1912 жылдың 5 мамырында Қазалыда дүниеге келген Сүлеймен Сейітов 100 жылдық мерейтойын бір ай бұрын тойлады. Қызылордалық ардагер Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет әскері жеңген күннің 67 жылдығына – 9 мамыр мейрамына бірнеше апта қалғанда, 21 сәуірде өмірден өтті.
Отставкадағы полковник, соғыста 11 орден, 17 медаль алған Сүлеймен Сейітов осыдан бір ай бұрын мерейтойы кезінде қызылордалық журналистерге берген сұқбатында:
– Ең болмаса, тағы бір жеңіс күнін атап өтіп, таныстарымды көріп, бейбіт өмір жайлы сөйлессем, – деген екен.
КОМИССАР
Сүлеймен ақсақалдың баласы Смағұл Сейітовтің айтуынша, әкесі жастайынан жетім қалып, балалар үйінде өскен.
1929 жылы Қызылордадағы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1940 жылы Алматыдағы журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Соғыс басталғанда Ақтөбеде құрылған артиллерия дивизионының комиссары болып тағайындалған.
1941 жылдың 4 желтоқсанында майданға өз еркімен аттанған Сүлеймен Сейітов Ржев, Смоленск, Тула, Могилев, Ворошиловград қалаларын азат етуге қатысқан.
Смағұл Сейітов Совет әскері 1945 жылы Берлинді алған соң әкесінің сол кездегі Чехословакия астанасы Прага қаласында қалғанын, елге 1947 жылы оралғанын айтты.
Сүлеймен Сейітов соғыстан кейін «Ленин жолы» облыстық газетін басқарып, кейін 1951-1954 жылдары Мәскеудегі жоғары партия мектебінде оқыған.
1954-1961 жылдары Ақмола облыстық «Есіл правдасы» газетінің редакторы болған Сүлеймен Сейітов 1975 жылы зейнетке шығып, туған жері Қызылордаға қайтқан.
«СТАЛИНДІК МЕКТЕПТЕН ӨТКЕН АДАМ»
Смағұл Сейітов әкесінің мінезі қатал, көп сөйлемейтін, қатаң тәртіпті жақсы көретін адам болғанын айтады:
– Шынымды айтайын, ол кісі көп сөйлемейтін, сталиндік мектептен өткен қатал
мінезді, мықты болатын. «Так, смирно!» деген тәртіпті ұстанатын. Отбасында да ол солай болды, – дейді Смағұл Сейітов.
Оның айтуынша, әкесі Сүлеймен Сейітов пен анасы Елена Өтемісова Ақтөбеде танысқан. Соғыс басталған кезде 30 жастағы Сүлеймен майданға жіберетін соғыс күштерін жасақтап жүргенде медициналық техникумда 16 жастағы Еленаға жолыққан.
Анасының «Ақтөбеде белгілі болған мемлекет қайраткері Қаби Өтемісовтың қызы» екенін, «саяси қуғын-сүргін жылдары Өтемісов ату жазасына кесіліп, бала-шағасы қудалау көргенін» айтқан Смағұл Сейітов:
– Әкем майданға аттанғанда анам Елена оны жеті жыл бойы күткен. 1947 жылдың соңында елге оралған соң, екеуі үйленген екен, – деп, анасының өмірден өткеніне де 12 жыл болғанын айтты.
Сүлеймен Сейітов пен Елена Өтемісова елу жылдан астам бірге ғұмыр кешіп, ұл-қыздары Смағұл мен қызы Фатимадан 7 немере, 3 шөбере көріпті.
«БИЛІКТЕН ЕШТЕҢЕ СҰРАМАДЫ, ТЕК БАТАСЫН БЕРДІ»
Смағұл Сейітовтің айтуынша, 90 жасына дейін көлік жүргізген Сүлеймен Сейітов өмірінің соңғы күндеріне дейін газет-журнал оқып, теледидар
жаңалықтарын үзбей қараған.
Әкесінің күнде таңертең міндетті түрде жаттығу жасағанын айтқан Смағұл Сейітов:
– Соның арқасында әкемнің жүрегі мықты, ширақ еді. Бірақ 100 жылдық тойын өткізіп, әрі-бері тасып жүргенде тұмау тиіп қалып, бірден пневмонияға айналып кетті, – деп өкінеді.
Ол әкесі Сүлеймен Сейітовтің «әдемі қартайғанын, өз абыройы мен беделін жоғалтпай, ешкімнің алдында басын имей кеткенін» айтады.
– Әкімдер қоштасу рәсімінде әкемді еске ала отырып: «Бұл кісі басқалар сияқты өзіне немесе бала-шағасына әр нәрсені сұрап, әкімдік алдынан кетпей қойған жоқ. Сүлеймен ата биліктен ештеңе сұрамады, тек ақ батасын беріп отыратын сыйлы адам болды. Бір қалыпты өмірін сүріп, елдің келешегін мемлекеттік тұрғыда ойлаған азамат болды» деді, – дейді Смағұл Сейітов.
Оның айтуынша, Сыр өңірінің бір топ кәсіпкері 100 жылдық тойында Сүлеймен Сейітовке «үйін кеңейтіп алсын» деп 3 миллион теңге тарту еткен.