«Биыл соғымның құны өскен жоқ, бірақ алушылар сонда да аз» дейді алматылық сатушылар. Қазір Қазақстанда соғымдық жылқының құны 350 мың теңгеге дейін барады.
Әбілақыт ақсақал өткен жылы Алматы облысының Қабанбай ауданынан көшіп, Алматы қаласының маңындағы Талғар ауданына қоныстанған екен.
– Қабанбайда тұрғанда қолдағы азын-аулақ малдың ішінен біреуін соғымға арнап жіберіп отыратын едім. Бала-шағаның жұмысына байланысты қалаға жақындап көшіп келгеннен кейін мал біткенді сатып, жер алып үй салдық та, малсыз қалдық. Үлкен адамбыз. Етсіз отыру қиын. Базарға барсақ, баға аспанға шығып кетіпті. Тіпті мен қолымдағы малдың ешқайсысын ондай бағаға өткізе алған жоқ едім. Енді, міне, жаңа жылды соғымсыз қарсы алдық, – дейді ол.
Еттің бағасына деген ренішін айтып, «Базар – ақшалыға базар, ақшасызға – азар» деп налыған Әбілақыт қария:
– Соғым іздеп барып қайттым. «Бізде бәрі бар, ақшаң болмаса әрі бар» деп тұр екен. Енді амалсыз өлшеп алған азғана етті талшық қып отырмыз, – деп кейіді.
«БИЫЛ СОҒЫМ ҚЫМБАТТАҒАН ЖОҚ»
Азаттық тілшісі Алматының іргесіндегі, ел ішінде «Катализатор» аталып кеткен әмбебап базардың мал сататын бөлігіне барып көрді.
Өзін Бақыт деп таныстырған мал сатушының айтуынша, мал бағасы өткен жылғымен бірдей.
– Біз соғымның бағасын өсірген жоқпыз. Керісінше өзіміз сатып алатын жем-шөп қымбаттап кетті. Мәселен, өткен жылы бір бума шөпті 700-800 теңгеге алсақ, биыл
1200 теңгеден. Ал кебек өткен жылы 900 теңге болатын. Биыл ол да 1200-ден түспей тұр, – деді сатушы.
«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы соғым алушылардың қарасы қандай?» деген сауалға:
– Орташа. Әрине, ірі-қара, оның ішінде жылқы сатып алушылар бар. Көбіне-көп екі-үш отбасы бірігіп сатып алады. Әр үй бір жылқыдан жығып алатын заман келмеске кетті емес пе, – деп күлді Бақыт.
Жылқының бағасын сұрап едік, Бақыт оңаша байлаулы тұрған жылқы 350 мың теңге екенін, өйткені ол «тек семіз ғана емес, мықты жорға» екенін айта келе, базардағы бағаны былайша сипаттады:
– Бір жасар жылқы (тай) – 150-180 мың теңге, екі-үш жасар жылқы (құнан мен дөнен) – 200-250 мың теңге, ірі жылқы – 300-350 мың тең аралығында. Бір жасар тайынша –120-150 мың теңге, ірі сиыр – 200 мың теңгеден жоғары.
«СОҒЫМНЫҢ АРЗАНЫ – 120 МЫҢ ТЕҢГЕ»
Қазақстан статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, Жамбыл облысында жылқы - 270-280 мың теңге, сиыр 190-200 мың теңге; Қызылордада жылқы - 240-270
мың теңге, сиыр - 130-170 мың теңге; Оңтүстік Қазақстанда жылқы - 200-240 мың теңге, сиыр 140-160 мың теңге; Қарағандыда жылқы - 270-300 мың теңге, сиыр - 110-140 теңге; Қостанайда жылқы - 240-280 мың теңге, сиыр 150-170 теңге; ал Маңғыстау жылқы 200-250 теңге шамасында.
Астаналық Бейбіт есімді тұрғынның айтуынша, қазір қалада тай – 200 мың, байталдың жарты еті – 140 мың, ал ірі жылқы 250-300 мың теңге аралығында.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының тұрғыны Салтанаттың айтуынша, ол жақта соғымдық жылқы – 160-250 мың теңге, ал сиыр 120-160 мың теңге аралығында.