Алматы соты прокурордың «Правдивая газета» оппозициялық газетін жабу туралы талап-арызын қарап жатыр. Ал «Саясат алаңы» газетіне қатысты талап-арыз басқа аудандық сотқа түсті.
Ақпанның 10-ы аудандық прокурордың оппозициялық «Правдивая газета» басылымын жабу туралы талап-арызы бойынша Бостандық аудандық сотында алдын ала сот отырысы өтті.
Бұл күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров Алматы тұрғыны Көпесбай Жампейісовтің тағы бір оппозициялық басылым - «Саясат алаңы» газетіне қарсы талап-арызын қарауды Медеу аудандық сотына жолдау туралы шешім қабылдады.
ПРОКУРОРДЫҢ ТАЛАП-АРЫЗЫ
2013 жылы шыға бастаған оппозициялық «Правдивая газета» басылымы бір жылда үш рет әкімшілік жауапқа тартылды.
Былтырғы сәуірдің 24-інде Алматы қаласының әкімшілік соты «басылымның шығу мерзімділігі туралы мәліметтер нақты емес» деген айыппен «Правдивая газета» басылымына 200 долларға жуық айыппұл салды. Басылымның алғашқы санының 1 200 данасы тартып алынды.
Тамыздың 7-інде әкімшілік сот «шығу деректері көпе-көрінеу бұрмаланып көрсетілген басылымды шығарды және таратты» деген айыппен газет қызметін үш ай мерзімге тоқтату туралы шешім шығарды.
Үшінші әкімшілік жазаға тартуға Бостандық аудандық прокуратурасының «газетті уақытша тыйым салу мерзімі аяқталғанға екі күн қалғанда, әрі басылымның шыққан күні дұрыс көрсетілмей шығарған» деп айыптаған талап-арызы негіз болды. Бұл үшін әкімшілік сот 2013 жылғы желтоқсанның 5-і күні газеттің иесіне ірі айыппұл (500 долларға жуық) салып, газет қызметін үш айға тоқтатты.
Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақанов «Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы» талап-арызында жыл бойы салынған осы үш әкімшілік жаза газетті жабуға негіз болады деп жазған.
Сотта талапкердің мүддесін сенімхат негізінде Бостандық аудандық прокуратура қызметкерлерінің бірі Әділет Қуандықов қорғайды.
Ал жауапкердің мүддесін сотта «Журналисты в беде» құқық қорғау ұйымының президенті Рамазан Есіркепов пен «Правдивая газета» басылымының редакторы Розлана Таукина қорғайды.
БІТІМГЕ КЕЛУ ҰСЫНЫСЫ
Жауапкердің өкілі, құқық қорғаушы Рамазан Есіргепов алдын ала сот тыңдауы кезінде «Правдивая газета» басылымы тарапынан орын алған «заң бұзушылықтар, шын мәнінде назар аударуға тұрмайтын ұсақ-түйек жайттар» деп мәлімдеді. Осыған байланысты ол екі жайтқа «ерекше назар» аударады.
Біріншіден, талапкер ұсақ-түйек заң бұзушылыққа сәйкес емес жаза қолдануды ұсынады. Бірақ ең бастысы бұл емес.
Есіргеповтің пікірінше, прокурорлар «жоқтан бар» жасап іс қозғауға шебер. Оның айтуынша, мұндай істер халықаралық деңгейде жария болады да, халықаралық ұйымдар «адам құқығын шектейді, ақпарат құралдарын қудалайды» деп Қазақстан билігін айыптай бастайды.
Рамазан Есіргеповтің айтуынша, Бостандық ауданы прокурорының «Правдивая газета» басылымын жабу туралы талап-арызы Қазақстанның абырой-беделі мен мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін. Ол талапкерге істі бітімге келу арқылы бітіруді ұсынды.
Бұған дейін талапкердің «Правдивая газета» басылымын жабу туралы өтінішін «заңды негіз бар» деп толық қолдайтынын мәлімдеген прокуратура қызметкері Әділет Қуандықов жауапкерге «бұл ұсынысты аудан прокурорына жеткіземін» деп жауап берді.
Тараптардың уәж-дәйектерін үнсіз тыңдаған судья Ералы Бекбаев негізгі сот отырысын ақпанның 12-сіне белгіледі. Жауапкердің өкілдері іс материалдарымен танысу үшін екі тәулік уақыт алды.
Сот отырысынан шыққан оппозициялық «Правдивая газета» басылымының бас редакторы Розлана Таукина «прокуратура бітімге келе қоймас» деген ойын айтты. Оның пікірінше, билік ақпарат алаңын оппозициялық және тәуелсіз басылымдардан толық тазартуға бекінген сыңайлы.
ЕКІНШІ СОТ
Ақпанның 10-ы күні Алмалы аудандық сотында Алматы қаласының тұрғыны Көпесбай Жәмпейісовтің оппозициялық «Саясат алаңы» газетіне қарсы талап-арызына қатысты алдын ала соттың кезекті отырысы өтті. Ол сотта істі бітімге келу арқылы шешу туралы әзірше әңгіме жоқ.
Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров күтпеген шешім қаблдады. Ол істі қараудың территориялық тәртібіне байланысты істі жауапкер – «Саясат алаңы» газетінің иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Медеу аудандық сотының қарауына жолдады.
Бұл талап-арыз бойынша өткен алдын ала сот отырысы туралы Азаттық бұрын да жазған. Жауапкердің өкілдерінің бірі, журналист Инга Иманбай басылымның шамасы келмейтін соманы өндірту арқылы билік оппозициялық «Саясат алаңы» газетін мүлдем жауып тастамақ деп есептейді.
Оппозициялық «Саясат алаңы» және «Правдивая газета» – 2012-2013 жылдары жабылған ондаған оппозициялық басылымдардан қалған соңғы газеттердің бірі.

Басылымның шамасы келмейтін соманы өндірту арқылы билік оппозициялық «Саясат алаңы» газетін мүлде жауып тастамақ.