Желтоқсанның 1-і күні Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда отандық ғалымдармен кездесті. Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» деген атақ беруді жария еткен Қазақстан ғалымдары жиында мадақ айтудан жарысқа түсті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейсенбі күні Алматыда отандық ғалымдармен кездесуі совет заманындағы жиындарды қайта тірілткендей болды. осы кездесуде Қазақстан ғалымдары Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» деген атақ берді. Мінберге шығып сөйлеген академиктер күллі ғалымдар атынан президентке бірнеше рет алғыс айтты.
«Қазақстан президентімен кездесу» дайындығын бірнеше күннен бері қайта-қайта пысықтаған ғылыми институттар өкілдері мен осы кездесуге қатысу үшін сұрыпталған, яғни «президентке артық-ауыз сөз айтып қоймайтын» ғалымдардан жинақталған жиылыс президент Назарбаевқа қарата айтылған мадақтаулармен басталып, сол сарында аяқталды.
«ҒАСЫР ҒҰЛАМАСЫ»
Жиналысты жүргізген Қазақстан білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ең әуелі президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстан ғылым қауымдастығының» ең жоғары атағымен марапаттап алғанды жөн көрді.
Министрдің айуына қарағанда, президентке мұндай атақ беру жөніндегі шешім осы жиылыстан небәрі бір күн бұрын ірі ғылыми бірлестіктер басшылығы мен Қазақстан ұлттық ғылым академиясының төралқасының съезінде қабылданған.
- Әлемдік ғылымды дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін және мемлекеттік даму стратегиясының ғылыми негізін қалап, жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» ең жоғары атағы берілсін, - деп салтанатты түрде оқып шықты Бақытжан Жұмағұлов.
Ең жоғары атақ белгісі мен куәлігін табыс ету мәртебесіне академик Мұрат Жұрынов ие болды.
Осы марапатты алып тұрып Назарбаев былай деді:
- Баршаларыңызға рақмет. Мен нақты ғылыми ешқандай жаңалық ашқанмын жоқ. Бірақ біз тарихта болмаған жаңа мемлекетті құру барысында әрбір қадамымыз, әрбір жолымыз, әрбір шешіміміз жаңалық деп санасақ, қабыл алуға болады. Маған сіздердің атыңыздан көрсетілген өте зор құрмет деп айтамын. Сыйлықтар менде біраз бар, дүние жүзінің бәрінен алған. Соның ішінде мен үшін ең мәртебелі марапат осы деп санаймын. Рақмет.
Ғалымдардың ду қол шапалағынан кейін қайыра сөз алған Бақытжан Жұмағұлов Назарбаевты тағы да құттықтап, ғылым саласындағы жұмыстарды қысқаша баяндап шықты.
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті әріптестер! Мемлекетіміздің 20 жыл ішінде өркендеп дамуы оның негізін қалаушы Қазақстан Республикасының президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен Қазақстан әлем таныған мемлекетке айналды. Ғылым саласы да мемлекетпен бірге қарыштап дамып келеді. Отан үшін аянбай еңбек етуге міндетімізді береміз. Біз елбасына сенеміз, - деп ғалымдар атынан президентке алғыс айтты.
Министр өз баяндамасында «Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша жоғары ғылыми техникалық комиссия Қазақстан ғылымының жаңа басымдықтарын бекіткенін, оның бірі «өмір туралы ғылым» екенін атап өтті.
«ЕРТЕГІНІҢ БАТЫРЫНДАЙ ЕЛБАСЫ»
Министрден кейін сөз алған «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаевтың президентке қарата айтылған сөзіне де тыңдаушылары қайта-қайта қол шапалақтап қолпаштап отырды.
- Аса құрметті, жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің жүрген жүрісіңіз, келген келісіңіз нұрлы жақсылық жолында екеніне халқымыздың көзі әбден жеткен. Осы айтулы жиырма жыл ішінде сіз туған халқыңызбен бірге небір ғаламат ауыр күндерді де, күреске толы қиын жылдарды да, еселенген еңбектің шаттығын сезінген ғажайып сәттерді де бастан кешіріп келесіз. Ауырлыққа беліңіз қайысқан жоқ. Алапат қуанышқа кеудеңіз ісініп тасынған жоқ. Бәрін ақыл сарабынан өтікізіп, саналы салмақтылықпен ой түйіп, елімізді сәулелі болашаққа баяғы ертегенің батырларындай адастырмай алып келе жатырсыз.
Ғалымдар сіздің бір басыңыздағы ауыр жүктің салмағын жай ғана емес, ғылыми негіздей отырып сезініп, жоспар-жобаларыңызға, әлемді таңғалдырып келе жатқан кемел шешімдеріңізге тәнті. Әлем ғұламасындай болмысыңызға масаттанады. ...Сіздің ұстанымдарыңыздан қуат аламыз, - деді Өмірзақ Айтбаев.
Академик мұнымен тоқтамай, «күллі ғалымдар атынан ризашылығын» білдіріп, өз айтуынша, 1991 жылы өзі шығарған Назарбаевқа арнау өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Жиында сөйлеген академик Нағима Айтқожина Назарбаев университетінің құрамына кірген ұлттық медициналық холдинг "қазірдің өзінде-ақ идеяны өмірде жүзеге асырудың үлгісін көрсетіп, Ресей мен Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған операциялар жасағанын" айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология магистрі Анна Данченко қазақша сөйледі.
- Туған жерім, кең байтағым бесігім,
Қайда жүрсем мақтан етем есімін,
Қасиетті кіндік кескен мен үшін,
Қазақстан Елбасымен бұл - қос ұғым! - деген ол өзге ұлт өкілдерінің атынан алғыс білдіріп, сөзін «ел болашағы, жас ғалымдар қашан да елбасымен бірге» деп аяқтады.
Сондай-ақ Ирландияның Дублин университетінде докторантурада оқып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Азат Абдуллаев та президентке деген разылығын жалынды сөзімен білдіріп өтті.
«АКАДЕМИЯ - ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫНА САЙ ЕМЕС»
Жиылыста сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылым жолында жеткен жетістіктерін тізіп өтті. Өз сөзінде ол ұлттық ғылым академиясының бұрынғы мәртебесі қайтарылса деген ұсыныстардың әлі де айтылып жүргеніне тоқталды.
- Марқұм Салық Зиманов: «Барлығын тындырып жүрсің ғой, енді академияны да қалпына келтірсең дұрыс болар еді» деген еді бір кездескенімізде. Бірақ ол академия соны аңсаған академиктерге жақсы болатын шығар, бірақ ғылымның болашағына сай келмейді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жиын соңында Қазақстан президентінің бір топ ғалымға мемлекеттік наградалар беру туралы жарлығы оқылып, солардың ішінде үшеуіне - Мұрат Жұрынов, Нағима Айтқожина және Иван Пакқа орденді Назарбаев сол жерде өз қолымен тапсырды. Ал қалған ғалымдарға наградалар кейін табыс етілетіні хабарланды.

Your browser doesn’t support HTML5