Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларға» қатысты тексеріс басталғанын, оларды елге қайтару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) террормен күрес орталығы Азаттыққа «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларға» қатысты тексерістер басталғанын хабарлады.
«ЕЛГЕ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР»
Өзін Азғанбаев деп атаған ҰҚК өкілі Азаттық тілшісіне:
- Қазақстанда терроризмді насихаттауға заң бойынша тыйым салынған. Видеода осы қылмыстың белгілері бар. ҰҚК тексеріс бастады. Сонымен қатар, мүдделі органдармен бірлесіп, шетелдегі шиеленісті өңірлерден Қазақстан азаматтарын елге қайтару және осы тектес оқиғалардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді.
Ол Сириядағы қазақстандықтар туралы «ақпараттың жабық екенін» ескертіп, өзге сұрақтарға жауап берген жоқ.
100-ГЕ ЖУЫҚ «ЖИҺАДШЫ»
Қазанның 23-і күні террормен күрес орталығының бастығы Кендебай Адамбеков жергілікті арналарға берген сұхбатында «қақтығыс ошағында 100-ге жуық қазақстандық бар» деп мәлімдеген.
Әзірге бұл азаматтардың Сирияға қалай барғаны жөнінде тек болжамдар айтылып жатыр. Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі олардың консулдық есепке алынбағанын, «Сирияға Түркия аумағында орналасқан босқындар лагері арқылы визасыз баруы мүмкін екенін» мәлімдеген еді.
«Сириядағы қазақстандық жиһадшылар» туралы видео әлеуметтік желілерге өткен аптада шықты. Камуфляж киген, көбі қару ұстаған сақалды ер адамдар видеода Құран оқып, «Сирияға жиһад жасауға келгендерін, Алланың жүзін көруге, жәннатқа баруға, шаһид болуға дайын» екендерін айтқан.
Видео екі қабатты үйдің ауласында түсірілген. Онда "Қазақстан жиһадшыларының" балалары да бар. Кішкентай қыз балалар хиджаб тағып, тіпті кейбірі ниқап (көзді ғана ашық қалдыратын орамал тарту тәсілі - ред) оранған. Ұл балалар бөлек отыр.
АЛҒАШҚЫ ЕСІМ - АМАНЖОЛ ЖАНСЕҢГІРОВ
Қазақстан билігінің бұл видео жайлы алғашқы пікірі ұстамды болды. Сыртқы істер министрлігі "алдымен видеодағы адамдардың Қазақстан азаматтары екендігіне көз жеткізу керек" екенін ескертті. ҰҚК "видео насихат мақсатында жасалған, әрі оны біздің азаматтар жасамаған" деп мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай видеодағы қарулы адамдардың бірінің аты-жөні Аманжол Жансеңгіров екені анықталды. Азаттық Жансеңгіровтің туыстарымен хабарласып, ол туралы бірнеше мақала жариялады.
2011 жылы наурыз айында Сирияда Башар Асад режимі мен көтерілісшілер арасында қақтығыс басталды. Бұл қақтығысқа сүнниттер мен шииттер, одан бөлек, «Әл-Қаида» террористік ұйымымен байланысы бар, билікке қарсы «Әл-Нусра» және Асад режимін қолдайтын «Хезболла» сияқты исламшыл ұйымдар мен шетелден келген (Иран, Балқан елдері - ред.) мұсылмандар қатысып жатыр.
Азаматтық соғысқа ұласқан бұл қақтығыстардан осыған дейін 100 мыңға жуық адам қаза тапты, 3 миллионға жуық адам босып кетті. 2013 жылы тамызда "Сирия үкіметі бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданды" деген пікір айтылды. Батыс бұл әрекетті Асадтан көріп, әскери дайындық жасай бастады. Сирия билігі бұл айыпты мойындамады.