Кейбір интернет саласының мамандары қазақ тілінің ерекшеліктерімен санаспайтын «Мой мир»-ден Facebook-ке кету керек деп есептейді. Ал кейбірі «оған балама жоқ» екенін айтады.
Астана қаласының тұрғыны, интернет қолданушы Жансая Сыдықбай 2007 жылы ресейлік «Мой мир» желісінен аккаунт ашып, біраз уақыт «қазақ әріптерін жазуда қиындық көрген».
«МОЙ МИРШЕ» ЖАЗУ
– Мысалы, «Сәлем, бүгін кешке жұмыстан қай уақытта шығасың?» деген сөзді «Салем, бугин кешке жумыстан кай уакытта шыгасын?» деген сипатта жазып жүрдік, - деп есіне алады Жансая Сыдықбай.
Алайда ол «келе-келе бұған да төселіп кеткенін, тіпті Facebook сияқты қазақ әріптері дұрыс түсетін әлеуметтік желіге келгенде де «бойға сіңіп қалған әдеттен біраз арыла алмай» жүргенін айтты.
– Көптеген таныстарым, блогерлер Facebook-тің қазақ әріптерін танитынын, еш кедергісіз қазақша жазуға болатынын айтты. Сосын осы желіден де парақша аштым. Әу баста «Агентпен» әбден орысша әріптермен жазып үйреніп қалған басым, бастапқыда қазақша жазуға болатынын білсем де, біразға дейін шатасып жүрдім. Ақыры осылай-осылай Facebook-те хат жазысып, хабар алысудың әсерінен таза қазақша жазуға төселіп алдық, - дейді Жансая Сыдықбай.
Ресейлік Mail.ru («Мейл.ру») компаниясының өнімі болып есептелетін «Мой мир» желісін қолданып жүрген Қазақстандағы кез-келген интернет-қолданушы бұл желіде қазақ тілінде сауатты түрде жазуға мүмкіндік жоқ екенін біледі. Мұндағы қолданушылардың «ә» әрпінің орнына «а»-ны, «і» әрпі кезіксе, «ы» немесе «и» деп жазуына тура келеді. Ал қазақша әріптерді терсеңіз, онда тек сұрақ белгісінен басқаны көрмейсіз.
Сондықтан онда: «Олимпиада чемпионы Илья Ильин мемлекет басшысына акелiк камкорлыгы ушiн алгыс бiлдiрдi» немесе «А?тау Жа?быр... С?лу ?ыз... ?олшатыры ?олында М?лдір тамшы ??рбан болып жолында, Тырс-тырс тамады ма табан?а? С?жде ?ылып адам?а...» деген сияқты сұрақ белгіге толы сөйлемдерді жиі ұшырасады.
«АГЕНТТІҢ» ТАНЫМАЛДЫҒЫ
Бірақ мамандар анықтаған статистика соған қарамастан «Мой мир» желісінің Қазақстанда өте танымал екенін көрсетіп отыр.
Қазақстанда Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны жарты миллионға жуықтайды.
Ал «Мой мир» желісіне күн сайын екі миллионға жуық адам кіреді. Зерттеу бойынша, интернет-қолданушылардың басым бөлігі – жастар, оның арасында жасөспірімдер мен мектеп оқушылары да бар.
Мұның себебін мамандар әрқалай түсіндіреді.
Тіл маманы, медиа-тренер Бақытгүл Салықованың ойынша, көбіне қазақ жастарының басқа ресурстар жайында ақпараты аз болғандықтан, осындай желіні қолдануға мәжбүр болып.
– Жастарға «осындай ресурстарды қолданыңдар» деп, әр түрлі ресурстар туралы ешкім мәлімет бермейді, ешкім жол көрсетпейді, ақыл айтпайды, жүйелі түрде насихат та жүргізілмейді - бір-бірінен естіп, бір-бірінен көріп, бір-біріне айтып қана үйренгендері. Одан басқаның барын да білмейді кейбір жастар, - дейді Бақытгүл Салықова.
Мамандардың айтуынша, жастар әсіресе «Мой мир» желісінің «Агент» чат қосымшасына өте үйір. Себебі оны қолдану өте оңай, әрі ыңғайлы. Бірнеше секундтың ішінде қосымшаға кіріп, бір демде желіден бір-ақ шығасыз.
Алайда программист Аршат Оразов қазақ тілінде сауатсыздыққа итермелейтін «Мой мир» желісіне қазақша балама керек деп есептейді.
– Функционалдық жағынан нашар болса да, жұрт басқа ештеңе болмағаннан осында отыр. Егер өзіміздің қазақша желі ашылса, интернеттегі қазақ тілі де түзелер еді. Қазіргі кезде Facebook-те да қазақ әріптерін қолданбай жазатындар көбейіп барады. Осының бәрі жалпы сауатсыздыққа соқтырғаны сөзсіз, - дейді Аршат Оразов.
Оның айтуынша, Facebook-те ғана қазақша нұсқа бар, «бірақ ол әлі толық аударылмаған және аудармасы сапасыз».
МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Дәл осы мәселе Қазақстандағы интернет саласы мамандарын да алаңдатып отыр.
Олардың кейбірі «Мой мир»-ден қазақша әріптері дұрыс жазылатын басқа әлеуметтік желіге көшу керек немесе соларға балама болатын қазақша желі жасау керек деп есептейді. «Мой мир»-ді алмастыратын желі жоқ» деп санайтындар да бар.
Мысалы, жақында осы мәселені Facebook-та талқылаған бірқатар блогшылар, программистер мәселені шешудің әртүрлі амал-жолдарын айтысты.
Блогшы Timur Bektur «iPhone-нан Android-қа көшуді насихаттайық» деген ұсыныс жасап, Facebook-та былай жазған: «Бұл енді әркімнің өз шаруасы. Бірақ, Android қалтафон алса, қазақ әріптерін құшырланып тұрып жаза алатынын айту керек. Мысалы, мен кеше Twitter-де солай деп жар салғанымда, iPhone ұстайтын бір қарындасымыз: «А-а-а, қазақ әріптері ме? Мен оған тіпті мән бермеппін. Бастысы өз тілімді білемін» деді. Алайда тіл тек артқы фонда тұрмау керек, ол қолданылуы керек. Сен, мен, ол - барлығымыз өз әліпбиімізді пайдалансақ, охх... қандай ғанибет болар еді. Техниканы ұлттың дамуына интеграциялау немесе техниканың тілдің жандануына әсері деп осыны айтса керек-ті... әйтпесе, қандай да брендті жарнамалақ ойымда жоқ».
Ал журналист-блогшы Асхат Еркімбай «тоғыз қаріпті қабылдамайтын Mail.ru-ға тәуелді болып жүрген қолданушыларды көріп, қарны ашатынын» айта келе: «Қазір ресейліктермен интернет кеңістікте де ортақ болу идеясының иісі шыға бастады ғой... Адамдардың арасындағы коммуникция өзгеріске түскендіктен, бұл жаңа коммуникацияның да қазақи жолы дамуы керек. Әзірге сол ресейлік соқпақпен келеміз... Әрбір әріп үшін күресетін заман ғой!» деп түйген.
Мұнда Android бағдарламасының тегін екені, тек жұрттың мұны көп біле бермейтіні туралы да сөз болды.
Бірақ блогшы Ербол Серікбай «Мой мирдің» мүмкіндіктері көп екенін, «оны алмастыратын аналог (балама - ред.) жоқ екенін» айтады. Оның жазуынша, «Смартфон телефондардан бастап, Java-ны (компьютер бағдарламаларының тілі) қолдайтын телефондардың барлығына дейін онлайн ақпарат алмасуға болатын «Агент» атты дүниесі бар». Блогшының жазуынша, «Агент» жылдамдық жағынан «твиттердің өзін шаң қаптырады».
«Яғни қазақ жастарының арасында болып жатқан жағдай туралы ақпаратты осы «Агент» арқылы тез біліп отырамыз. Қарапайым жер сілкінісі туралы ақпарат та осы агент арқылы тарады. Facebook -тің қолданушысымын, бірақ мобилділік жағына келгенде «Агентпен» теңесе алмайды.
Mail.ru өзінің поштасына UTF-8 қолдайтын қылып өзгерткеннің өзі көптеген электронды пошталарға нүкте қойды. «Мой Мир» және т.б. көптеген бөлімдерінің UTF-8-ге өте алмай отырғанының себебі сайттың жұмыс істеуі үшін өте көп код жазылған. Олардың барлығын ANSI-дан UTF-8 көшіру оңай шаруа емес. Сайтты толықтай болмаса жартылай тоқтатып, кодын алмастыру қажеттілігі туындайты. Ал «Агент» жай жарты сағатқа өшкеннің өзінде қаншама шу болып кететінін ойлай беріңіздер!» деп уәж айтады.
Ал бұл пікірмен жартылай ғана келісетінін айтқан блогшы Жалғас Ертай «Аналог жоқ емес - бар, тіпті көп» деп өз пікірін былайша өрбіткен:
«Қателеспесем, қазіргі біздің ұялы байланыс операторлары әлеуметтік желінің барлық түріне тегін кіруге мүмкіндік беретін тарифтерін ұсынып жатыр. Яғни, интернетке шығудың қымбат екені сылтау ретінде орынсыз. Меніңше, мәселенің бәрі - «Мои Мирде» адамдардың көптігі әсер ететін сияқты. Сәйкесінше желіде тіркелуді ойластыра бастаған адам автоматты түрде сол сайтты таңдайды және сол сайттың қалыптасып үлгерген ережесіне бағынып кетеді :)»
ИНТЕРФЕЙСТІ ҚАЗАҚШАҒА АУДАРУ
Mail.ru компаниясының «Мой мир», «Одноклассники» сияқты өнімдері тек Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің бәрінде танымал. Себебі бұл аумақ тұрғындарының басым бөлігі орыс тілін түсінеді.
Сәуір айында Mail.ru компаниясы почталық қызметі интерфейсін өзбек және украин тілдеріне аударғанын мәлімдеген еді.
Компанияның стратегиялық жобалар бойынша вице-президенті Анна Артамонова ендігі кезекте интерфейсті беларусь және қазақ тіліне аудару мәселесі күн тәртібінде тұрғанын хабарлады. Алайда компания өкілі «Қазақстанда ана тілін тұрғындардың аз бөлігі ғана қолданатынын, мұны зерттеу көрсеткенін» айтып өткен.
Азаттық тілшісі интерфейстің қазақша нұсқасы қашан пайда болатыны жайлы компанияның қоғаммен байланыс бөліміне сауал жіберген кезде «қарсы сұраққа» тап алды.
«Сауал жібергеніңізге алғыс білдіреміз. Қандай бағыттағы материал дайындап жатқаныңызды анықтап жіберіңізші? Ол қандай бөлімде жарияланбақ? Интернет-индустрияда тағы кімнен пікір алдыңыз? Құрметпен Елена Фирюлина» деп жазылған «жауапта».

Сен, мен, ол, барлығымыз өз әліпбиімізді пайдалансақ, охх... қандай ғанибет болар еді.

Қазақстанда ана тілін тұрғындардың аз бөлігі ғана қолданады, мұны зерттеу көрсетті.Анна Артамонова.