Қарағанды қалалық мәслихатының үш депутаты осы облыста тарайтын «Взгляд на события» газетінің редакторын «тіл тигізді» деп айыптайды. Редактор өзіне тағылған айыппен келіспейді.
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Қабдығали Оспанов, Татьяна Кравченко мен Әдия Әлімбаева осы аумақта тарайтын ақпараттық-жарнамалық «Взгляд на события» газетінің редакторы Сергей Перхальскийді «көпшілік алдында тіл тигізді» деп айыптап, полицияға арыз түсірген.
Жергілікті шенеуніктердің шағымдануына газетте мамырдың 9-ы күні жарық көрген «Депутаты с другой планеты» («Жат планеталық депутаттар») атты мақала негіз болған. Мақалада депутаттардың қоғамдық көлік жұмысын тексеру үшін рейдке шығып, автобусқа мінгендері баяндалады. Автор шенеуніктердің қоғамдық көлікке мінуін «қарапайым тұрғындардың лимузин жалдауы» сияқты сирек оқиға деп сипаттаған.
ТЕРГЕЛУ
Шенеуніктердің пікірінше, осы рейдтен өз көрген-білгенін баяндаған журналистің мақаласында олардың «намысын қорлап, тіл тигізген» бірнеше сөйлем бар. Олар осы сөйлемдер үшін полициядан журналисті қылмыстық кодекстің 320-бабының 2-бөлігі, яғни «БАҚ арқылы билік өкіліне тіл тигізу» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Арыздың көшірмелерін Сергей Перхальский Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.
Перхальскийдің айтуынша, маусымның 4-і күні полицейлер оны осы арызға байланысты тергеп кеткен. Бейсенбі күні түске қарай Азаттық тілшісімен сөйлескенде ол полицияның өзіне қатысты қандай шешім шығарғанынан хабарсыз екенін айтты. Журналист өзіне тағылған айыппен келіспейді, заңға қайшы ешқандай әрекет жасамадым деп санайды.
«Мен оларға тіл тигіздім деп ойламаймын. Олар сүйтіп ойласа, мархабат - дәлелдесін. Мен өз сөзіме жауап бере аламын. Өзге елдегі кез-келген депутат полицияға арыз жазғанша ең әуелі автобуспен жүргенін көрсетер еді. Бұл олардың сайлаушыларынан қаншалықты алшақ екенін байқатады» дейді ол.
Азаттық тілшісі арыз иелерінің пікірін білу үшін Қарағанды қалалық мәслихатына хабарласқан кезде телефон тұтқасын көтерген қызметкер «бұл мәселелер бойынша тек аппарат жетекшісі Саят Бейсембеков түсініктеме бере алатынын, бірақ ол жұмыс орнында емес» екенін айтты.
Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасының бөлім бастығы Жанатай Сембеков Азаттық тілшісіне полицияға депутаттар тарапынан арыз түскенін растады.
«Арыз түскен. Енді материал бойынша істі сотқа жолдап та қойған болар» деді ол.
Қарағанды қаласының Қазбек аудандық соты істің әзірге түспегенін айтты.
«БҰЛ ТІЛ ТИГІЗУ ЕМЕС»
«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Сергей Перхальскийдің мақаласында жеке басқа тіл тигізетін ешқандай сөз жоқ деп санайды. Ол журналистің бар болғаны «БАҚ заңына сәйкес, қандай да бір оқиға немесе әрекет туралы өз пікірі мен бағалауларын жария түрде жеткізгенін» айтады.
«Тіл тигізу – ар-намысқа бейәдеп түрде тіл тигізу. Мақалада ешқандай бейәдеп сөздер жоқ. Бұған қоса тіл тигізу әрқашан қандай да бір жеке тұлғаға бағытталады. Мұнда ол бірде-бір адамды айыптамайды. Ешкімді атамайды. БАҚ туралы заңда сөз бостандығы, пікір мен көзқарас еркіндігі бар» дейді Калеева.
Қоғамдық белсенді соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлер тарапынан журналистерге теріс көзқарастың күшейгенін, журналистерге тағылған қылмыстық айыптардың саны артқанын айтады.
«Бұған дейін парламентте және бас прокуратурада «Кәсіби қызметі үшін журналистерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын алып тастау керек пе?» деген сұрақ талқыланды. Қоғам көптен бері декриминализация керек екенін айтады. Бұл - халықаралық қауымдастық алдында алған міндетіміз, жалпы қоғам алдындағы моральдық-адамгершілік міндетіміз. Бірақ бас прокуратура, меніңше, сөз бостандығын адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде санамайтын сияқты. Ол мүлдем қарсы болды. Депутаттар да іс жүзінде бас прокуратурамен келісті. Меніңше, қылмыстық айыптардың үдеуі осымен байланысты сияқты» дейді ол.
Бұған дейін Қазақстанда Insiderman интернет-жобасының авторы журналист Валерий Сурганов пен журналист Наталья Садықоваға өсек-аяң бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалған болатын.
Халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымдары Қазақстандағы тәуелсіз және оппозициялық БАҚ-тың шектеу көретінін жиі сынайды. Reporters Without Border ("Шекарасыз тілшілер") ұйымының 2014 жылғы Баспасөз еркіндігі индексі бойынша Қазақстан 161-орында тұр.
Ақпараттық-жарнамалық «Взгляд на события» газеті Қарағанды және Алматы қалаларында тарайды. Тиражы – 5 мың.