12 наурыз - интернет-цензурамен халықаралық күрес күні. Осыған орай Парижде әлемдегі сөз бостандығына үлес қосқан блогшыларды марапаттау рәсімі өтеді.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Google компаниясымен бірігіп 2008 жылдан бері сөз бостандығы үшін күрескен блогшыларды Netizen of the Year сыйлығымен марапаттап келеді. Биылғы марапаттан әлемнің тоғыз елінен тоғыз блогшы үмітті болды. Олардың арасында қазақстандық блогшы Мұрат Тұңғышбаев та бар.
(Ағылшын тіліндегі netizen сленгі «интернетте ақпаратты еркін тарату үшін күресетін қолданушы азамат» деген мағынаға ие).
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы конкурстың ерекшелігі – жалғыз жеңімпазды интернет-қолданушылар дауыс беру арқылы өздері анықтайды.
Дауыс беру наурыздың 5-і күні аяқталып, нәтижесі наурыздың 7-сі күні белгілі болды. Биылғы Netizen of the Year сыйлығын вьетнамдық блогшы Хьюн Гок Чен (Huynh Ngoc Chenh) жеңіп алды. Оған 40 мыңнан астам адам дауыс берген.
Жеңімпазды марапаттау рәсімі 2013 жылы наурыздың 12-сі күні Париждегі Google кеңсесінде өтеді.
ЦЕНЗУРАМЕН КҮРЕС
«Сіз өзіңіз өтініш бердіңіз бе?» деген сұраққа Мұрат Тұңғышбаев:
- Жоқ, ұйымдастырушылар өздері үміткер қылды. Елдегі журналистермен, блогшылармен сөйлескен болуы керек, - деп жауап берді.
35 жастағы блогшы Мұрат Тұңғышбаев жергілікті ақпарат құралдарында көрсетілмейтін оқиғаларды камераға түсіріп, Youtube-тегі арнасына жариялап отырады. Ол бұған қоса, азаматтық қоғам, саяси партия өкілдерінің де пікірлерін жариялауға тырысады.
Блогшы «Көз ашу» жобасын 2012 жылы қараша айының соңында ашыпты. Қазір жобаның 150-ден астам тұрақты көрермені бар.
- Мен қоғамға ең маңызды оқиғаларды, проблемаларды жеткізуге тырысамын. Тәуелсіз және оппозициялық ақпарат құралдарының сайттары жабылып жатыр. Менің ойымша, билік Youtube-ты жаба қоймас, - дейді Мұрат Тұңғышбаев.
Ол 2012 жылғы парламенттік сайлау алдында заң бұзу оқиғаларын тіркеп отыратын «Сайлау» интерактивті картасын жасады. Азаматтар ол арқылы республика өңірлерінде болып жатқан заңға қайшы әрекеттерді біліп отырды.
ҚУҒЫНДАУ
Блогшы өзінің азаматтық белсенділігі үшін құқық қорғау органдарының назарына жиі ілігетінін де айтады.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін Маңғыстау облысына барған блогшыны жергілікті полиция Шетпе станциясында соққыға жығып, жұмысына кедергі жасауға тырысқан. Бұған қоса, белгісіз адамдар хабарласып, қоқан-лоқы жасаған.
Ал 2012 жылдың ақпан айында ұлттық қауіпсіздік комитеті блогшыны шақырып, оппозициялық саясаткерлер мен Ақтаудағы еңбек белсенділерімен байланысы туралы тергеген. Арнайы қызмет өкілдері одан Жаңаөзендегі кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік желілерді қолдануға үйреткені туралы да сұраған.
2012 жылы желтоқсан айында Article19 құқық қорғау ұйымы оппозициялық ақпарат құралдарын жабуға қатысты сотқа қатысып, видео түсірген блогшыны белгісіз біреулердің аңдығаны туралы жазды.
ИНТЕРНЕТТІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАЙТЫН ЕЛ
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Қазақстанды интернетті бақылайтын елдер қатарына жатқызады. Қазақстанда көптеген оппозициялық бағыттағы сайттар жабылған.
Елде Wordpress, Livejournal сияқты әлемдегі ең ірі блогплафтормалар сот шешімімен жабылды. Ал тәуелсіз журналистер мен блогшылар құқық қорғау органдарының назарына жиі ілігеді.
Мамандардың ойынша, осындай түрлі қудалаулар, тосқауылдар азаматтық белсенділіктің артуына да кедергі болып отыр.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БІР ҮЛГІСІ
Әйтсе де бұл салада мардымсыз болса да белгілі бір нәтижеге жеткен азаматтар бар.
«Жол жағдайларына қатысты роликтер» түсіріп интернетте танымал болған қарағандылық белсенді Руслан Лазута енді жол полициясының артық-ауыс тексерулерінен құтылғанын айтады.
Оның «ОСА» (Общество содействия автомобилистам) қоғамдық бірлестігі қазіргі кезде жүргізушілерге құқықтық кеңес беріп отырады.
Оның ойынша, «интернет - жүргізушілердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін жалғыз тәсіл». Көптеген азаматтар интернет арқылы сотта кінәсі жоқ екенін дәлелдеген.
- Өкінішке қарай, біздің елімізде бұдан басқа жол табу өте қиын. Жол полициясы «видеотіркегіштерге тыйым салу» секілді ақылға қонымсыз тірліктермен айналысады. Ал жүргізушілердің жол полициясының өзіне деген қарым-қатынасын видеоға түсіруден басқа амалы жоқ. Көп жағдайда инспекторлар өкілетін пайдаланып, «жол ережесін бұздыңыз» деп жала жабады, - дейді ол.
Руслан Лазутаның ойынша, көптеген адамдар әлеуметтік желілерде «батыр» болғанмен, шынайы күресетіні, әрекетке баратындары сирек.
Әлеуметтік проблемаларды азаматтық белсенділік арқылы шешуге болатынын айтқан ол:
- Азаматтық белсенділіктің дамымауына көбінше қоғамдағы үрей мен жалқаулық себеп болып отыр. Оған қоса, бізде туыстық қарым-қатынас күштірек. Бізде Ресей, Украинаға қарағанда менталитет те бөлек. Әсіресе халық сирек орналасқан қалаларда адамдар бірін-бірі біледі, таниды. Ал туыстарыңды қалай жазаға тартасың, - дейді ол.
БИЫЛҒЫ NETIZEN-ДЕР
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы мен Google компаниясыны4 Netizen of the Year сыйлығына тоғыз елдің блогшылары үміткер ретінде таңдалған. Олар: Итсмания Пинеда Платер (Гондурас), Шейх Фаль (Сенегал), Умару Мохамед Ламин (Мали), Сурен Газарян (Ресей), Мұрат Тұңғышбаев (Қазақстан), Ассен Йорданов (Болгария), Хьюн Гок Чен (Вьетнам), Мосирин (Египет) және Шива Назар Ахар (Иран).
Қазір көптеген елдерде тұрғындар әлеуметтік проблемасын ортақ ресурстар арқылы талқылап, шешіп отырады. Мысалы, fixmystreet.com жобасы бір көшеде немесе бір ғимаратта қоныстанған адамдардың бала-бақша, ауыз су, т.б мәселелерін талқылап, ортақ шешім табуына арналған.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымының мәліметі бойынша, әлемде екі миллиардтан астам интернет қолданушы бар. Бірақ оның үштен бір бөлігінің мемлекет тарапынан қойылған цензура мен бақылау салдарынан еркін ақпаратқа қолы жетпейді. Қазір әлемде 180 азаматтық журналистика өкілі интернеттегі онлайн-белсенділігі үшін түрмеде отыр.

Жол полициясы «видеотіркегіштерге тыйым салу» секілді ақылға қонымсыз тірліктермен айналысады. Ал жүргізушінің жол полициясын видеоға түсіруден басқа амалы жоқ.