Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарна арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратып, оқиғаның шиеленісуіне «кінәлі», адам өліміне «айыпты» басшылардың аты-жөндерін атады. Бірақ саясаткерлердің кейбірі ондағы деректерге шүбәланады.
Бас прокурор халыққа қарсы оқ атылғанына айыпты адамдар ретінде облыстық және қалалық деңгейдегі төрт басшының – Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Утегалиевтің, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаевтың, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлының; Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаевтың «қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын» хабарлады.
Асхат Дауылбаевтың мәлімдемесіне қарағанда, әлеуметтік араздықты қоздыруға қатысы бар деген күдікпен «Алға» және «Халық майданы» тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен белсенді мүшелері Козлов, Әмірова және Сапарғали қамауда отыр.
БҰРЫНҒЫ ӘКІМ - ҚАМАУДА, ҚАЗІРГІ ӘКІМ - ДЕМАЛЫСТА
Бас прокурордың мәлімдемесінде Жаңаөзен қаласының қазіргі және бұрынғы әкімдері Орақ Сарбөпеев пен Жалғас Бабахановтың де аты-жөні аталып, олардың «мемлекет қаржысын «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы ұрлап келгені» айтылған еді.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановты қаржы полициясының тұтқындап, оған қатысты "қаржы жымқырды" деп қылмыстық іс қозғаған.
Ал Жаңаөзеннің қазіргі әкімі Орақ Сарбөпеев: «Мен қазір Ресейде демалып жатырмын. Маған ешкім ешқандай ресми айып таққан жоқ» дейді («Новости-Казахстан» ақпарат агенттігінің хабарлауынша).
Орақ Сарбөпеев «Жанашыр» қоры Бабахановтың кезінде жұмыс істеп, кейін жабылып қалғанын, ал «Жарылқау» қорын 2011 жылдың аяғында тексерген адамдар ешқандай заң бұзу дерегін таппағанын айтады.
«ОНДАЙ БҰЙРЫҚТЫ ПОГОН ТАҚҚАН ШЕНЕУНІК БЕРМЕЙДІ»
Бас прокурордың мәлімдемесіне қоғамдық белсенділер, саясаткерлер әртүрлі пікір білдірді.
«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосановтың ойынша, халық бұл мәлімдемені тағатсыздана күткен, бірақ онда «ең басты сұраққа жауап айтылмаған».
– О бастан халық пәленше әкім не жеп қойды, мұнайшылардың бастығы не істеп
Оның пікірінше, осылайша «артық қылам деп тыртық қылған прокурор сенімсіз сөзімен елдің ішін одан сайын дүрліктіріп отыр».
Әміржан Қосанов Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты оппозиция белсенділерінің күдікті ретінде ұсталып, қамалып жатқанын «елдің назарын биліктің қылмысынан саяси оппозицияның қызметіне аударуға тырысу» деп атады.
«МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРСЫ БОЛМАСА...»
Бас прокуратураның мәлімдемесіне қатысты пікір айтқан саясаткерлердің біразы «Жаңаөзен оқиғасы болмағанда жергілікті жердегі жемқорлық әрекеттер ашылмайтын еді» дейді.
– Менің ойымша, Жаңаөзенде мұнайшылардың талаптарын орындауға қанша
Оның ойынша, елдегі жемқорлық әрекеттердің барлығы президенттің рұқсатымен ғана көпке жария етіледі.
– Менің ойымша, сол жердегі (Жаңаөзендегі – ред.) жағдайды көпке жария еткен бас прокуратура бұдан өзге де мысалдарды біледі. Менің ойымша, олардың барлығы мемлекет басшысына айтылғаннан кейін ашылады. Егер мемлекет басшысы қарсы болмаса, онда көпке жария етеді, – дейді Серікболсын Әбділдин.
«ӘУЕЛІ ШҮРІППЕНІ БАСҚАНДАРДЫ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК»
Мәжіліс депутаты Владислав Косарев бас прокуратураның мәселені зерттеу тәртібімен келіспейтінін айтады.
– Ең бірінші кезекте кім қан төкті (шүріппені басқан полиция), соларды жазалау керек. Одан кейін халықты тонап, мұнайшылардың наразылығын туғызып, ереуілге шығуына түрткі болғандарды жазалау керек. Тек осыдай кейін ғана жаппай тәртіпсіздіктердің туындауына идеяларымен әсер еткендерді жазалау керек еді, – дейді Владислав Косарев.
«ЕНДІГІ КЕЗЕК...»
Жауапқа тартылып жатқан полиция өкілдерін мәселенің «құрбандары» деп атаған запастағы генерал Әмірбек Тоғысов:
– Ішкі істер басқармасының бастығы, ішкі істер министрі, бас прокурордың өзі,
Оның ойынша, тек Жаңаөзенде ғана жемқорлық өршіп тұрған жоқ.
– Кез-келген аймақты алып қарасаңыз, бірінші жемқор кім? Әкімнен бастап, төменгі сатыдағы лауазымды тұлғалар. Тек олар өздерінің «кезектерін күтіп отыр». Егер билік тұтастай жемқорлық жасауын қоймаса, осыны түсінбесе, Жаңөазендегі оқиға қайталануы мүмкін, – дейді Әмірбек Тоғысов.
Оның пікірінше, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», т.б. заңдардағы баптардың бұлыңғыр тұстары көп болғаны соншалықты, тіпті «жаңаөзендіктердің қайғысына ортақтасқан кез-келген азаматты жауапқа тартуға болады».