«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірісте жүріп мүгедек болған шахтерлері құқықтарын қорғау үшін бірікті. Оларға өтемақы төлеуге сот шешім шығарғанымен, компания оны орындамай отыр.
«Мүгедек шахтерлерге өтемақыны жұмыс беруші мен сақтандыру компаниясының қайсысы төлеуі тиіс?» деген даудың басталғанына көп болды.
200-ден аса жұмысшы өтемақыларын 2012 жылдың тамызынан бері ала алмай келеді. Сақтандыру компаниясы «Кәсіпорын бізге дұрыс мәлімет бермеді. Кәсіби науқастардың саны олар айтқан адамдардан көп болып шықты» деп, өтемақы төлеуден бас тартқан.
Бірнеше адам сақтандырушы компаниямен өз күшімен соттасуға тырысты. Ал шахтерлердің көбі кеншілердің «Қорғау» кәсіподақ ұйымынан көмек сұрады. Кәсіподақ жұмыс берушіні бірден сотқа берді. Сот екі жағдайда да дауды мүгедек шахтерлердің пайдасына шешкенімен, ол шешім әлі орындалған жоқ. Шахтерлер «егер өтемақыны сақтандыру компаниясы төлемесе, жұмыс беруші төлеуі тиіс» дейді.
«ПРОКУРОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖАЗЫЛДЫҚ»
Пришахтинск қаласының тұрғыны, 49 жастағы Евгений Архипов – кәсіподақ көмегіне жүгінген мүгедек шахтерлердің бірі. Сот оның өтемақысын төлеуді жұмыс беруші - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына міндеттейді. Бірақ ол ақшасын әлі алмаған.
Бұл өндіріс орнында ол 28 жыл жұмыс істеген. Оның соңғы 16 жылында Евгений Архипов Костенко атындағы көмір шахтасында еңбек еткен. 2012 жылы кәсіби дертке шалдыққан. Қазір ол – еңбек ету қабілетінің 50 пайызын жоғалтқан үшінші топ мүгедегі. Белінің құяңы,омыртқасының жарығы (грыжа) бар, буындары қисайған, басқа да сырқаттары білінген. Мүгедектікке шыққан соң оған жеңіл еңбек ретінде қазандықтан жұмыс ұсыныпты.
- Бірақ қазандықтың іші - сыз, желдің өті, арқаға көп күш түсетін жер. Менің денсаулығым жарамайтын, шамам келмейтін жұмыс. Кәсіби ауруға шалдыққан басқа шахтерлер сияқты ақыры жұмыстан шығуыма тура келді. Маған ай сайын 104 мың теңгедей өтемақы алып тұрасың деген. Аламын ғой деп ойлағам. Бірақ заң бойынша тиесілі ақшамды ала алмай жүргеніме бір жыл болды, - дейді мүгедек Евгений Архипов Азаттық тілшісіне.
Евгений Архиповке тағайындалуы тиіс төлемдер «АрселорМиттал Теміртау» мен «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясының арасындағы келісім-шартта қарастырылған. Қазір ол мүгедектігі бойынша мемлекет төлейтін 32 мың 400 теңге жәрдемақы ғана алады. Евгений «ем-дәрі қымбат, үнемі витамин ішуің керек, мына ақшаға қалай күн көресің?» дейді.
Мүгедек шахтерлер құрған бастамашыл топтың мүшелері шенеуніктер мен құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып, әділет іздейді. Топ мүшелерінің бірі – Сергей Бажанов. Ол - екінші топ мүгедегі, жұмыс істемегеніне 10 жылдан асқан. Бірақ қол қусырып отырмай, өзі сияқты мүгедек шахтерлердің құқығын қорғауға көмектесуге тырысады.
- Оларға неге көмектескім келеді деп ойлайсыз? Өйткені егер компания қазір мына мүгедек шахтерлерден құтылып кетсе, кейін басқа мүгедектерден де оңай құтыла салуы мүмкін, - дейді бастамашыл топтың мүшесі Сергей Бажанов.
Белсенділер Қарағанды облысының прокурорының қабылдауына жазылған. Қазір прокурордың шақыртуын күтіп отыр.
КОМПАНИЯ МҮЛКІН ҚАМАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕДІ
Денсаулығын жоғалтқаны үшін тиесілі өтемақы алмаған наразы шахтерлердің саны қазір 220 адамнан 302 адамға жетті. Оларға жалпы сомасы 349 миллион теңге немесе 2 миллион 300 мың доллардан сәл көбірек өтемақы төленуі керек. Өтемақыны жұмыс беруші төлеуі тиіс деген сақтандыру компаниясы сотқа бұл мәліметті өзі тапсырған.
- Заң бойынша егер сақтандыру компаниясы төлемесе, өтемақыны адамның денсаулығына зиян келтірген кәсіпорын төлеуі тиіс. Еңбек кодексінде 164- бап бар. Сондықтан кәсіподақ облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау
епартаментімен бірлесіп «АрселорМиттал Теміртауды» сотта жеңіп шықты. Компания, әрине қарсы апелляция берді. Бірақ облыстық сот та шахтерлердің талабын қолдап, жұмыс берушіні төлеуге міндеттеді, - дейді кеншілердің «Қорғау» кәсіподағының құқықтық инспекторы Лидия Байкынич.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Өтемақыны сақтандыру компаниясы төлеуі тиіс. «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы алдындағы өз міндеттемелерімізді біз толық орындағанбыз» дейді.
Өтемақы төлеу туралы сот шешімі орындалмаған соң сот орындаушысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының есеп-шоттарын құрсаулауды ұсынды. Алайда тамыздың 16-сы күні Теміртау қалалық сотының судьясы Марқашова бұл ұсынысты қабылдамау туралы ұйғарым шығарды. Шахтерлер кәсіподағы тамыздың 19-ы күні күні бұл шешімге шағым түсірді.
Еңбек мүгедектері мен кәсіподақ белсенділері «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан шахтерлердің денсаулығына келген өндірістік зиян үшін өтемақы алмай алған бетімізден қайтпаймыз» деп бекініп отыр.