Қазақстан соты шекарадан өткен бес Қырғызстан азаматының қамау мерзімін екі айға ұзартты. Бішкекте қазақ-қырғыз жер дауына байланысты өткен келіссөз қортындысы алдағы аптада жарияланбақ.
Шілденің 27-сі күні Алматы облысы Райымбек аудандық соты «Қазақстан шекарасын заңсыз кескен» бес қырғыз малшысын екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Бұдан он күн бұрын осы сот бұл бес малшымен бір күнде ұсталған тағы екі қырғыз азаматын қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартқан еді.
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ»
Сенбі күні Райымбек аудандық сотында шыққан шешім туралы Азатттық тілшісіне осы істі қараған судья Ұлан Кішібай хабарлады.
– Олар қыркүйектің 24-іне дейін қамауда болады. Бұған қоса, бес азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің 330-бабының екінші бөлімі бойынша («заңсыз шекара кесу» - ред.) қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық іс осы сотта қаралады, - деді Ұлан Кішібай.
Судьяның айтуынша қырғыз азаматтары Талдықорғандағы ЛА-155/16 тергеу изоляторына жөнелтілмек. Судья қамау мерзімі ұзартылған бес қырғыз азаматының тек фамилияларын ғана атады: Бикеров, Талдыбаев, Мамбеталиев, Атабеков, Дүйсекеев.
Бұл бесеуімен бір күнде ұсталған Қырғызстанның тағы екі азаматы Үсен Ұзақов пен Елдияр Ұзақовты дәл осы Райымбек аудандық соты шілденің 17-і күні екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған.
Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің өкілі Нұрлан Сағымбаевтың айтуынша, Үсен Ұзақовқа «заңсыз шекара кесті» деген (қылмыстық кодекстің 330-бабының 1-бөлімі) айып тағылып отыр.
– Қазір Үсен Ұзақов Райымбек ауданының ішкі істер бөлімінің изоляторында отыр. Қылмыстық іс қазір қаралып жатыр. Әрі қарай сот шешеді, - деді Нұрлан Сағымбаев шілденің 26-сы күні Азаттыққа.
Оның айтуынша, ұсталған қырғыз малшыларының 864 қойы мен 16 аты Қырғызстан шекарашыларына тапсырылған. Қамалған азаматтардың туыстарының бірі Көшербай Ұзақов Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қазақстанда ұсталған жақындарымен жолыға алмай отырғанын айтқан.
– Ол жақта (Қазақстанда – ред.) ағам мен ағамның баласы отыр. Кеше (24 шілде – ред.) барып келді. Ағамның отбасы жоқ. Жеңгесі мен келіні барып келді. Жолыға алмапты. Камерада жатқан жерін экраннан көрсетіпті, - дейді ол.
Ал осы аптада Қырғызстан билігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне «қамалған азаматтарды босату туралы» нота жолдаған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов Азаттыққа әзірге нота жайлы ақпараты жоқ екенін, оны анықтайтынын айтты.
Шілденің 11-і күні Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы түйіскен жер – Көккөл жайлауында сегіз қырғыз малшысын қазақ шекарашылары ұстаған еді. Олардың біреуі кәмелетке толмаған себепті босатылып, қалған жетеуі изоляторға қамалған.
Малшылардың туыстарының айтуынша, олар Қазақстанға өтіп кеткен малдарын қайта айдап шығу үшін енген. Туыстары оқиға болған жерде «шекара сымының тартылмағанын, бұған дейін де жұрт шекара асып кеткен малдарын қайта айдап әкеліп жүргенін» айтады.
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ЖЕР ДАУЫ
Алматы облысында қырғыз малшылары ұсталардан бірнеше күн бұрын, шілденің 7-інде Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекара түбіндегі жер мен су дауы туған еді. Сол күні Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» каналын бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған.
Қырғызстанның Талас ауданындағы суды бөгеген азаматтар Қазақстандыкі деп танылған, ұзындығы 13 шақырым, аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтару; екі ел арасында 2012 жылғы келісім бойынша бөлінген 2,6 мың гектар жердегі белгілерді алып тастау; екі ел шекарасын өзен арқылы өткізу туралы талап қойған.
Осы аптаның басынан бері бұл даулы мәселені шешу үшін екі ел үкіметі арнайы құрған комиссия Бішкекте жабық есік жағдайында келіссөз өткізді. Оның қорытындысы алдағы аптада жарияланатын болады деп хабарлады Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің өкілі Мельс Ержігітов.
– Келіссөздер бүгін бітуі тиіс, бірақ ол туралы ресми ақпаратты екі тарап келесі дүйсенбіде жариялайтын болады, - деді Ержігітов шілденің 27-сі күні Азаттықтың Қырғыз қызметіне.
Бұған дейін Қырғызстанның вице-премьері Токон Мамытовтың қазақстандық «31 арна» тілшісіне: «Егер Жамбыл облысының территориясынан жалға жер берсе «Быстроток» каналын жаппаймыз» деген сөзі қазақстандық сайттардың біріне жарияланып та кетті.
Бірақ бұл мәселеге қатысты Қазақстан сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов Азаттыққа: «Комиссия отырысынан ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ» деп қана жауап берді.
Жамбыл облысының жерін жалға беру туралы мәлімдеме Қазақстан билік өкілдері тарапынан да айтылып қалған болатын. Жергілікті БАҚ Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Бесбай Қансейіттің "егер Қырғызстан су каналын ашса, Қазақстан осы ауданнан 1,5 мың гектар жерді жайылым ретінде жалға беруі мүмкін екенін" мәлімдегені жайлы жазды. Көп ұзамай шенеуніктің «өз құзыретінен тыс жасаған мәлімдемесі үшін» қызметінен қуылғаны туралы хабар тараған.
Шілденің 26-сы күні Азаттық тілшісі Жуалы ауданының әкімдігіне хабарласқан кезде аты-жөнін атамауды өтінген ішкі саясат бөлімінің маманы «әкім орынбасарының қызметтен алынғаны туралы бұйрық әлі шыққан жоқ» деп сырғыта жауап берді. Маман аудан әкімінің Қырғызстандағы келіссөзде жүргенін, жер дауына қатысты анық қандай шешім шыққанын білмейтінін айтты.