Ақпанның 25-інде шеру өткізуге берген тұрғындар арызын қараған Жаңаөзен әкімдігі наразылық шарасын өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Жаңаөзен тұрғыны Тамара Ерғазева хабарлады. Оның айтуынша, «адамдар бәрібір алаңға шығайын деп отыр» және ақпанның 25-і таяған сайын Жаңаөзенде қорқытып-үркіту күшейе түскен.
Күйеуі Жаңбыр Ерғазев Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтаудағы абақтыда жатқан Тамара Ерғазева Азаттық тілшісіне «полиция мені қорқытып-үркітуге кірісті» деп хабарлады. Үкімет күштері оны кеше Жаңаөзенге барған Еуропарламент депутаты Петр Бориспен кездестірмеуге тырысқан.
"ҚОРЫҚҚАННАН ҚОЛ-АЯҒЫМ ДІРІЛДЕЙДІ"
- Кеше тергеуші: «Күйеуіңізбен кездесу ұйымдастырып қойдық, Ақтауға өзіміз милициямен апарып, алып қайтамыз» деді. «Таңертең кездесейік» десем, мені қудалап, көк
Оның айтуынша, журналистердің арқасында полиция аңдуынан құтылып, Еуропарламент депутаты Петр Бориспен кездескен. Еуропадан Жаңаөзенге арнайы келген депутатқа жаңаөзендік белсенді: "ИВС-та (уақытша қамау абақтысы - ред.) тергеуде отырған адамдардың бәрі - жазықсыз. Ал атқан адамдар ештеңе болмағандай жұмыстарында отыр. Тергеу дұрыс жүріп жатқан жоқ" деген сөзді айтып үлгерген.
Ерғазеваның айтуынша, Петр Бориспен кездесу бар болғаны 15-20 минутқа созылған. Кездесуге 40 шақты адам келген.
Біресе абақтыдағы күйеуімді қорқытады, біресе өзімді қорқытады. Тіпті үйге баруға қорқып жүрмін.
- Ер адамдар сөйлеген жоқ. Өйткені, олар сөйлесе қамалады. Сол сөйлегені үшін қамалып жатқан жоқ па балаларымыз, шындықты айтқаны үшін, - дейді Тамара Ерғазева.
Еуропарламент өкілі "Шындықты айтыңыздар, біз шындықты білу үшін келдік" дегеннен кейін Ерғазева оған "шындықты айтқаным үшін, міне, мені қазір милиция қамағысы келіп отыр. Қайта-қайта тыным беріп жатқан жоқ, үйіме келіп үркітіп-қорқытып жатыр. Біресе абақтыдағы күйеуімді қорқытады, біресе өзімді қорқытады. Тіпті үйге баруға қорқып жүрмін" деген.
"БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАНЫ ТӨГІЛГЕН ЖЕРГЕ ШЫҒАМЫЗ"
Тамара Ерғазева ақпанның 25-іне шеру өткізу үшін жазылған өтінішке қол қойған 23 жаңаөзендіктің қуғын мен қысым көріп жатқанын хабарлады.
- Шеруге шығуға әкімдік рұқсат бермеді. Бірақ халық деген сонда да шығамыз деп отыр 25-іне, - дейді Тамара Ерғазева.
Оның айтуынша, билік арызға қол қойғандарды "соттаймыз" деп қорқытып отыр.
- Шеруге жазылған өтінішке қол қойғандардың барлығының үйіне барып, прокуратураға, КНБ-ға, РОВД-ға шақыртып, қорқытып-үркітіп, "соттаймыз" деп, "шеруге шықпаймыз, алаңға бармаймыз" деген қолхат жаздырып алыпты. 23 адам еді ғой қол қойған. Соның бәрін қорқытып-үркітіп жатыр. Бірақ ақпанның 25-іне адамдар шығамыз деп отыр. Сағат оннан бастап, мұнайшылар жеті ай тұрған, балаларымыздың қаны төгілген жерге шығамыз деп отыр, - дейді жаңаөзендік белсенді.
Азаттық тілшісі Тамара Ерғазеваға және шеру өткізу туралы өтінішке қол қойған жаңаөзендік 23 адамға неліктен жергілікті өкімет тарапынан қысым күшейіп, үркіту-қорқыту шаралары жасалып жатқанын Жаңаөзен қаласының ішкі істер
Досаханов тілшінің Алматыдан хабарласып тұрғанын білгеннен кейін:
- Маған келіңіз, мен телефон арқылы жауап бермеймін. Келсеңіз ғана жауап беремін, - деді.
Азаттық тілшілері шеруге рұқсат берілмеуінің себептерін сұрау үшін Жаңаөзен қаласының әкімдігіне де хабарласқан еді. Әкімдіктің ресми телефондары жауап бермеді.
"ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН АДАМДАР БІРЕУ-ЕКЕУ ЕМЕС»
Азаттық тілшісі Жаңаөзендегі "үркітіп-қорқыту" оқиғалары туралы қоғамдық комиссия мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлымен де хабарласты.
- Еуропарламент депутаты Петр Борис тұрғындармен кездесті. 15-ақ минутқа. Жаңаөзен қаласының әкімімен, прокуратура өкілдерімен кездесті. Олардың «тескереміз, өйтеміз-бүйтеміз» деген уәделерін алыпты. Халықпен кездескенде екі-
Рысбек Сәрсенбайұлы қоғамдық комиссияның да жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар арыз-шағымдарымен келіп жатыр.
- Бұрынғы деректерден, ресми қорытындыдан тыс, қосымша анықталып отырғаны – бір адамның мүрдесінің тұрғын үйдің жертөлесінен табылғаны. Марқұмның қолын қайырып, ОМОН-дардың, полицейлердің әкетіп бара жатқанын бір адам көрген. Сүйегі 2011 жылы желтоқсанның 23-і бірақ табылған. Сондай-ақ, бір келіншек келіп, күйеуінің мүлде із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. Жаңаөзенде наразылық күшті, - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Рысбек Сәрсенбайұлы жараланған адамдарға көмек беру мәселесінде түйткілдер бар екенін айтты.
- Жараланған адамдар тиісті көмек алуға әкімдікке барған жерлерінен қамауға, тергеуге алынып жатыр, - дейді ол.
Рысбек Сәрсенбайұлы Жаңаөзен тұрғындары үшін қазіргі ең басты мәселе – "қуғынды тоқтату, адамдарды соттатпау, жоғалған адамдарды табу, олар және біреу-екеу емес, оқ атқандарды жазалау, тергеуде жатқандар үшін білікті, батыл қорғаушылар табу" екенін айтты.
"Басқан ізімізде аңдушы бар" деген комиссия мүшесі:
- ҰҚК үрейленіп отыр "Жасалған қылмыс ашылып қала ма?" деп. Халық көп шындықты айтуы мүмкін. "Тергеу-тексеру, соттау өздері жоспарлағандай іске аспай қала ма?" деп олар қауіптенеді, - деді.
Рысбек Сәрсенбайұлы Жаңаөзендегі әлеуметтік жағдайдың да ауыр екенін айтты.
- Көп адамдар қаражаты жоқ, мұқтаждық көріп отыр. Ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылған адамдар келіп мұң-зарларын айтты. Олар қайтып күн көреді? "Аш отырмыз" дейді. 12 миллион теңге түсіпті Жаңаөзенге көмек қорына. Ол қаражат неге сондай адамдарға берілмей отыр? Қоғамдық комиссия осы жағына қозғау салмақшы, - деді комиссия мүшесі.
Қоғамдық комиссия мүшелері бүгін жұмыс істейтін орын, яғни ғимарат іздеуге кірісті.