Алматыда халықаралық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі аяқталды. Жастар шығармашылығын қолдау мен олардың кәсіби деңгейінің дамуына жағдай жасауды көздейтін фестиваль биыл жетінші рет өткізілді.
ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ӨРКЕНДЕЙТІНІНЕ СЕНЕДІ
Биылғы жылы «Қазақфильм» киностудиясы фестивалдің 2010 жылы толық метражды кино түсіру мүмкіндігін беретін сертификат түріндегі арнайы сыйлығын тағайындаған болатын. Ол сыйлыққа қазақстандық жас режиссер Серік Әбішев лайықты деп танылды.
Ал "Шәкен жұлдыздарының" басты жүлдесі режиссер Дрор Захавидің «Ради отца» ("Әкем үшін") фильміне бұйырды. Бұл картина Германия мен Израиль мемлекеттерінің бірігіп түсірген туындысы.
Студенттік анимация секциясы бойынша қазақстандық режиссер Адай Абельдиновтың «Қоңырау» атты туындысы жеңіске жетті.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, биылғы жылғы іріктеу комиссиясына 30 мемлекеттен 466 өтініш түскен. Байқауға 65 фильм қатысты. Қазақстандық жастардың бар-жоғы 9 туындысы іріктеліп алынды. Іріктеу комисиясы мүшелері олардың өзінің әрең алынғандығын алға тартады. Олардың пікірінше, қазақстандық киноның сапасы сын көтермейді. Ал шет елдің сарапшы мамандары қазақстандағы киноиндустрияның аяқ алысы жаман емес деген пікір айтады.
Биылғы жетінші кинофестивальге қатысқан 65 фильм «Дебюттер», «Жастар киносы» және «Студенттік кино» секциялары бойынша сынға түсті. Халықаралық әділ қазылар алқасының төрайымы грузин режиссері Нана Джорджадзе байқауға қатысқан картиналардың барлығы шетінен жоғары деңгейде болғандығын айтады.
- Бағдарламаға өте керемет туындылар енгізілген. Іріктеушілер шын мәнісінде өте тамаша, мәнді, мағыналы, белгілі бір ойы бар картиналарды ғана жинастырыпты. Біз ең таңдаулыларды іріктеу барысында өте қатты қиналдық. Өйткені, олардың барлығы да сапалы картиналар еді, – дейді ол.
Шетелдік маманның пайымдауынша, «Шәкен жұлдыздары» өзінің биылғы бағдарламасымен әлемнің кез келген кинофестивалінің алдында мақтана алмақ.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОГЕРЛЕРДІҢ ӨЗ КӨҢІЛДЕРІ ОЛҚЫ
Байқау бағдарламасына Қазақстаннан бар-жоғы 9 режиссер ғана қатысты. Мұның бірден бір себебі – қазақстандық картиналардың сапасының сын көтермейтіндігінде.
Қазақстан киноматографистер одағының Басқарма мүшесі, режиссер Лейла Аранышева қазіргі қазақстандық киноның кәсіби деңгейі төмендеп кеткендігін айтады. Оның пікірінше, технологияның озық жетістіктерінің арқасында кез келген адам кино түсіре алатын болған. Киноны өнер емес хобби ретінде қабылдайтындар көбейіп кеткен. Бұның өзі осы саладағы құлдырауға алып келеді дейді режиссер.
- Мен сізге шынымды айтайын, біздің киноның іріктеуі өте қиын болды. Әлемнің түпкір- түпкірінен келген қаншама картиналардың жанында біздің фильмдер тіптен нашар. Іріктелгендердің өзін тек студенттік кино секциясына енгізуге мәжбүр болдық - дейді Лейла Аранышева.
Дегенмен әділ қазылар алқасының төрайымы Нана Джорджадзе байқауға қатысқан қазақстандық жастардың талпынысы жаман емес екендігін атап өтті.
- Сіздерде әрқашан өзіндік ерекшелігі бар, қызықты, дәстүрлік болмыстарыңызға сай кинолар болған. Бірақ дәл қазір ондай мағыналы кинодан біз барлығымыз алыстап кеткен сияқтымыз. Дегенмен қазақ жастарынан ерекше талпыныс пен еңбекқорлық байқалады. Сондықтан мемлекет оларға жан-жақты қамқор бола білсе екен деген тілегім бар -дейді Нана Джорджадзе.
Ал Германиядан келген киносыншы Шлегель Ханс-Иохим өз елінде Рүстем Әбдірашовтың «Сталинге сыйлық» картинасы танымал екендігін айтады. Қазіргі қазақ киносының аяқ алысына ризалығын білдірген ол, ең бастысы қазақи негізді, түп-тамырды жоғалтып алмау керектігін ескертеді.
- Бүгінгі көрерменге американдық немесе еуропалық «кинокөшірмелердің» керегі шамалы. Өйткені олар онсыз да барлығына қанық. Бүгінгі көрермен шынайылықты, ұлттық нақышты, төл табиғат пен адами қатынастарды көргісі келеді. Осы талаптарды негізге ала отырып, қазақтар ешқандай еліктеуге жол бермей, өз қазақи киносын түсіре берсе, жетер жетістіктері аз болмас деген ойдамын, – дейді Шлегель Ханс-Иохим.