Жамбыл облысында қатерлі ісік ауруына шалдыққан жастардың саны артты. «Бұған экологияның бұзылуы, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс сияқты факторлар себеп» дейді дәрігерлер.
Жатыр ісігімен ауыратын 35 жастағы Айгүл Смайылова – екі баланың анасы. Мұндай дертке шалдығамын деп ойламаған ол дер кезінде дұрыс диагноз қоймаған гинеколог дәрігерді кінәлайды.
– Ем қабылдап жатқаныма бес айдай болды. Химия алып біттім. Негізі уақтылы гинекологқа қаралдым. «Қабыну» деп диагноз қойып, емдеді. Сөйтсек қабыну емес, жатырда жара пайда болып, уақтылы анықталмағандықтан, төрт жарым сантиметрге өсіп, шіри бастапты, – дейді өздігінен жүріп-тұрудан қалған Айгүл деміге тіл қатып.
«ЖАҒДАЙЫ АУЫР НАУҚАСТЫ ҮЙІНЕ ҚАЙТАРДЫҚ»
Облыстық онкология диспансері бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ақтолқын Мамадиярова соңғы уақытта қатерлі ісік ауруына шалдыққан жас науқастар көбейгенін айтты.
− Мәселен, жақында жағдайы өте ауыр жап-жас науқасты ем қонбайтын болғандықтан үйіне қайтардық... 16 жасқа енді толған жасөспірімнің жамбас сүйегі шіри бастаған. Меніңше бұл дерттің шығу төркіні ең алдымен экологияның бұзылуында жатыр. Қоғамда әлеуметтік мәселелердің көптігі, күнделікті тұрмыс тауқыметінен адамдардың жүйкесінің тозып, күйзеліске түсуі, дұрыс тамақтанбауы да аурудың асқынуына алып келеді, – деді Ақтолқын Мамадиярова.
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ
Қатерлі ісік ауруының түрі көп. Қазақстанда ең көп көздесетіні - сүт безінің қатерлі ісігі. Ресми мәліметтерге қарағанда, қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындардың есебінде тұр. Ал жыл сайын үш мыңға жуық қыз-келіншек осы дертке шалдықса, оның мыңнан астамы осы аурудан қайтыс болады. Бұрын бұл дертке 50-60 жастағы әйелдер шалдықса, енді 30-40 жастағы қыз-келіншектерден табылып жатыр.
Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Қуандық Егембердиев те соңғы уақытта сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындардың көбейгенін айтты. Бұл дерт өзге аурулармен салыстырғанда бірінші орында тұр. Одан кейінгісі - өкпе, асқазан, тері, әйелдердің жатыр ісігі ауруы екен.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдер сүт безі қатерлі ісігінің пайда болғанын айлап, тіпті жылдап сезбейді. Ауруын асқындырып, дерттің үшінші, төртінші сатысына жеткенде дәрігердің көмегіне жүгінеді.
Сүт безі ісігінің кең тарап бара жатқанын айтқан Ақтолқын Мамадиярова оның себептерін де баяндап шықты.
- Әйелдердің түсік жасатуы жиілеп кеткен. Ішімдік ішіп, темекі тартатын болды. Қыз-келіншектер қазір тынымсыз жұмыс істейді. Әлеуметтік мәселелер де шиеленіскен, дүниеге сәби әкелу шектеле бастаған. Бұл - әйел ағзасындағы гармондарды өзгертіп, қатерлі ісік ауруына ұрындыратын факторлардың бірі. Тұрмысқа кешігіп шығу да сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуға бастайды, - деді ол.
Ескеретін жайт - дәл қазір Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне ең көп шалдығатын аймақтардың қатарына Семей, Өскемен, Павлодар облыстары кіреді. Мамандар мұның басты себебін Семей полигонының жақындығымен байланыстырады.
Ал «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменова:
- Айталық, Жапонияда қатерлі ісіктің алдын алып, бірінші сатысында анықтайды, асқындырмай емдейді. Ал бізде көбіне үшінші, төртінші сатысында анықталады. Өйткенітұрғындар өз денсаулығына салғырт қарайды. Жылына бір рет алдын ала дәрігердің тексеруінен өтетіндер өте аз. Бұл аурудың алдын алу үшін емханадағы дәрігерлер, әсіресе, ауылдағы дәрігерлер сауатты, тәжірибелі болуы қажет, - деді.
ОРЫН АЗ, МАМАН ТАПШЫ
Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Қуандық Егембердиевтің деректеріне қарағанда, онкологиялық аурулармен күресу үшін мемлекеттік қазынадан қыруар қаражат бөлінеді. Мәселен сүт безі ісігіне шалдыққан науқастың емделуі үшін: сырқаттың бірінші сатысындағы науқасты емдеуге - 108 мың теңге, төртінші сатысында 27 миллион теңге кетеді.
- Миллионнан астам тұрғыны бар облысқа 120 орындық диспансер жеткіліксіз. Бүгінде диспансерде бес мыңға жуық адам есепте тұр. Соған байланысты жаңадан 200 орындық диспансер салу жоспарланған. Маман тапшылығы тағы бар. Әсіресе, рентгенологтар мен лаборанттарға мұқтажбыз, -деді Егембердиев.
Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінде 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 1006 адам қатерлі ісік диагнозымен есепке алынған болса, 2012 жылдың тоғыз айында 995 адам тіркелген.
Ал 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында облыста қатерлі ісік ауруынан 612 адам қайтыс болса, 2012 жылдың тоғыз айында 590 адам көз жұмған.

Облысқа 120 орындық диспансер жеткіліксіз. Маман тапшылығы тағы бар. Рентгенологтар мен лаборанттарға мұқтажбыз.