Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғындары «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы шулы видеодағы адамдар арасынан жерлестері Аманжол Жансеңгіровті таныды.
«Сириядағы азаматтық соғысқа қатысуға барған» қазақстандықтар жайлы күдікті видео Қазақстанда сенсацияға баланды. Өйткені соңғы жылдары пайда болған "қазақ жиһадшылары" бұл видеода алғаш рет жүздерін көрсетті. Видео ол адамдардың бала-шағасымен бірге Сирияға барғанын сипаттайды.
Видеодағы автомат асынған адамның бірі Әбу-Хафиз әл-Казақи деп аталады. Бірақ Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғындары ол жігіттің жерлестері Аманжол Жансеңгіров екенін таныды. Аманжолды бұған дейін Алматыдағы турфирмалардың бірінде жұмыс істеп жүр деп ойлап келген туыстары бұл видеоны көргенде есеңгіреп қалды.
«АЛМАТЫҒА КЕТКЕН» ЖІГІТ
Жансеңгіровтер отбасы Сириядағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш айтты. Ақмола облысындағы Максимовка
ауылының тұрғындары Сириядағы ондаған «жиһадшы қазақстандықтар мен олардың отбасылары» деп сипатталған видеодағы автомат асынған жігіттердің бірі бұрынғы ауылдастары екенін таныған.
Ол жігіт бұрын ауылынан Алматыға кетіп, қазір Сириядағы азаматтық соғысқа қатысы болуы мүмкін исламшыл содырлардың арасында жүрген 27 жастағы Аманжол Жансеңгіров болып шықты.
Аманжол Жансеңгіровтің ағасы Қайрат Жансеңгіровтің айтуынша, Аманжол туыстарына жарты жыл бұрын Түркиядан хабарласып, аман-есен екендерін, ұлды болғандарын айтқан. Бұл оның шетелден алғаш хабарласуы емес екен.
Қайраттың айтуынша, інісінің шетелден қайтып келемін деген екі жылы да бітуге таяп қалған. Оның айтуынша, Аманжол Қазақстаннан кетерде жанында Астанада танысып үйленген екінші әйел болған.
– Қазақстан президенті мен премьер-министрі бұл оқиғаға назар аударып, інімді үйге қайтарса екен. Ол үйге аман-есен жетсе екен. Қалай қайтарарын білмеймін, бірақ інім отбасымен бірге оралса екен, – дейді Қайрат Жансеңгіров Азаттық тілшісіне.
«ӘКІМШІЛІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕДІ, МЕШІТТЕ САУДА ЖАСАДЫ»
Аманжол Жансеңгіров 1986 жылы Қостанай облысында туған. Кейін отбасы Астана қаласынан 30 шақырым жерге - Ақмола облысындағы Максимовка ауылына көшіп келген. Жансеңгіровтар отбасы кәсіпкерлікпен айналысқан. Аманжол – үйдегі бес баланың екіншісі.
Қайрат Жансеңгіровтің айтуынша, інісі сабырлы, қайырымды болған, мектепте жақсы оқыған. Аманжол Астанада басқару институтын «жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Күзет агенттігінде, Астана қаласы Сарыарқа аудандық әкімшілігінде маман болған. Ағасының айтуынша, ол жұмыстан айлығын азсынып шығып кеткен. Мешіт маңында халал-косметика сатуды кәсіп еткен.
– Ақшасы болмаса да, мешіт маңында қайыршыларды көрсе, соңғы тиынын соларға беретін. Ақшасы жоқтарға тамақ беріп, керек-жарағын әперетін. Аманжол тіпті жоқ-жітік адамдарды үйге ертіп әкеліп қондырып жіберетін, біраз уақыт тұрғызатын, – дейді Қайрат Жансеңгіров.
Аманжол Жансеңгіров кейін Алматыға кеткен. Ауылдағы туыстарына «туристік фирмаға жұмысқа кірдім, шетелге іссапарға жиі барамын» деген. Тағы бір дерекке қарағанда, ол киіктің мүйізін сатып алатын бизнесменмен істес болған.
– Аманжол Алматыға кетерде мешіт маңында халал-косметика сатып жүргенін айтқан. Одан кейін Алтайдан, Кавказдан, шетелден хабарласқан. Туристік компанияда жұмыс істейтінін айтып: «Маған ақысын төлейді, сол жаққа барамын. Тұрақты баспана береді» деген. Қазақстанда баспанасы жоқ еді. Астанада пәтер жалдап тұрған. Алматыда да пәтерде тұрған. Шетелге кеткенде үй, жұмыc, ақша береді деген,– дейді Қайрат Жансеңгіров Азаттық тілшісіне.
«ЖИҺАДШЫ»
Аманжолдың қай кезде мұсылман шарттарын орындай бастағанын ағасы білмейді. Қайрат 2006 жылы әскерден келгенінде інісі Аманжолдың күніне бес уақыт намаз оқып, үнемі мешітке барып жүргенін көрген. Оның кейде «Қазақстанда шариғат бойынша өмір сүру керек» деген сөзіне туыстары мән бермеген. Қайраттың айтуынша, інісі Сирияға өз еркімен бармаған.
– Менің ойымша, оны алдап әкеткен. Ол жақта соғыссаң, жұмаққа барасың деген шығар. Оларды дуалап алған. Автомат асынған түрін видеодан көргенімде зәрем
ұшты. Оны тіпті жүрегі ауырған соң әскерге де алмаған еді, – дейді Қайрат Жансеңгіров.
Аманжолдың исламшылар қатарына қалай қосылғаны жайлы тағы бір болжам бар. Қазақстандағы «31 арнаға» сұхбат берген алматылық бір әйел Аманжол Жансеңгіровты танитынын, оның әлдекімдерге қарызданып қалғанын білетінін айтады. Ол әйелдің сөзінше, Аманжол киік мүйізін сатқан бизнесменнің көлігін жүргізген. Аманжол мен серіктерінің дін ұстанатынын білетін әйел олардың радикал көзқарастарын байқамағанын айтады.
– Оны таныдым. Бірақ мүлдем басқа адам сияқты. Түріне қарасаң, зомби болып қалған сияқты. Кетерде айтқан соңғы сөзі «Мені арандатты» болған еді. Әлдебір машинаға қатысы бар оқиға сияқты. Діндес бауырлары соның атына тіркеген сияқты. Мен білмеймін, тергеу орындары білер, – дейді «31 арнаға» сұхбат берген алматылық әйел.
«Сирияға барған қазақстандықтар» туралы видео әлеуметтік желілерге өткен аптада мәлім болған еді. Камуфляж киген, көбісінің қаруы бар, біразы сақалды ер адамдар видеода Құран оқып, «Алланың жүзін көруге, жәннатқа баруға, шаһид болуға» дайын екендерін айтқан.
Видео әлдебір екі қабатты сәулетті үйдің ауласында түсірілген. Камера "қазақ жиһадшылардың" балаларын да түсірген. Кішкентай қыз балалар хиджаб киіп, тіпті кейбірі көздері ғана көрінетіндей етіп қымталған. Ұл балалар бөлек отыр. Бәрі де Құран оқып отыр.
Қазақстан билігінің бұл видео жайлы алғашқы пікірі байсалды болды. Сыртқы істер министрлігі "әуелі бұл видеодағы адамдар Қазақстан азаматтары екендігіне көз жеткізу керек" екенін айтты. ҰҚК "видео жазба үгіттеу мақсатында жасалған, әрі оны біздің азаматтар жасамаған" деп мәлімдеді. Бірақ ол видеодағы қарулы адамдардың бірінің аты-жөні мәлім болды.
Видеодағы адамдар Сирияға жиһад жасауға барғанын айтып, Құранға сілтеме жасайды. Бірақ халқының көбі мұсылман Сирияда екі жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқанын күллі әлем біледі. Екі тарапта да сүннит не шиит болып бөлінген мұсылман ер адамдар бар. Сириялық содырлар мен оларға қосылған әртүрлі топтар авторитарлы президент Башар Асадтың әскерімен соғысып жатыр.
Азаттық тілшісі "жиһадшы" Аманжол Жансеңгіровтің ауылына барып қайтты. Ол туралы мақаланы бейсенбі, 24 қазанда оқисыздар.
Видеодағы автомат асынған адамның бірі Әбу-Хафиз әл-Казақи деп аталады. Бірақ Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғындары ол жігіттің жерлестері Аманжол Жансеңгіров екенін таныды. Аманжолды бұған дейін Алматыдағы турфирмалардың бірінде жұмыс істеп жүр деп ойлап келген туыстары бұл видеоны көргенде есеңгіреп қалды.
«АЛМАТЫҒА КЕТКЕН» ЖІГІТ
Жансеңгіровтер отбасы Сириядағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш айтты. Ақмола облысындағы Максимовка
Ол жігіт бұрын ауылынан Алматыға кетіп, қазір Сириядағы азаматтық соғысқа қатысы болуы мүмкін исламшыл содырлардың арасында жүрген 27 жастағы Аманжол Жансеңгіров болып шықты.
Аманжол Жансеңгіровтің ағасы Қайрат Жансеңгіровтің айтуынша, Аманжол туыстарына жарты жыл бұрын Түркиядан хабарласып, аман-есен екендерін, ұлды болғандарын айтқан. Бұл оның шетелден алғаш хабарласуы емес екен.
Қайраттың айтуынша, інісінің шетелден қайтып келемін деген екі жылы да бітуге таяп қалған. Оның айтуынша, Аманжол Қазақстаннан кетерде жанында Астанада танысып үйленген екінші әйел болған.
– Қазақстан президенті мен премьер-министрі бұл оқиғаға назар аударып, інімді үйге қайтарса екен. Ол үйге аман-есен жетсе екен. Қалай қайтарарын білмеймін, бірақ інім отбасымен бірге оралса екен, – дейді Қайрат Жансеңгіров Азаттық тілшісіне.
«ӘКІМШІЛІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕДІ, МЕШІТТЕ САУДА ЖАСАДЫ»
Аманжол Жансеңгіров 1986 жылы Қостанай облысында туған. Кейін отбасы Астана қаласынан 30 шақырым жерге - Ақмола облысындағы Максимовка ауылына көшіп келген. Жансеңгіровтар отбасы кәсіпкерлікпен айналысқан. Аманжол – үйдегі бес баланың екіншісі.
Қайрат Жансеңгіровтің айтуынша, інісі сабырлы, қайырымды болған, мектепте жақсы оқыған. Аманжол Астанада басқару институтын «жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Күзет агенттігінде, Астана қаласы Сарыарқа аудандық әкімшілігінде маман болған. Ағасының айтуынша, ол жұмыстан айлығын азсынып шығып кеткен. Мешіт маңында халал-косметика сатуды кәсіп еткен.
– Ақшасы болмаса да, мешіт маңында қайыршыларды көрсе, соңғы тиынын соларға беретін. Ақшасы жоқтарға тамақ беріп, керек-жарағын әперетін. Аманжол тіпті жоқ-жітік адамдарды үйге ертіп әкеліп қондырып жіберетін, біраз уақыт тұрғызатын, – дейді Қайрат Жансеңгіров.
«Маған ақысын төлейді, сол жаққа барамын. Тұрақты баспана береді» деген.