The New York Times (NYT) басылымы Қазақстанда өткен Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөз жайлы мақала жариялады.
The New York Times басылымында 7 сәуірде жарияланған мақала авторы Дэвид Херзенхорн Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Rixos қонақүйінде шаршап отырып мәлімдеме жасағанын айтады.
«Біздің міндетіміз өте қарапайым. Жақсы кофе мен шай дайындап беріп, маңызды мәселені талқылауға қолайлы жағдай жасауға тиіспіз» дейді Ыдырысов, автордың жазуынша.
Содан кейін сәулетті қонақүйдің креслосында отырған министр мырза сөзінің дәлелі ретінде жомарт жайылған дастархандағы тәттілерді меңзеп, электронды шылымын шеккені де автордың назарынан тыс қалмапты.
«АЛМАТЫҒА ОРАЛУҒА ҚУАНА-ҚУАНА КЕЛІСТІ»
«Дипломатиялық келіссөзде бәрі ескерілуге тиіс. Оның өтетін жері де маңызды. Ақпанда шешім қабылдай алмай кеткен делегация жетекшілері Алматыға қайта оралуға қуана-қуана келісті» деп жазады автор. Ол Европа Одағының сыртқы істер саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мен Иранның жоғарғы өкілі Саид Джалили бастаған дипломаттардың Қазақстанға ерекше алғыс айтқанын еске сала келіп, «тіпті АҚШ шенеунігі де ризалық танытты» дейді.
Қазақстанның бейтарап ел екенін, орналасуы жағынан алты мемлекетке де тиімді екенін баяндаған автор: «Батыс елдері әлі күнге дейін сайқымазақ фильм арқылы танығанымен, советтік кезеңде бұл ел полигон қасіретін бастан өткерген» дейді.
СССР ыдыраған соң ядролық қаруға мұрагер болып қалған елдің одан өз еркімен бас тартқанын, қазір әлем бойынша уран өндіруде алғашқы орындардың бірінде тұрғанын да жеткізеді. «Ең бастысы, Қазақстан - Иранның талабына сай ел: оның бейбіт мақсатта уран байытуын қолдайды және Иранға қарсы санкциялардың ешбіріне тікелей қатыспаған» деп жазады автор.
Автор келіссөздердің бұрын Бағдад, Стамбул және Мәскеуде де өткенін, бірақ әртүрлі саяси себептерге байланысты тараптардың аталған елдерге барудан бас тартқанын айтады.
«ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДЫҢ БІР ЖОЛЫ»
Мақала авторы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада The Washington Times газетіне жарияланған мақаласында «Жас мемлекетіміздің тәжірибесі пайдалы болар деген оймен мәмілені Алматыда өткізуді ұсындым. Ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдануды қолдаймыз. Өз еркімен бас тарту жағынан ешбір ел бізбен теңесе алмайды» деген жолдарын мысалға келтіреді.
Бұрын елдің астанасы болған, қазіргі ірі қала Алматының жағдайы жақсы, үйлері сәулетті екенін байқаған автор дипломаттардың жақсы шүйіркелесіп, Алатаудың қарлы шыңдарына қарап бір демалып қалғанын айтады.
«Еуразияның cәнді астанасына айналғысы келетін Алматы жыл сайын сән аптасын өткізеді. Шара директоры Салмат Баваев ұйымдастырушылардың да дипломатиялық шараға үлес қосуға тырысып, АҚШ пен Иран дизейнерлерін шақырғанын айтты. Saks Fifth Avenuе дүкені былтыр қазанда ашылған екен» деп жазады The New York Times.
Автор әлемдегі басқа да елеулі жаңалықтардың ішінде Иран келіссөзінің танымал болғанына күмән келтірсе де, «Бірақ қазақтар елінде өткен шараны мақтан тұтады» деп жазады.
Мақала авторы PricewaterhouseCoopers консалтинг компаниясының Алматыдағы филиалының жетекшісі Альпер Акдениздің «Бүкіл әлем осында жиналды. Әлбетте, бұл Қазақстан мен Алматының әлем картасынан орын алуына ықпал етеді деді. Мәміле нәтижесі қандай болса да, Қазақстан ұтылмайды» деген пікірін келтіреді.
«Дегелация өкілдері жүктерін жинап жатқанда Ыдырысов мырза келіссөздің сәтті өтуін тілектес болғанын айтты. Әлем назарын аударудың маңызды екенін де мойындады. Барлық тараптар 100 пайыз келісімге келген орынның Қазақстан болғанына қуанышты екенін айтты» деп аяқтайды автор мақаласын.