«Қазақстан автобизнес қауымдастығының» мәліметі бойынша, елде соңғы жылы сатылған жаңа көліктердің 40 пайыздан астамы – ресейлік маркалар.
Ресей көліктерін сататын компаниядан банк арқылы LADA Priora автокөлігін несиеге алған Юлдаш есімді азамат өз таңдауына разы.
– Машинаның өз құны 1 миллион 600 мың тұрады. Алдын ала 10 пайызын төледім. Қалған ақшаны бес жылға бөліп төлеуге банкпен шарт жасастым. Енді ай сайын қырық екі мың теңге құйып отыруым керек, - дейді Юлдаш.
НЕСИЕ МЕН БАҒА ФАКТОРЫ
Юлдаштың бұған дейін Toyota Previa маркалы жеті орынды машинасы болыпты.
– Двигателінің көлемі 2.4 болатын. «Таксовка» жасауға тиімсіз еді. Ал мынау - 1.6. Яғни бензин жағынан үнемді. Оның үстіне менде шетелдік жаңа машина ала қоюға ақшам да жоқ. Осы тұрғыдан алғанда мен үшін несиеге алу тиімді, - дейді Юлдаш.
Ал LADA Granta маркалы жеңіл көлікті несиеге алған Сүйеубек Хаметовтің айтуынша, қазір Қазақстанда қарапайым адамдар үшін шетелдік машина алу тиімсіз.
– Мен бұған дейін немістің де, жапонның да машинасын міндім. Қазір бізге сырттан кеп жатқан машина жоқ. Ал базардағы машиналар - өз ішімізде айналып жүрген, тозығы жеткен көліктер. Алдының зауыттан шыққанына отыз, соңғысына он жыл болды. Оларды алғанмен, ай өтпей қосалқы бөлшек іздеп базарға жүгіресің. Ал салоннан жаңасын алу түгілі бағасын айтудың өзі қорқынышты, - дейді мамандығы мұғалім Сүйеубек.
РЕСЕЙЛІК КӨЛІКТІҢ СЫНШЫЛАРЫ
Ресейден өндірілетін көліктердің бірін Азаттық тілшісі автомеханик маманға сынатып көрген болатын.
- Сіз ресейлік көліктер мен жапонның немесе немістің кез-келген жаңа машинасын салыстыра алмайсыз. Ресейдің қазіргі шығарып жатқан LADA маркалы машиналарының сыртқы дизайны 100 пайыз өзгерген. Ал мотор немесе анау қозғалтқыш бөлшектері 10-15 пайыз ғана өзгеріске ұшыраған, - дейді автомеханик Мәкен Исабеков.
Автомеханик ресейлік маркалардағы жаңа өзгерістер мен бұрыннан қалған кемшіліктерді де тізіп шықты.
– Мәселен, мына Lada Priora-да – инжектор. Бұрынғыларында карбюратор болатын. Тағы бір жетістігі – кондиционер қойылған. Бұрынғы «Жигулилердің» артқы доңғалақтары негізгі жүргізуші рөлін атқарса, қазіргілерде шетелдікі секілді алдыңғы доңғалақтары айналады. Міне, ресейлік көліктер дегенде біз осыны ғана жетістік ретінде айта аламыз. Ал шын мәнінде Ресей көліктерінің көп бөлшектері эксперимент дейміз ғой, тексерістен өтпеген. Гарантияға сәйкес келмейді. Сондықтан да құны төмен болып жатады. Осыдан 20 жыл бұрын шығарылған неміс көлігі мен жаңа шыққан ресейлік көлікті салыстырып көретін болсаңыз, айырмашылық шамалы ғана, - деді ол.
Біз бұдан кейін Ерлан есімді жүргізушімен тілдескен едік. Audi 100 маркалы көлігін Ресейдің кез-келген жаңа машинасына айырбастағысы келмейтінін айтқан Ерлан:
- Ресей көліктерінің бар ғұмыры үш жыл. «Күтіп міндім» дегеннің өзінде бес жылға әрең жетеді. Алдымен салоны кетеді. Одан кейін - «ходовка», сосын - моторы. Мысалы, менің машинамның зауыттан шыққанына 20 жыл болған. Базарға апарсам, кем дегенде жеті мың долларға бере алам. Ал Ресейдің осыдан 20 жыл бұрын шыққан машинасын сен қазір 1000 долларға өткізе алмайсың. Сондықтан екеуін салыстыру - Жерде тұрып Айға қол созу секілді нәрсе, - деп күлді жүргізуші.
«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СТАНДАРТТАР» МЕН «ЗАМАНАУИ ДИЗАЙН»
Сынаушылары көп болғанына қарамастан ресейлік автомаркалардың Қазақстан автонарығындағы үлесінің күрт артқаны байқалады.
Қазақстанда ресейлік автокөлік сатумен айналысатын компаниялардың бірінің өкілі Айман Сүйінованың айтуынша, елдегі ең көп сатылатын автомодельдер - LADA Samara мен LADA Priora.
Оның айтуынша, компания Алматының өзінде өткен жылдың 12 айында 1300-ден астам көлік сатқан.
– Ресей автомобильдеріне сұраныстың артуына бірінші кезекте баға әсер етіп отыр. Екіншіден, экологиялық стандарттар мен заманауи дизайн да автокөліктер сатылымының артуына себеп, - деп санайды Айман Сүйінова.
Азаттық тілшісіне Сүйінова аталған автокөліктерді қазақстандықтар негізінен несие арқылы рәсімдеп алып жатқанын айтты.
– Компания автокөліктерді нөлдік пайыз мөлшерімен бөліп төлеуге мүмкіндік ұсынып отыр. Банктермен ынтымақтаса отырып, өз тұтынушыларымызға автомобильді несиеге сатып алудың тиімді шарттарын ұсынамыз, - дейді дилерлік компания өкілі.
Бұл шарттар бойынша егер көлік сатып алушы адам компаниядан көлікті несиеге рәсімдесе, бір жылдан сегіз жыл аралығында пайызымен қоса төлеуге банкпен келісім шартқа отырады. Ал бөліп төлегісі келсе, алдымен көлік құнының тең жартысын банктің есеп шотына құяды. Қалған жартысын бір жылдың ішінде пайызсыз өтей алады.
«Қазақстан автобизнес қауымдастығы» баспасөз қызметінің 2012 жылы желтоқсанның 24-і күні Азаттық тілшісіне берген ақпараты бойынша, Ресейдің LADA маркалы жеңіл көлігі Қазақстан сауда нарығында көш бастап тұр.
Қауымдастықтың мәліметі бойынша Қазақстанда соңғы бір жылда сатылған жаңа автокөліктердің 41,5 пайызын ресейлік автомобиль маркалары құраған.