Қостанай облысына кәмелет жасына толмай көшіп келген оралман не Қазақстанның азаматтығын ала алмай, не өзінен талап етілген құжатты әкелу үшін Өзбекстанға кіре алмай дал.
Саябек Нағашыбаев Қостанай облысының Рудный қаласына ата-анасымен бірге былтырғы қазанның 5-і күні көшіп келген. 2014 жылдың наурызында үкіметтің «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» қаулысы бойынша бұл облыс оралмандарды қабылдайтын жеті аймақтың бірі болып бекітілген.
«Былтырғы қазанның 30-ы күні ата-анаммен бірге мен де «оралман» мәртебесін алдым. Азаматтыққа құжат жинап өткізгенше қарашаның 17-сі болды. Ал мен қарашаның 4-і күні 16-ға толған едім. Рудный қалалық көші-қон полициясы «16 жасқа толғаныңа екі апта болып қойыпты. Сондықтан сен азаматтыққа әке-шешеңнен бөлек жеке өтініш бересің. Ол үшін Өзбекстаннан кәмелеттік жасқа толғаныңды нақтылайтын паспорт алып кел» деп берген өтінішімді қайтарып тастады. Бірақ мен ол елден ата-анаммен кәмелетке толмаған жасөспірім ретінде паспортсыз, куәлікпен шығып кеткендіктен мені шекарадан паспортсыз қайта өткізбейді» дейді Саябек Азаттық тілшісіне шағымданып.
Саябектің анасы Күнсұлу Жайсанованың айтуынша, жұбайы Салихан Қожабаев пен екі қызы және өзі Қазақстан азаматтығын алған, бірақ ұлы Саябек бюрократиялық жүйеде сенделіп қалған.
«Саябек 1997 жылғы қарашаның 4-і дүниеге келген. Біз Өзбекстаннан 2013 жылдың қазан айында кеттік. Ол кезде балам кәмелеттік жасқа толған жоқ болатын. Сондықтан ол Өзбекстан азаматтығынан кәмелеттік жасқа толмаған бала ретінде ата-анасымен бірге автоматты түрде шығарылды. Және ол Қазақстанға келіп оралман мәртебесін алған кезде де 16-ға толған жоқ болатын. Енді азаматтыққа құжат өткізгенде 16-ға толды деп өтінішті қабылдамай отыр. Бұл қаншалықты заңды?» дейді Күнсұлу.
«ӨЗБЕКСТАННАН ПАСПОРТ АЛЫП КЕЛСІН»
Азаттық тілшісі Қостанай облысы Рудный қалалық көші-қон полициясына Саябектің шағымына қатысты хабарласты.
Жергілікті көші-қон полициясының қызметкері Біржан Аманбаевтың айтуынша, «16-ға толған баланың қолында паспорты болу керек».
Азаттық тілшісі көші-қон полициясының өкіліне Саябектің «Өзбекстаннан 16 жасқа
толмай тұрып келдім ғой» деген уәжін келтіріп еді, өкіл:
«Бәрін білем. Ол бүкіл құжаттарын жинаған. Бірақ 16-ға толған соң бізге (көші-қон полициясына – ред.) келді. Шындығында ол Өзбекстанның тіркеуінен шыққаны болмаса, азаматтықтан шығару туралы өтінішін берген жоқ. Тек әке-шешесі ғана Өзбекстан азаматтығынан «отказ» берді. Сондықтан ол (Саябек – ред.) Өзбекстанға барып, қайтадан паспорт алып келсін» деді.
Азаттық тілшісі осы мәселе бойынша Алматыдағы Өзбекстан елшілігінің консулдық бөліміне қоңырау шалған еді.
Өзін «консулдық бөлімнің қызметкерімін» таныстырған, аты-жөнін айтпаған дипломат: «Саябек анасымен келіп кеткен. Өздеріне мәселені толық түсіндіргенбіз» деп қана жауап берді.
«СОТ АРҚЫЛЫ ҒАНА ШЕШЕ АЛАДЫ»
Саябектің анасының айтуы бойынша, Өзбекстан консулдығы: «Бұл – Қазақстанның өз мәселесі. Себебі ол (Саябек – ред.) кәмелеттік жасқа толмаған бала ретінде ата-анасымен бірге азаматтықтан шығарылған. Егер де ата-анасының бірі Өзбекстан азаматтығында қалған жағдайда бұл мәселені консулдық арқылы шешуге болар еді» деп жауап беріпті.
Өзі туған Өзбекстанның паспортын жасөспірім ретінде алып үлгермей Қазақстанға көшіп келіп, енді кәмелетке толған кезде екі елдің де құжатынсыз қалған жас жігіттің мәселесін шешудің заңдық жолдары туралы Азаттық тілшісі жергілікті заңгерден пікір
сұрады. Адвокат Абзал Құспанов оралман отбасының баласына азаматтық алуы үшін көші-қон полициясын сотқа беруден басқа жолы жоқ екенін айтады.
«Мұндай мәселелердің барлығы сот арқылы ғана шешіледі. Басқа жолы жоқ. Азаматтық істердің 24-бабы, 2-тармағына сәйкес азаматтықты сот шешімімен алады. Ол үшін Саябектің қолында қалалық көші-қон полициясының оған не үшін Қазақстан азаматтығы берілмегені туралы жазбаша түрде ресми жауабы болу керек» дейді заңгер.
Қазақстан үкіметі наурыздың 20-ы «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» қаулы қабылдаған еді. Бұл қаулыға сәйкес оралман мәртебесін алып, әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізгісі келетін шетелдік этникалық қазақтар Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына орналастырылмақшы.
Бірақ былтыр желтоқсан айында бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес оралмандар Қазақстан азаматтығын көшіп келген соң 4 жылдан кейін ғана ала алады. Саябек әке-шешесі мен әпкелерінің бұл заң күшіне енбей тұрып бұрынғы оңайлатылған тәртіппен азаматтық алып үлгергеніне қуанады. Бірақ өзі қазақстандық паспортты 4 жылдан соң бір-ақ алам ба деп қауіптенеді.