Наурыздың 11-і күні «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының бір топ мүшеcі «Стресті активтер қорының» Алматыдағы ғимаратының алдына жиналып, қордың жұмыс істеу тетіктерін тездетіп айқындауды және үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерінің үлескерлермен келіссөз өткізуін талап етті.
Бұған дейін қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірқатарының алдында наразылық пикеттерін ұйымдастырып, одан соң үш аптаға жуық уақыт аштық акциясын өткізген «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық бірлестігінінің отыз шақты өкілі сәрсенбі күні өз талаптарымен «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының Алматыдағы ғимаратының алдына жиналды.
Аталған бірлестік төрайымы Эльмира Ысқақованың айтуынша, олар бұл мекемеге қор басшылығымен кездесіп, ипотекалық борышкерлердің талаптары жазылған петицияны тапсыруға келіпті.
- "Стресті активтер қоры" осыдан бес ай бұрын құрылғандығына қарамастан, проблемалы ипотекалық активтерді сатып алмай отыр. Жалпы, осындай қорды құру туралы ұсынысты үкіметке ипотека мәселелерін шешу мақсатында ипотека борышкерлерінің өздері жасаған болатын. Яғни, бұл қор банктерден проблемалық активтерді сатып алып, экономика жақсарғанға дейін ипотека иесімен келісімшарт негізінде жұмыс жасауы керек еді. Дәл қазіргі жағдайда халықтың несиені жабуға шамасы жоқ, - деді Эльмира Ысқақова.
Ғимарат алдына жиналған халықпен қордың атқарушы директоры Сәуле Арапова кездесіп, қазіргі сәтте қордың басшылары жұмыс бабымен сапарда жүргендігін хабарлады. Бірқатар ипотека борышкерлері бұл ғимаратта бұған дейін бірнеше мәрте болғандықтарын және бірде бір рет қор басшылығының өз орнында жұмыс істеп жатқандығын көрмегендіктерін айтып жатты.
- Бұл мекемеге мемлекеттің үлкен бір құпиясын жасырып қойғандай әсер қалдырады. Мұның қасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзі жолда қалады деп әзілдейтін болдық. Біздің республикадағы ең құпия нысан, ақшаны жұтып алатын қара құмық – "Стресті активтер қоры", өздеріне өте ыңғайлы схемамен жұмыс істейді – ешкімге ештеме түсіндіріп жатпайды, көп жалақы алса да, жұмысқа да шықпайды, - деді «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Николай Комаров.
Сондай-ақ, ипотекалық борышкерлер бұл қорға алдағы уақытта қайта айналып соғатындықтарын және осы әрекеттері арқылы мекеменің жұмысына қозғау салғысы келетіндіктерін білдірді.
Талапкерлердің жиналысы басталғанына жарты сағаттай уақыт өткен сәтте, халықтың әрекетін сырттай бақылап тұрған полицияның он шақты өкілі өздерін таныстырып жатпастан, көпшілікке жақындап келіп акцияға қатысушылардың қолдарындағы плакаттарды жинай бастады.
- Қолымыздан жұлып алды да кетті. Жұртшылық ұстап тұрған қағаздарда шындық жазылған. Ал полиция оны көрсеткенді қаламайды және өздері бірінші болып халыққа соқтығысады, - деді қағаздарын полицияның тартып алғандығына ренжулі күйдегі ипотека борышкерінің бірі.
Үкімет проблемалы ипотекалық активтерді сатып алады деген мақсатпен 52 млрд теңге капиталы бар "Стресті активтер қорын" құру туралы шешімді 2008 жылдың қараша айында қабылдаған болатын.