Биыл Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген бірнеше фильмнің премьерасы өтті.
Шілдеде жергілікті екі телеарна «Назарбаев.live» деректі фильмін көрсетті. Желтоқсанның басында экранға президент Назарбаев туралы жалпы ұзақтығы үш сағаттық екі фильм шықты. Оның бірі - "Елбасы жолы". Премьераға Азаттық тілшісі де барып қайтты.
ШАМАЛҒАННАН АҚОРДАҒА ДЕЙІН
Киноэпопеяның екі фильмі де («Отты өзен» және «Теміртау») – 2011 жылы шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы. Фильм Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті «Қазақстандық Магнитка салу» үшін туған ауылы Шамалғаннан 1958 жыл Теміртау қаласына аттанған эпизодтан басталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың қалалық партия комитетінде қызмет істей бастаған кезімен аяқталады.
Көрерменге бас кейіпкердің 1958-1967 жылдардағы өмір жолының құрылыста жұмыс істеуі, Украинаның Днепродзержинск қаласындағы техникалық училищеде оқыған шағы, Теміртауда металлург болып істегені, партияда
мансабының басталуы сияқты негізгі кезеңдерін көрсетеді. Кинохикаяда украин қыз Людамен достығы, кейін Сарамен кездесіп, үйленуі сияқты романтикалық тұстар бар.
Сценарийін жазған Шахимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» деген кітаптарын және Қазақстан президентінің әріптестері, достары мен замандастарының естеліктерін пайдаланған.
Бас кейіпкер мен әке-шешесінің рөлін «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі актерлер Нұрлан Әлімжанов, Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Орынбасарова ойнайды. Қазақстандық актерлерден бөлек фильмге Валентин Гафт, Сергей Шакуров, Виктор Сухоруков, Мария Голубкина сияқты ресейлік актерлер де түскен.
Фильмде кадр сыртындағы дауыс арқылы президенттің естеліктері берілген. Назарбаевтың анда-санда кадрға шығуы фильмнің өмірбаяндық кино екенін көрсетеді. Фильмде өткен кадрларды кері айналдыру сияқты флешбэктер мен деректі хроникадан кадрлар да енгізілген.
Фильм соңында Астана қаласы, Назарбаевтың Астанадағы Ақорда сарайы үстінен шашылған фейерверктерді көрсетеді. Яғни, Қазақстан лидерінің Шамалғаннан Ақордаға дейінгі жеңіс жолы осындай деген ойға саятын сияқты. Бұл кадрлар киноэпопея соңына нүкте қойып, енді жалғасы жоқ дегендей ой тудырады.
БАС КЕЙІПКЕР РӨЛІНДЕГІ АКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан президенті туралы фильмдердің жаңа топтамасы мен Назарбаев туралы алғашқы кинокартина режиссері – Рүстем Әбдірашев. Ол премьерадан кейін Азаттық тілшісінің бірнеше сұрағына жауап берді.
– Фильмді Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалай қабылдады?
– Президентке ұнады. Көңілі көтеріліп қалды. Картинадағы кейіпкерлер – достары, курстастары, сыныптастарымен бірге көрді.
– Фильмді түсіру қаншалықты қатал қадағаланды?
– Әйтеуір түсірілім кезінде маған ешкім кедергі жасамады. Сценарий жазған кезде кейбір мәселелерді келісуге тура келді. Монтаждың соңғы нұсқасы да
келісіп жасалды. Бұлар ойдан құрастырылған кейіпкерлер емес қой. Кейбір тұстарына қатысты тілектер айтылды. Кейбір ойлармен келіспей, өз нұсқамды қалдырған келдер болды. Ал мүлде дұрыс емес жақтары болса, мойындап жөндеген кездерім болды.
– Бұл фильмнің жалғасы бола ма?
– Әзірше білмеймін. Оны уақыт көрсетеді.
Режиссер Рүстем Әбдірашев түсірілім кезінде Сара Назарбаеваның рөлін ойнаған актрисаға ғашық болып, екеуі үйленген. Ол – Жүргенов атындағы академияны 2011 жылы бітірген Мәдина Есманова. Бұл фильм – актрисаның үлкен экрандағы алғашқы рөлі (бұрын телесериалдарға ғана түскен).
– Өзіндік сезімі, ойлары, көзқарасы бар бойжеткенді ойнауға тырыстым. Менің кейіпкерім – бірінші леди емес, қарапайым бойжеткен. Рөлдің прототипімен кездеспегеніммен, ол кісі жайында көп оқыдым. Оның үстіне, екеуміздің шыққан тамырымыз бір жер – анам Теміртауда туған, – дейді Мәдина Есманова Азаттық тілшісіне.
Назарбаевтың рөлін ойнаған актер Нұрлан Әлімжанов рөлге қатысты
президенттің пікірі қандай болғанын айтты.
– Қазақтарда батаның қасиеті бар деп жатады. Ол маған «Бақытты бол! Жақсы рөл» деген батасын беріп, алғысын айтты, – дейді актер.
«Ал өзіңе рөлдің қандай әсері болды?» деген сұраққа Нұрлан Әлімжанов:
– Әрине, бұл фильмнен алған нәрселерім бар. Актер адам әр фильмнен өзінше ой түсіп, жаңа бірдеңе алады. Мына фильмдегі кейіпкерімнің жұртты үйіріп әкететін қасиеті, мақсатқа жетудегі табандылығы үлгі болатын қасиеттер. Елбасының жақсы қасиеттері көп қой, – деп жауап берді.
«Мына рөлден кейін келешекте ел президенті болсам деген арман пайда болмады?» ма деген сұраққа Нұрлан Әлімжанов:
– Дәл қазір ондай арманым жоқ. Қазір тек киноға түсе берсем деген ғана арманым бар, – дейді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 13 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Әлімжановты «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атақпен марапаттады. Bestnews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, президент Назарбаев актер Әлімжанға награда беріп жатып, жаппай марапаттау рәсіміне қатысып отырғандарға бұрылып, «Маған ұқсай ма?» деп сұрады. Жұрт ду күліп, қол шапалақтады» деп хабарлайды.
КӨРЕРМЕНДЕР ФИЛЬМ ТУРАЛЫ
Алматыда киноэпопея премьерасы «Арман» кинотеатрында өтті. Бір залда – қазақ тілінде, екіншісінде – орыс тілінде болды. Азаттық тілшісі кірген залда көбінесе жас шамасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларына келетін бозбалалар мен қыздар отырды. Залдағы орынның шамамен 10-15 пайызы бос тұрды. Бес-алты адам киноның аяғын күтпей залдан шығып кетті.
Тілші «Фильмнен қандай әсер алдыңыздар?» деген сұрағын қатар отырған Алтынай, Перизат есімді екі бойжеткендерге қойды. Екеуінің айтуынша, фильмдегі көш басшылық, таза пейілділік, әділдікке деген ұмтылыс сияқты жақсы қасиеттер есте қалған. Перизат фильмнің романтикалық тұсы көбірек ұнағанын айтты.
Актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов та фильм туралы пікірімен бөлісіп:
– Қысқаша айтқанда, жақсы әсер қалдырды. Жақсы ұйымдастырған.
Өмірбаяндық картина. Бұдан артық шығара алмайсың. Мұнда адамдар да, қалалар да, табиғат та қамтылған. Сүйсініп көресің. Меніңше, елбасының өмір жолын абыроймен көрсеткен, – дейді.
Кинотанушы әрі киножурналист Андрей Черненконың айтуынша:
– Сәтті шыққан фильмдер. «Отты өзеннің» қалай бітіп қалғанын да байқамай қалдым. «Теміртау» бөліміндегі кейбір сәттерді көріп отырып көзіме үш рет жас тығылды. Түсірілуі қиын болды. Қайта-қайта түсіріп, қайта-қайта пысықталды. Ең бастысы, бұл – халыққа арналған кино.
Фильмді түсіруге Андрей Черненко да қатысқан. «Отты өзен» бөліміндегі украин тіліндегі ер адамдардың бәрін ол дыбыстаған (Андрей Черненко Батыс Украинада туған).
Қазақстанның тұңғыш президенті туралы осы кезге дейін үш көркем фильм түсірілді. Ал деректі фильмдер бұдан да көп. 28 қарашадан 1 желтоқсан аралығында Астанада өткен «Тұңғыш-Первый» деректі кино апталығында Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған сегіз деректі фильм көрсетілді. Ол туралы деректі фильмдер Қазақстанда ғана емес, шетелде де түсірілді. Мысалы, 2010 жылы «Нұрсұлтан. Президенттің үлкен ойыны» деген ресейлік фильм шықты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі театр сахнасында да қойылған. Бірақ көп емес. Бүгінге дейін оның өмірі жайлы «Терең тамырлар» деген бір ғана пьеса қойылды. Спектакльде бас кейіпкер Нұрсұлтан Назарбаев Астана айналасындағы ағаштармен сырласады.
ШАМАЛҒАННАН АҚОРДАҒА ДЕЙІН
Киноэпопеяның екі фильмі де («Отты өзен» және «Теміртау») – 2011 жылы шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы. Фильм Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті «Қазақстандық Магнитка салу» үшін туған ауылы Шамалғаннан 1958 жыл Теміртау қаласына аттанған эпизодтан басталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың қалалық партия комитетінде қызмет істей бастаған кезімен аяқталады.
Көрерменге бас кейіпкердің 1958-1967 жылдардағы өмір жолының құрылыста жұмыс істеуі, Украинаның Днепродзержинск қаласындағы техникалық училищеде оқыған шағы, Теміртауда металлург болып істегені, партияда
Сценарийін жазған Шахимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» деген кітаптарын және Қазақстан президентінің әріптестері, достары мен замандастарының естеліктерін пайдаланған.
Бас кейіпкер мен әке-шешесінің рөлін «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі актерлер Нұрлан Әлімжанов, Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Орынбасарова ойнайды. Қазақстандық актерлерден бөлек фильмге Валентин Гафт, Сергей Шакуров, Виктор Сухоруков, Мария Голубкина сияқты ресейлік актерлер де түскен.
Назарбаевтың анда-санда кадрға шығуы фильмнің өмірбаяндық кино екенін көрсетеді.
Фильмде кадр сыртындағы дауыс арқылы президенттің естеліктері берілген. Назарбаевтың анда-санда кадрға шығуы фильмнің өмірбаяндық кино екенін көрсетеді. Фильмде өткен кадрларды кері айналдыру сияқты флешбэктер мен деректі хроникадан кадрлар да енгізілген.
Фильм соңында Астана қаласы, Назарбаевтың Астанадағы Ақорда сарайы үстінен шашылған фейерверктерді көрсетеді. Яғни, Қазақстан лидерінің Шамалғаннан Ақордаға дейінгі жеңіс жолы осындай деген ойға саятын сияқты. Бұл кадрлар киноэпопея соңына нүкте қойып, енді жалғасы жоқ дегендей ой тудырады.
БАС КЕЙІПКЕР РӨЛІНДЕГІ АКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан президенті туралы фильмдердің жаңа топтамасы мен Назарбаев туралы алғашқы кинокартина режиссері – Рүстем Әбдірашев. Ол премьерадан кейін Азаттық тілшісінің бірнеше сұрағына жауап берді.
– Фильмді Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалай қабылдады?
– Президентке ұнады. Көңілі көтеріліп қалды. Картинадағы кейіпкерлер – достары, курстастары, сыныптастарымен бірге көрді.
– Фильмді түсіру қаншалықты қатал қадағаланды?
– Әйтеуір түсірілім кезінде маған ешкім кедергі жасамады. Сценарий жазған кезде кейбір мәселелерді келісуге тура келді. Монтаждың соңғы нұсқасы да
– Бұл фильмнің жалғасы бола ма?
– Әзірше білмеймін. Оны уақыт көрсетеді.
Режиссер Рүстем Әбдірашев түсірілім кезінде Сара Назарбаеваның рөлін ойнаған актрисаға ғашық болып, екеуі үйленген. Ол – Жүргенов атындағы академияны 2011 жылы бітірген Мәдина Есманова. Бұл фильм – актрисаның үлкен экрандағы алғашқы рөлі (бұрын телесериалдарға ғана түскен).
– Өзіндік сезімі, ойлары, көзқарасы бар бойжеткенді ойнауға тырыстым. Менің кейіпкерім – бірінші леди емес, қарапайым бойжеткен. Рөлдің прототипімен кездеспегеніммен, ол кісі жайында көп оқыдым. Оның үстіне, екеуміздің шыққан тамырымыз бір жер – анам Теміртауда туған, – дейді Мәдина Есманова Азаттық тілшісіне.
Назарбаевтың рөлін ойнаған актер Нұрлан Әлімжанов рөлге қатысты
– Қазақтарда батаның қасиеті бар деп жатады. Ол маған «Бақытты бол! Жақсы рөл» деген батасын беріп, алғысын айтты, – дейді актер.
«Ал өзіңе рөлдің қандай әсері болды?» деген сұраққа Нұрлан Әлімжанов:
– Әрине, бұл фильмнен алған нәрселерім бар. Актер адам әр фильмнен өзінше ой түсіп, жаңа бірдеңе алады. Мына фильмдегі кейіпкерімнің жұртты үйіріп әкететін қасиеті, мақсатқа жетудегі табандылығы үлгі болатын қасиеттер. Елбасының жақсы қасиеттері көп қой, – деп жауап берді.
«Мына рөлден кейін келешекте ел президенті болсам деген арман пайда болмады?» ма деген сұраққа Нұрлан Әлімжанов:
– Дәл қазір ондай арманым жоқ. Қазір тек киноға түсе берсем деген ғана арманым бар, – дейді.
13 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Әлімжановты «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атақпен марапаттады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 13 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Әлімжановты «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атақпен марапаттады. Bestnews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, президент Назарбаев актер Әлімжанға награда беріп жатып, жаппай марапаттау рәсіміне қатысып отырғандарға бұрылып, «Маған ұқсай ма?» деп сұрады. Жұрт ду күліп, қол шапалақтады» деп хабарлайды.
КӨРЕРМЕНДЕР ФИЛЬМ ТУРАЛЫ
Алматыда киноэпопея премьерасы «Арман» кинотеатрында өтті. Бір залда – қазақ тілінде, екіншісінде – орыс тілінде болды. Азаттық тілшісі кірген залда көбінесе жас шамасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларына келетін бозбалалар мен қыздар отырды. Залдағы орынның шамамен 10-15 пайызы бос тұрды. Бес-алты адам киноның аяғын күтпей залдан шығып кетті.
Тілші «Фильмнен қандай әсер алдыңыздар?» деген сұрағын қатар отырған Алтынай, Перизат есімді екі бойжеткендерге қойды. Екеуінің айтуынша, фильмдегі көш басшылық, таза пейілділік, әділдікке деген ұмтылыс сияқты жақсы қасиеттер есте қалған. Перизат фильмнің романтикалық тұсы көбірек ұнағанын айтты.
Актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов та фильм туралы пікірімен бөлісіп:
– Қысқаша айтқанда, жақсы әсер қалдырды. Жақсы ұйымдастырған.
Кинотанушы әрі киножурналист Андрей Черненконың айтуынша:
– Сәтті шыққан фильмдер. «Отты өзеннің» қалай бітіп қалғанын да байқамай қалдым. «Теміртау» бөліміндегі кейбір сәттерді көріп отырып көзіме үш рет жас тығылды. Түсірілуі қиын болды. Қайта-қайта түсіріп, қайта-қайта пысықталды. Ең бастысы, бұл – халыққа арналған кино.
Фильмді түсіруге Андрей Черненко да қатысқан. «Отты өзен» бөліміндегі украин тіліндегі ер адамдардың бәрін ол дыбыстаған (Андрей Черненко Батыс Украинада туған).
Астанада өткен «Тұңғыш-Первый» деректі кино апталығында Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған сегіз деректі фильм көрсетілді.