Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттары өзгерді. Біраз облыстарда әлеуметтік тұрғын үйдің бағасы қымбаттап, халықтың наразылығын тудырды.
Өскемен тұрғыны Мира М. (толық аты-жөнін атамауды өтінді – ред.) «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша үй алуды жоспарлайды. Алайда ол арнайы әлеуметтік бағдарлама бойынша салынатын үйлердің бағасы қымбаттайтынын естіп, есепшотты ертерек ашпағанына өкініп отыр.
«Үй аламын деп бір жылдай теңгемен ақша жидым. Аяқ астынан теңге құнсызданып, біраз сомамды жоғалтып алдым. Қолымда бар ақшаны енді «Тұрғын үй жинақ банкіне» салам деп отырғанда бағдарламаға енетін үйдің де бағасы қымбаттады. Айына 70 мың теңге ақша саламын деп жоспарлағанмын. Енді 85 мың теңгедей салмасам, 3 жылда үй бұйырмайын деп тұр» дейді ол Азаттық тілшісіне.
Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы нашар топтар мен жас отбасыларды шарты оңайлатылған несие беру жүйесі арқылы нарық бағасына қарағанда арзанырақ үймен қамтамасыз ету үшін 2012 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен еді. Бағдарламаны жүзеге асырушы негізгі операторлардың ішінде «Тұрғын үй жинақ банкі» мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бар. Бағдарлама жарияланғалы бері мыңдаған қазақстандық арнайы үй кезегінде тұр.
ҚЫМБАТТАУ
Мира сияқты жас шамасы 20 мен 40 арасындағы мамандар - Қазақстан үкіметі үш топқа бөлген «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың ішіндегі ең қатты алаңдап отырған категория.
Қазақстан өңірлік даму министрлігінің мәлімдеуінше, сәуірдің 3-інен бастап енгізілген жаңа өзгерістерге сай енді «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жергілікті әкімдікте кезекте тұрғандар (жетім балалар, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар тобы, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары) кіреді. Екінші топқа барлық санаттағы тұлғалар жатады. Ал соңғы топқа жас отбасылар кірген.
Мира сияқты жас тұрғындар жалғызілікті болса да, отбасын құрса да өзгеріске дейінгі бағамен енді әлеуметтік баспана ала алмайды. Өйткені теңгенің девальвациясына дейінгі баға тек бірінші топтағы мұқтаж адамдар үшін сол күйі қалған. Қалған екі топ өкілдері үшін үй бағасы қымбаттай түскен.
Бірінші санаттағы халық үшін үйдің бір шаршы метрі Алматы мен Астанада - 120 мың теңге, ал басқа аймақтарда 80 мың теңге ретінде бұрынғыша белгіленген.
Алайда екінші және үшінші топтағы халық үшін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасымен салынатын үйлердің бағасы біраз өскен. Мәселен, «Тұрғын үй жинақ банкі» бойынша Атырау, Өскемен, Ақтауда үйдің бір шаршы метр құны 100 мың теңгеден 110 мың теңгеге көтерілген. Басқа аймақтарда 80 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін қымбаттаған.
Ал «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бойынша үй алушылар бұдан да көбірек ақша төлемек – Атырау, Өскемен, Ақтауда бір шаршы метрдің құны 115 мың теңге, басқа аймақтарда 110 мың теңге болады.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй бағасының өсуіне атыраулық Кеңес Қуатов та алаңдаулы.
«Атырауда үй бағасы жыл сайын қымбаттап барады. Халықтың көбі «Қолжетімді баспанадан» үміттенеді. Мен де биыл оқу бітірген соң жұмысқа тұрып, ақша жинауды жоспарлағанмын. Жаңа өзгеріс бойынша шаршы метрдің бағасы 10 мың теңгеге қымбаттады деп жатыр. Бұл халықтың қалтасына ауыр тиері анық» дейді ол Азаттыққа.
«ШАРТТАРЫ ҚИЫНДАП БАРАДЫ»
Өңірлік даму министрлігі «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынатын үйлердің шығынын өтеу үшін және құрылыс сапасын күшейту үшін бағаны көтергендерін айтады.
Жаңа ережеге сай «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына құжат тапсырушының атында үй болмауы керек. Ал Алматы мен Астанадан үй алу үшін өтініш беруші осы қалада екі жыл тіркеуде тұрған болуы тиіс.
Азаттыққа пікір білдірген экономист Жәнібек Нұрхалықов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттары жыл сайын қиындап барады деп санайды.
«Қазақстан бұл бағдарламамен 2020 жылға дейін халықтың көп мөлшерін үймен қамтамасыз етуді жоспарлайды. Бірақ бұл жоспардың орындалуы екіталай. Себебі былтырғы өзгеріс бойынша жас отбасылар бұл бағдарлама бойынша үй алу үшін екі жыл бірге тұруы тиіс, не бір баласы болуы керек. Меніңше, жаңа үйленген отбасыларға алты айдан кейін-ақ бұл бағдарламаға қатысуға рұқсат берген жөн. Астана мен Алматыдан бағдарлама бойынша үй алу үшін осы қалаларда екі жыл тіркеуде тұру керек. Бұл қос мегаполиске көп келіп жатқан жастардың санын азайту үшін жасалып отырған сияқты. Бірақ жаңа ереже Астана мен Алматыда пәтер жалдаушылардың санын өсіреді және Қазақстандағы үй бағасының қымбаттауына әсер етеді» дейді маман.
Ал «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып жатқанын айтады.
Банк өкілдерінің мәліметінше, қазірге дейін азаматтармен 495 мыңнан астам келісім-шарт жасалған. Салымшылардың жинағы 209 миллиард теңгеге жеткен. Бүгінге дейін 62 мың заем орындалған.
Қазақстан экономика министрлігі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына биыл бюджеттен 159 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.
Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына жыл сайын қомақты қаржы бөлінсе де, елдің ең ірі қаласы Алматыда жастардың баспана мәселесі шешілмей келеді. Public Policy Research Center орталығының жүргізген зерттеуі бойынша, Алматыда 30 жасқа толмаған жастардың 54,3 пайызы пәтер жалдаса, 18,6 пайызы жатақханада, 25 пайызы ата-анасы, я туысқандарымен бірге тұрады. Екі пайызы жұмыс орнын баспана етеді. Тек 1,2 пайызының басында жеке баспана бар.
Алматыдағы жастардың баспана көрсеткіші: