Наурыздың 18-і күні Қапшағайда ЛА-155/8 қатаң режимдегі колониясы қызметкерлеріне қатысты сот аяқталды. Сотталған азаматты азаптағандар 5-6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
«Бұл – Қазақстандық қылмыстық атқару жүйесі тарихында азаптау айыбы бойынша сотқа жеткен алғашқы іс» дейді құқық қорғаушылар.
АЗАПТАУҒА ҚАТЫСТЫ АЛҒАШҚЫ ҮКІМ
Сот Қапшағай қаласындағы ЛА-155/8 қатаң режимдегі түзету мекемесінің 5 қызметкері мен 4 сотталған азаматқа (барлығы 9 адам) қатысты үкім шығарды.
– Колония бастығының орынбасары Қанат Сыздықовқа 6 жыл 9 ай, мекеменің емдеу және алдын алу ісі бойынша орынбасары Жұмағали Әбдімұратовқа 5 жыл 2 ай, колония қызметкерлері Ұлан Ахметов, Сырым Құрманов пен Қанағат Үркімбаевтардың әр қайсысына 6 жарым жылдан бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, – деді адвокат Гауһар Сәлімбаева Азаттық радиосына.
Осы іске қатысты жауапқа тартылған төрт сотталған азаматқа да үкім шықты. Олардың негізгі жаза мерзімін ескере отырып, жалпы алғанда Байрамали Гусейнов 7 жыл 8 ай, Максим Пономарев 20 жыл, Анатолий Фролов 9 жыл 6 ай және Мұрат Әділбеков 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Жәбірленуші 28 жастағы Жандос Сағатов 2010 жылы наурыздың 20-сында Алматы облысының Заречный кентіндегі қатаң режимдегі ЛА-155/8 колониясына түскен еді. Ресей әскери академиясының түлегі, зенитті әскери бөлімнің командирі болған Сағатов «есірткі таратты» деген айыппен колонияға 14 жылға жазасын өтеуге жіберілген. Алайда ол колонияға түскен алғашқы күні-ақ мекеме қызметкерлері мен өзге де сотталушылардан қорлық көрген. Сағатовтың туыстарының айтуынша, жас жігітті түзету мекемесіндегілер жабылып ұрып, зорлаған. Соның кесірінен Сағатовтың тік ішегі жыртылып, қуығы жарылып кеткен. Төрт рет операция жасатқан Жандос Сағатов қазір бесінші операцияны күтіп отыр. Сағатовтың адвокат Гауһар Сәлімбаева соттың «бұл шешімі әділ» деп бағалады.
ЖАЗА ЕМЕС, ПРОЦЕСТІҢ ӨЗІ МАҢЫЗДЫ
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл – Қазақстандық қылмыстық атқару жүйесі тарихында азаптау айыбы бойынша сотқа жеткен алғашқы іс. Сондықтан бұл істің нәтижесі емес, қозғалуы мен сотқа жеткендігінің өзі өте маңызды дейді «Азаптауға қарсы коалициясының» мүшесі, Алматы және
– Бұл істе біз үшін маңыздысы – жаза емес, осы процестің өзі. Өйткені қоғам өкілдері, прокуратура және мемлекеттік органдардың барлығы түзету мекемесінде болған азаптау фактісін сынады. Ең бастысы – колония қызметкерлері жазадан қашып құтылмайтындықтарын білуі тиіс. Сотталушыларда да әділдік [барын], құқыққорғаушылар араша түсетіндігін білуі тиіс. Қазір Қазақстанның барлық сотталушылары осы істі бақылап, оның шешімін күтіп отыр, – дейді Ардақ Жанәбілова.
ҮКІМГЕ НАРАЗЫЛЫҚ
Сот үкім шығарған күні сотталғандардың туыстарымен хабарласу мүмкін болмады. Алайда, адвокат Гауһар Сәлімбаеваның сөзінше, сотталғандардың туыстары үкімге наразылық білдірген.
– Сот аяқталған соң Қанат Сыздықовтың әйелі мен әпкесі мені жұлқылап, «барлығын сатып алдың» деп айыптады, – дейді адвокат.
34 жастағы майор Қанат Сыздықовтың әйелі Әсия 2010 жылдың мамыр айында өз күйеуінің кінәсіз айыпталғандығы жайлы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің блогына хат жазған еді. Ол хатта майор Сыздықовтың 2010 жылдың наурызында Атбасар қаласындағы колония басшысының орынбасары қызметінен Заречныйдағы ЛА-155/8 түзету мекемесіне ауысқаны айтылған. «Арада 14 күн өткеннен кейін күйеуіме негізсіз айыптағылған» дейді майор Сыздықовтың әйелі.
Сыздықовтың қоғамдық қорғаушысы әрі әпкесі Райхан Сыздықова Азаттыққа сұхбат беріп, бұл істе бауырының еш кінәсі жоқ екендігін айтқан.
– Сағатов соққыға жығылғанда менің бауырым оқиға орнында болмаған. Мұны тергеу барысында Сағатовтың өзі де айтты. Сотталушы колонияға келгенде, оны қабылдап алғанда – болған. Ал оны ұрып-соққандардың арасында ол болмаған. Әрине, бұл оқиғаға қатысты жас жігіттің туыстарына көңіл айтамын. Кінәлілер міндетті түрде жазалануы тиіс, бірақ менің бауырымның еш жазығы жоқ, – деген еді Райхан Сыздықова.
АЗАПТАУҒА ҚАТЫСТЫ АЛҒАШҚЫ ҮКІМ
Сот Қапшағай қаласындағы ЛА-155/8 қатаң режимдегі түзету мекемесінің 5 қызметкері мен 4 сотталған азаматқа (барлығы 9 адам) қатысты үкім шығарды.
– Колония бастығының орынбасары Қанат Сыздықовқа 6 жыл 9 ай, мекеменің емдеу және алдын алу ісі бойынша орынбасары Жұмағали Әбдімұратовқа 5 жыл 2 ай, колония қызметкерлері Ұлан Ахметов, Сырым Құрманов пен Қанағат Үркімбаевтардың әр қайсысына 6 жарым жылдан бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, – деді адвокат Гауһар Сәлімбаева Азаттық радиосына.
Осы іске қатысты жауапқа тартылған төрт сотталған азаматқа да үкім шықты. Олардың негізгі жаза мерзімін ескере отырып, жалпы алғанда Байрамали Гусейнов 7 жыл 8 ай, Максим Пономарев 20 жыл, Анатолий Фролов 9 жыл 6 ай және Мұрат Әділбеков 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Жәбірленуші 28 жастағы Жандос Сағатов 2010 жылы наурыздың 20-сында Алматы облысының Заречный кентіндегі қатаң режимдегі ЛА-155/8 колониясына түскен еді. Ресей әскери академиясының түлегі, зенитті әскери бөлімнің командирі болған Сағатов «есірткі таратты» деген айыппен колонияға 14 жылға жазасын өтеуге жіберілген. Алайда ол колонияға түскен алғашқы күні-ақ мекеме қызметкерлері мен өзге де сотталушылардан қорлық көрген. Сағатовтың туыстарының айтуынша, жас жігітті түзету мекемесіндегілер жабылып ұрып, зорлаған. Соның кесірінен Сағатовтың тік ішегі жыртылып, қуығы жарылып кеткен. Төрт рет операция жасатқан Жандос Сағатов қазір бесінші операцияны күтіп отыр. Сағатовтың адвокат Гауһар Сәлімбаева соттың «бұл шешімі әділ» деп бағалады.
ЖАЗА ЕМЕС, ПРОЦЕСТІҢ ӨЗІ МАҢЫЗДЫ
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл – Қазақстандық қылмыстық атқару жүйесі тарихында азаптау айыбы бойынша сотқа жеткен алғашқы іс. Сондықтан бұл істің нәтижесі емес, қозғалуы мен сотқа жеткендігінің өзі өте маңызды дейді «Азаптауға қарсы коалициясының» мүшесі, Алматы және
Алматы және Алматы облысы бойынша түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрайымы Ардақ Жанәбілова. Алматы,17 қараша 2010 жыл.
Алматы облысы бойынша түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрайымы Ардақ Жанәбілова. – Бұл істе біз үшін маңыздысы – жаза емес, осы процестің өзі. Өйткені қоғам өкілдері, прокуратура және мемлекеттік органдардың барлығы түзету мекемесінде болған азаптау фактісін сынады. Ең бастысы – колония қызметкерлері жазадан қашып құтылмайтындықтарын білуі тиіс. Сотталушыларда да әділдік [барын], құқыққорғаушылар араша түсетіндігін білуі тиіс. Қазір Қазақстанның барлық сотталушылары осы істі бақылап, оның шешімін күтіп отыр, – дейді Ардақ Жанәбілова.
ҮКІМГЕ НАРАЗЫЛЫҚ
Сот үкім шығарған күні сотталғандардың туыстарымен хабарласу мүмкін болмады. Алайда, адвокат Гауһар Сәлімбаеваның сөзінше, сотталғандардың туыстары үкімге наразылық білдірген.
– Сот аяқталған соң Қанат Сыздықовтың әйелі мен әпкесі мені жұлқылап, «барлығын сатып алдың» деп айыптады, – дейді адвокат.
34 жастағы майор Қанат Сыздықовтың әйелі Әсия 2010 жылдың мамыр айында өз күйеуінің кінәсіз айыпталғандығы жайлы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің блогына хат жазған еді. Ол хатта майор Сыздықовтың 2010 жылдың наурызында Атбасар қаласындағы колония басшысының орынбасары қызметінен Заречныйдағы ЛА-155/8 түзету мекемесіне ауысқаны айтылған. «Арада 14 күн өткеннен кейін күйеуіме негізсіз айып
Кінәлілер міндетті түрде жазалануы тиіс, бірақ менің бауырымның еш жазығы жоқ