Қарағандылық зағип оқушы Әділ Оралбаев көзі көрмейтін балаларға арналған компьютер үйірмесін жүргізеді. Ол интернет арқылы тапқан шетелдік достарымен бірге арнайы компьютерлік ойындар құрастырады.
Оралбаевтар отбасы Әділдің көзі көрмейтінін бірден байқамаған. Анасына шұғыл операция жасап босандырған дәрігерлер баланы басынан қысқашпен тартқан кезде көзіне зақым келген. Туғаннан кейін Әділ есінен танып қалған. Алты айында нәрестенің денесі тырыса бастаған соң оны тексерген дәрігерлер баланың көзі көрмейтінін анықтаған. Кішкентай кезінде көзіне екі операция жасағанымен, дәрігерлер «баланың көру қабілетін қалпына келтіруге үміт аз» деген.
Бірақ Әділдің өзі қос жанарының көрмейтіндігін уайымдамайды. Қарағанды қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық №1 мектеп-интернатта оқитын ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады.
ЖАҢАЛЫҚҚА ӘУЕСТІК
Әділ Оралбаевтың көзі көрмегенімен, дәрменсіз емес. Кішкентай кезінен өздігінен әрекет етуге талаптанып, сүйікті ісін де өзі таңдаған. Техниканы өзі сатып алып, аудио құралдың көмегімен компьютерді меңгеріп, мәтін терудің «он саусақ» әдісін үйреніп алған.
– Техникаға 11 жасынан әуестене бастады. Ұялы телефонға зағип жандарға арналған бағдарламасын өзі орнатып алды. Кейін оны ноутбукке де орнатып
қойды. Сосын компьютерлік ойындарға да ықыласы ерекше, - дейді Әділдің анасы Жанар Динаятова Азаттық тілшісіне.
Визуалды ойындар жарамайтын болғандықтан, ол компьютерлік ойындардың басқа нұсқаларын іздей бастаған. Компьютерлік ойынның кейбір бөліктерін өзі ойлап тапқан, ал кейбірін интернеттен іздеп тапқан. Айтпақшы, Әділдің интернеттің көмегімен тапқан достары да көп.
Қос жанары мүлде көрмейтін Әділ Оралбаев көп нәрсеге әуес: ән айтады әрі вокалмен кәсіби деңгейде шұғылданғысы келеді. Оған баласы оқитын мектеп-интернатта тәрбиеші әрі музыкалық жетекші болып істейтін анасы көмектеседі. Әділ шетелдік достар тапқалы ағылшын тілін де үйрене бастаған. Бірақ ол ең басты хоббиі – зағип жандарға арналған компьютерлік техника мен навигацияны меңгеріп, қолдану екенін айтады.
ЗАҒИПТАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙІРМЕ
Әділ достарымен бірге компьютер экранындағы қимыл-қозғалыстарды дыбыс арқылы беретін арнайы бағдарлама құрастырған. Ол «компьютерлік ойындар – әлемдегі барлық зағип жандарды біріктірудің негізі» деп есептейді. Қазір ол шетелдік достарымен дыбыс арқылы ойналатын компьютерлік ойындардың жетілдірілген түрлерін құрастырып жүр.
– Әуелі ойынның эпизоды мен сценарийі, сосын қимыл-қозғалыстары жасалады. Мысалы, достарыммен құраған соңғы ойын «Болото» деп аталады. Ол зағип
жандар арасында тез таралып кетті. Күн сайын оны интернетте бір миллионнан аса адам ойнайды. Жуырда «Қауіпті жүректер» деген ойынның ағылшын тіліндегі соңғы нұсқасын шығарамыз. Бұл – Африкада ұрланған қызды құтқару туралы ойын. Оны клавиатура арқылы ойнайды. Көзі көретін адам мұндай ойындарды көрмейді әрі түсінбейді. Бірақ тырысса, ойнап кетуі де мүмкін, – дейді Әділ Оралбаев Азаттық тілшісіне.
Әділ алған білімін кеңірек қолданып көрмек. Қазір 16 жастағы жасөспірім зағип балаларға арналған компьютерлік үйірмені жүргізеді. Әділге мұндай мүмкіндікті 2013 жылы Қарағанды қаласында құрылған «Ақбота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығы ұсынған. Компьютерлік үйірме сабақтары жуырда басталған. Сабақтар әр жексенбіде Қарағанды қаласындағы «Ақбота» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында өтеді.
– Зағип балалар көп болғандықтан, мұндай үйірме ашу – көптен ойымызда жүрген идея болатын. Ал Әділдің қабілеті күткенімізден де асып кетті. Ол үйірмені өзі жүргізуді ұсынды. Байқап көріп едік, қолынан келетінін дәлелдеді. Балалар компьютерлік сауаттылықты меңгеріп жүр. Меніңше, бұл әлі басы ғана, – дейді «Ақбота» жетекшісі Сәуле Алшынбаева Азаттық тілшісіне.
Әзірше үйірмеге екі оқушы бала қатысып жүр. Олар сабаққа өз ноутбуктерімен келеді. Әділ қимылды дыбыс арқылы беретін арнайы бағдарламаның көмегімен балаларға компьютерді пайдалануды үйретеді. Үйірмеге көбірек бала қатысу үшін ноутбуктер керек. Ата-аналардың көбінің оны сатып алуға шамасы жоқ, үйірмеде де мұндай техника жоқ. «Үйірмені дамыту үшін демеушілер қажет» дейді ол.
ӘДІЛДІҢ МАҚСАТЫ
Әділдің пікірінше, Қазақстанда мүгедек зағип жандарға дұрыс жағдай жасалмаған. Америкада зағиптарға арналған «сөйлейтін» электр аспаптары бар екенін зағип достарымен интернет арқылы сөйлескен кезде естіген. Әділ енді Америкаға барып, зағип жандардың қандай жағдайда тұрып жатқанымен танысып, ондағы іс-тәжірибені өз елінде пайдаланғысы келеді. Бұл үшін ол америкалық бағдарламаға да қатысқан, бірақ іріктеуден өтпепті.
– Қазақстанда зағип жандар кітап оқи алатын арнайы бағдарлама болса деймін. Кейбір сыныптарға арналып шығарылған мұндай оқулықтар бар, бірақ олар өте ескі әрі жетпейді. Географиялық карталарды да қайта құрастыру керек. Зағиптар қоғамы тифлоплеер, Брайль принтері, кітап оқитын машиналар сияқты көзі көрмейтін жандарға барлық қажет құралдарды берсе дұрыс болар еді. Зағиптарға арналған навигаторлар да керек. Ондай құралдың көмегімен виртуалды маршрут жасап, қалаған жағыңа баруыңа болады. Мұражай сияқты орындарда көрмедегі экспонаттарды қолмен ұстауға болмайтыны жаман. Ұстап көрмесең, оның не екенін ұқпайсың ғой, - дейді Әділ.
Әділ Оралбаев жүргізетін компьютер үйірмесі жайлы видео:
Әділдің айтуынша, Қазақстан зағип азаматтарға арналған техника жасаудан артта қалған. Ол зағиптардың өмірін жеңілдету үшін жайлы жағдай жасауды армандайды.
– Негізгі мақсатым – елімізде тұратын зағип жандарға жағдай жасау. Техника мен навигацияны дамыту жағынан артта қалдық. Бұл жайлы өмір сүруге кедергі келтіреді. Қолымнан келгенше тырысып көремін. Мысалы, Ресейден навигатор сатып аламын да, картаның қалай құрастырылғанын қарап, қайта өңдеп, «прошивкасы» мен өзге детальдарын жасаймын. Сөйтіп мұндай аспаптар өзімізде де пайда болады, - дейді Әділ Оралбаев Азаттық тілшісіне.
Қазір Әділдің бос уақыты жоқ. Ол Қазақстан мен Ресейде өтетін конкурс, фестивальдерге қатысып, жеке өзі де, дуэтпен де ән айтады. Қазір кезекті вокалдық конкурсқа дайындалып жүр. Бірақ ең басты хоббиі мен мақсаты – зағип балаларды оқытуды да ұмытпайды.
Бірақ Әділдің өзі қос жанарының көрмейтіндігін уайымдамайды. Қарағанды қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық №1 мектеп-интернатта оқитын ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады.
ЖАҢАЛЫҚҚА ӘУЕСТІК
Әділ Оралбаевтың көзі көрмегенімен, дәрменсіз емес. Кішкентай кезінен өздігінен әрекет етуге талаптанып, сүйікті ісін де өзі таңдаған. Техниканы өзі сатып алып, аудио құралдың көмегімен компьютерді меңгеріп, мәтін терудің «он саусақ» әдісін үйреніп алған.
– Техникаға 11 жасынан әуестене бастады. Ұялы телефонға зағип жандарға арналған бағдарламасын өзі орнатып алды. Кейін оны ноутбукке де орнатып
Визуалды ойындар жарамайтын болғандықтан, ол компьютерлік ойындардың басқа нұсқаларын іздей бастаған. Компьютерлік ойынның кейбір бөліктерін өзі ойлап тапқан, ал кейбірін интернеттен іздеп тапқан. Айтпақшы, Әділдің интернеттің көмегімен тапқан достары да көп.
Қос жанары мүлде көрмейтін Әділ Оралбаев көп нәрсеге әуес: ән айтады әрі вокалмен кәсіби деңгейде шұғылданғысы келеді. Оған баласы оқитын мектеп-интернатта тәрбиеші әрі музыкалық жетекші болып істейтін анасы көмектеседі. Әділ шетелдік достар тапқалы ағылшын тілін де үйрене бастаған. Бірақ ол ең басты хоббиі – зағип жандарға арналған компьютерлік техника мен навигацияны меңгеріп, қолдану екенін айтады.
ЗАҒИПТАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙІРМЕ
Әділ достарымен бірге компьютер экранындағы қимыл-қозғалыстарды дыбыс арқылы беретін арнайы бағдарлама құрастырған. Ол «компьютерлік ойындар – әлемдегі барлық зағип жандарды біріктірудің негізі» деп есептейді. Қазір ол шетелдік достарымен дыбыс арқылы ойналатын компьютерлік ойындардың жетілдірілген түрлерін құрастырып жүр.
– Әуелі ойынның эпизоды мен сценарийі, сосын қимыл-қозғалыстары жасалады. Мысалы, достарыммен құраған соңғы ойын «Болото» деп аталады. Ол зағип
Әділ алған білімін кеңірек қолданып көрмек. Қазір 16 жастағы жасөспірім зағип балаларға арналған компьютерлік үйірмені жүргізеді. Әділге мұндай мүмкіндікті 2013 жылы Қарағанды қаласында құрылған «Ақбота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығы ұсынған. Компьютерлік үйірме сабақтары жуырда басталған. Сабақтар әр жексенбіде Қарағанды қаласындағы «Ақбота» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында өтеді.
– Зағип балалар көп болғандықтан, мұндай үйірме ашу – көптен ойымызда жүрген идея болатын. Ал Әділдің қабілеті күткенімізден де асып кетті. Ол үйірмені өзі жүргізуді ұсынды. Байқап көріп едік, қолынан келетінін дәлелдеді. Балалар компьютерлік сауаттылықты меңгеріп жүр. Меніңше, бұл әлі басы ғана, – дейді «Ақбота» жетекшісі Сәуле Алшынбаева Азаттық тілшісіне.
Әзірше үйірмеге екі оқушы бала қатысып жүр. Олар сабаққа өз ноутбуктерімен келеді. Әділ қимылды дыбыс арқылы беретін арнайы бағдарламаның көмегімен балаларға компьютерді пайдалануды үйретеді. Үйірмеге көбірек бала қатысу үшін ноутбуктер керек. Ата-аналардың көбінің оны сатып алуға шамасы жоқ, үйірмеде де мұндай техника жоқ. «Үйірмені дамыту үшін демеушілер қажет» дейді ол.
ӘДІЛДІҢ МАҚСАТЫ
Әділдің пікірінше, Қазақстанда мүгедек зағип жандарға дұрыс жағдай жасалмаған. Америкада зағиптарға арналған «сөйлейтін» электр аспаптары бар екенін зағип достарымен интернет арқылы сөйлескен кезде естіген. Әділ енді Америкаға барып, зағип жандардың қандай жағдайда тұрып жатқанымен танысып, ондағы іс-тәжірибені өз елінде пайдаланғысы келеді. Бұл үшін ол америкалық бағдарламаға да қатысқан, бірақ іріктеуден өтпепті.
– Қазақстанда зағип жандар кітап оқи алатын арнайы бағдарлама болса деймін. Кейбір сыныптарға арналып шығарылған мұндай оқулықтар бар, бірақ олар өте ескі әрі жетпейді. Географиялық карталарды да қайта құрастыру керек. Зағиптар қоғамы тифлоплеер, Брайль принтері, кітап оқитын машиналар сияқты көзі көрмейтін жандарға барлық қажет құралдарды берсе дұрыс болар еді. Зағиптарға арналған навигаторлар да керек. Ондай құралдың көмегімен виртуалды маршрут жасап, қалаған жағыңа баруыңа болады. Мұражай сияқты орындарда көрмедегі экспонаттарды қолмен ұстауға болмайтыны жаман. Ұстап көрмесең, оның не екенін ұқпайсың ғой, - дейді Әділ.
Әділ Оралбаев жүргізетін компьютер үйірмесі жайлы видео:
Your browser doesn’t support HTML5