа жанама әсер етіп отыр деп санайды.
- Германияның энергетикалық әріптестері – «Газпроммен» екіжақты тығыз қарым-қатынастар орнатуды көздейтін алпауыт лоббистер, себебі олардың бәрінде бір ғана мүдде бар. Ал неміс компанияларының еуропалық нарықтағы жағдайы Ресей газына тәуелді,- дейді ол.
АНГЕЛА МЕРКЕЛЬДІҢ ҰСТАНЫМЫ
Ангела Меркельдің Германия канцлері болып сайлануы өзгерістер болады деген үмітті басып тастады. Қызметіне кіріскеннен кейінгі оның қолға алған алғашқы жобасы Еуропа одағын біртұтас энергетикалық саясат қабылдау мен энергия тасымалдау көздерін диверсификациялауға жұмылдыру болған. Алайда ұзамай ол бұл ұстанымынан бас тартты. 2008 жылы Германия қайтадан Еуропада Ресейдің мүддесін қорғап шыға келді.
Джордж Буш әкімшілігі Мәскеудің шамына тиген Украина мен Грузияның НАТО-ның құрамына кіруін қолдап іс-шаралар өткізгенде Ангела Меркель бұл мәселеде қарсы жақта болды. Халықаралық қауымдастықтың 2008 жылы жазда Ресейдің Грузияға басып кіруіне наразылық білдіргеніне қарамастан НАТО бұл бастаманы кері қақты.
Мари-Луиз Бек Ангела Меркель «Украинаның мүмкіндігіне тосқауыл қойды, ал қазір оның Мәскеуге бүйрегі бұратын жаңа үкіметі бұрынғы батысшыл шенеуніктерді тұтқындаумен айналысып жатыр деп санайды.
- Бұл - Ресейдің ығына жығылудың бір парасы. Бізге біреудің көңіліне жағатын саясаткерлер жеткілікті. Ал іс жүзінде бұл – салғырттық. Мен қайшылыққа келу саясатын жүргізуге шақырмаймын, тек аздап табандылық таныту керек. Ал ең сорақылығы – Ангела Меркельдің Еуроодақ қаулысын бұғаулау шарасына басшылық жасауы болды. Шет ел компанияларының Еуропаның энергетика саласындағы активтерді иеленуіне шектеу қоятын қаулы «Газпромның» жылыстап енуін баяулатуға бағытталған еді, - дейді ол.
Мари-Луиз Бектің сөзіне қарағанда, бұл бұрыс қадам «Германия Кремльдің мейірімді, жақсы досы болуы керек, себебі бізге Ресейдің мұнайы мен газы керек» деген қисыннан шығып отыр.
Егер батыстағы өз әріптестеріне мұнай мен газды сата алмағанда Владимир Путинның шоуы тез аяқталған болар еді, - дейді Мари-Луиз Бек.
Мари-Луиз Бек және қазіргі үкіметтің өзге де сыншылары энергетика мәселесі басқа да маңызды салаларда, оның ішінде Ресей өзінің ықпал ету аймағы деп санайтын бұрынғы постсоветтік мемлекеттерде демократия қалыптастыруда да көрініс беріп қалады деп санайды.
Украина мен Белоруссияның Ресейдің ықпал ету аймағына қайта оралуы (әсіресе, қазіргі кезеңде) Еуроодақтың болашақта еркін экономикалық аймақ құру және Еуроодақ пен оның Ресеймен шекаралас алты мемлекетінің арасында визасыз режим орнату жоспары белгісіз уақытқа кейінге шегерілуіне әкеп соқты.
Мари-Луиз Бек Германияның демократия мәселелері бойынша Германияның ұстанымы Еуропаның болашағы үшін өте маңызды, алайда әңгіме Ресейге келіп тірелген кезде «мұнда ерекше достық көңіл» басты роль атқарып кетеді дейді.
Солай болса да, қазанның 3-і - Германияның тұтастығы күні Ресей премьер-министрі Владимир Путинге «Квадрига» сыйлығы тапсырылады дейді. Неміс үкіметі оны өзгелерге үлгі боларлық демократиялық реформаларды жүргізудегі қызметі үшін бермек. Бұл шешімді құқық қорғаушылар, оның арасында Германия үкіметінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Маркус Лоенинг те сынап отыр.