Алматылық блогшы Данил Иванов әлеуметтік желіге қатысты тәжірибе жасады. Ол қаладағы сауда орталықтарының біріне ақшасыз барып, сонда бір апта бойы әлеуметтік желідегі достарының көмегімен өмір сүріп көрді.
ЭКСПЕРИМЕНТ
– Әлеуметтік желіде достарың бар, саған жазылушылар бар. Олардың бірін білсең, бірін білмейсің. Тәжірибемнің негізгі мақсаты – олардың өзара көмектесуге қаншалықты дайын екенін анықтау болды. Әзірге қорытынды жасап үлгермедім. Бірақ әлеуметтік желідегі достарымның адамды қиын жағдайда жалғыз тастап кетпейтініне көзім жетті, – деді Данил Иванов эксперименттің бесінші күні Азаттық тілшісіне.
Блогшы өткен аптаның басында өз жобасы туралы Twitter мен Facebook-те жазып, «сауда орталығына бас сұғуға» ұсыныс жасаған. Данил Ивановтың айтуынша, бес күннің ішінде танитын-танымайтын 40 шақты досы керек нәрселерін әкеліп берген. Олар еденде ұйықтап жүрген блогшыға бүктемелі кереуетті үшінші күні жеткізіпті.
– Келген кезде менде екі зарядтағыш құрылғы, телефон және планшет қана болды. Достарым тіпті сұрамаған заттарды да әкеп беріп тұрды... Осы уақыт аралығында мен мұндағы әртүрлі дүкендерде жұмыс істедім. Көлік те жудым, мерчендайзер де болдым, тамақ та тасыдым, билет те тексердім. Кейбір дүкен сондағы жұмысым үшін тамақ та берді, – деді блогшы Данил Иванов.
TWITTER-ДІҢ ЫҚПАЛЫ
Мамандардың айтуынша, Twitter – Қазақстандағы ең ықпалды әлеуметтік желілердің бірі. Қазір онда елдегі ақпарат құралдарының басым бөлігінің жеке парақшасы бар.
Мемлекеттік органдар да онымен санаса бастады. Жақында ғана сайтын жаңартқан президент әкімшілігі Twitter-ден аккаунтын ашты. Онда саясаткерлер, журналистер, блогшылар, студенттер, ақындар, т.б. түрлі қоғамдық топтар бар.
Жақында жергілікті ақпарат құралдары АҚШ-та оқып жүрген екі қазақ студентінің Twitter арқылы табылғанын хабарлады. Work&Travel бағдарламасы бойынша оқып жүрген екі студент межелі уақытта Қазақстанға оралмай, туыстары алаңдаған. Сыртқы істер министрлігі іздеу жариялап үлгергенше Twitter-дегі студенттердің достары студенттердің қайда екенін анықтады.
Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасына қатысты «әлеуметтік араздық тудыру» ісі бойынша әртүрлі деңгейдегі соттар басталғалы Twitter сот залынан ақпарат алудың жалғыз амалына айналды. Соттағы билікшіл және оппозициялық блогшылар тікелей трансляция жасап отырады. Ақтау сотына байланысты туған «Twitter-соғыс» жайлы Азаттық радиосы бұған дейін жазды.
Өткен жылы Жаңаөзенге «ақпараттық тосқауыл» қойылған кезде де «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының ереуілі туралы мәліметтерді журналистер тек Twitter-ден алған.
Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі, 300 миллионнан астам қолданушысы бар Twitter-ді Қазақстанда қанша адамның тұтынатынына байланысты нақты ақпарат жоқ.
Ал Facebook-те, Socialbakers сайтының мәліметіне қарағанда, 450 мыңнан астам қазақстандық тіркелген.