Қарағандыда регрессник Борис Рахметовті жерлеу рәсімі өтті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кеңсесінде шыққан өрттен зардап шеккен ол клиникада қайтыс болды. Рахметовтің өлімінің себебі әлі анықталған жоқ.
Борис Рахметов – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында көп жыл жұмыс істеген шахтер. Қарағанды облысы Шахан кентінде тұрған ол соңғы кезде компанияның «Тентек» шахтасында монтаждаушы болып істеген.
Өндірісте кәсіби кеселге шалдығып, еңбек қабілетін жоғалтқан Борис Рахметов жұмыстан шығуға мәжбүр болған. 2012 жылдан бері жұмыс істемеген. Басқалармен бірге сақтандыру өтемақысын алуға құжаттар өткізгенімен, жұмыс беруші мен сақтандырушы компания арасындағы көп жылдық даудың кесірінен өндірісте денсаулығынан айырылғаны үшін төленетін өтемақыны ала алмай жүрген.
НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ КЕСІРЛІ ӨРТ
Дәл осы өтемақы сергелдеңі Борис Рахметовтің өміріне әсер етті. Қазанның 17-сі күні ол өтемақы қашан төленетінін білу үшін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің Қарағанды қаласындағы кеңсесіне басқа еңбек мүгедектермен бірге келген. Бірақ мұнда ол өзі сияқты регрессниктердің наразылық акциясы кезінде шыққан өртте күйік алып, клиникаға түсті.
Шахтер-регрессниктердің бірі Владимир Зарянов бензин құйылған бөтелке
лақтырып, көмір департаментінің кеңсесінде өрт шықты. Екі адам жарақат алды. Бірі – регрессник Борис Рахметов, екіншісі – облыстық әкімдік қызметкері. Рахметовтің денесінің 30 пайызын күйік шалған. Оны Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы клиниканың күйік бөлімінің реанимация бөліміне жеткізді. Дәрігерлер оның денесін үшінші дәрежелі күйік шалған деп тапты.
Бір күннен кейін клиника директоры «регрессниктің жағдайы бір қалыпты» деп хабарлады. Борис Рахметовтің әріптестерінің айтуынша, сауығып қалған оны жақында жуырда клиникадан шығармақ болған. Бірақ қарашаның 4-і күні Борис Рахметов реанимацияда қайтыс болды.
«САРАПТАМАНЫ КҮТЕМІЗ»
Азаттық тілшісі қайтыс болған Борис Рахметовтің туыстарымен хабарласа алмады. Борис Рахметовті жақсы танитын мүгедек шахтерлердің айтуынша, клиникада оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасаған олардың айтуынша, жүректі қанмен жабдықтап тұратын өкпедегі күре тамырды ұйыған қан бітеп қалған.
– Тромб күйіктен жылжып кетуі мүмкін емес. Себебі басқа болуы керек. Аяқ астынан мынадай күйге душар болған адамның жүйкесі де сыр бергені анық. Оның үстіне, өтемақысын да төлемей қойды. Сол күні жиынға еріккеннен келген
жоқ қой. Бұл – компанияның кінәсі. Оны әрекетке әдейі итермеледі. Анық-қанығын білгіміз келеді. Сараптаманың нәтижесін күтеміз, – дейді регрессник Сергей Бажанов.
Борис Рахметовті қарашаның 6-сында жерледі.
– Бориспен қоштасуға көп адам келді. Бористі жақсы білуші едім. Екеуміз жұмыс бабымен араластық әрі көрші тұрдық. Өте парасатты, жанжалға жуық емес адам болатын. Жерлеуге компания басшылығынан біреулер келді ме, білмеймін, бірақ өз басым ешқайсысын көрмедім, – дейді Азаттық тілшісіне «Қорғау» шахтасы кеншілері кәсіподағының төрағасы Марат Мирғоязов.
Рахметовті танитындар оның өлімінің себебін анықтауы тиіс сот-медициналық сараптаманы күтеді. Бірақ «Борис Рахметов күйіктен өлген жоқ» деген болжамдар шыға бастады. Облыстық травматология және ортопедия орталығы директоры Ержан Нұрлыбаев жергілікті журналистерге берген сұхбатында: «Тромб кез келген тұста жылжып кетуі мүмкін еді. Кез келген оқыс нәрсе оны қозғап жіберуі мүмкін. Зардап шегушінің өлімін күйікпен байланыстыра алмаймыз. Қазір жорамал жасаудан басқа амалымыз жоқ. Түпкілікті ұйғарымды сот-медициналық сараптама жасайды» деді.
ЗАРЯНОВТЫҢ ІСІ
Жұрт сараптама нәтижелерін тосса, «АрселорМиттал» Теміртау» компаниясы көмір департаментінің Қарағанды қаласындағы кеңсесіндегі өртке жауапты 54 жастағы мүгедек-шахтер Владимир Заряновқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Оған қарсы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының деректері бойынша, келтірілген зиян көлемі 170 мың теңгеден асқан. Кеңсенің еден жабындысы, линолеумы және басқа бөліктері бүлінген.
Іс Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің қалалық ішкі істер басқармасы қарауына берілген. Заряновтың ісін басқа тергеушіге тапсыруы мүмкін деген болжам бар. Заряновқа әзірше айып тағылған жоқ. Бірақ бұл істе ол күдікті ретінде қарастырылады.
– Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын. Тергеуші әлі шақыртқан жоқ. Мәйітті ашып, тексеру нені көрсететіні де белгісіз. Борис Рахметов күйіктен өлді ме, әлде мүлде басқа нәрседен өлді ме, әлі белгісіз ғой, – дейді Владимир Заряновтың адвокаты Бүркіт Оразбеков Азаттық тілшісіне.
Ал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы регрессниктерді «адамдардың тағдырына қиянаттан басқа ешқандай пайда әкелмейтін арандатулар мен үндеулерге ермей», проблеманы заңды және бейбіт жолмен шешуге шақырады.
Компания қазанның 17-сі күні АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қарағандыдағы көмір департаментінде шыққан өртті арандату әрекетіне балайды.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директоры Виктор Филатов жуырда Теміртауда өткен «Регрессниктерге өтемақыны кім төлеуі тиіс?» деген баспасөз жиынында сөйлеген сөзінде:
– Қандай мақсат-мүддені көздейтінін білмеймін, бірақ кейбір адамдар ызалы регрессниктерді «АрселорМиттал» компаниясына қарсы айдап салғысы келген сияқты, – деді.
Мақаланы әзірлеуге Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызы қатысты.
Өндірісте кәсіби кеселге шалдығып, еңбек қабілетін жоғалтқан Борис Рахметов жұмыстан шығуға мәжбүр болған. 2012 жылдан бері жұмыс істемеген. Басқалармен бірге сақтандыру өтемақысын алуға құжаттар өткізгенімен, жұмыс беруші мен сақтандырушы компания арасындағы көп жылдық даудың кесірінен өндірісте денсаулығынан айырылғаны үшін төленетін өтемақыны ала алмай жүрген.
НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ КЕСІРЛІ ӨРТ
Дәл осы өтемақы сергелдеңі Борис Рахметовтің өміріне әсер етті. Қазанның 17-сі күні ол өтемақы қашан төленетінін білу үшін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің Қарағанды қаласындағы кеңсесіне басқа еңбек мүгедектермен бірге келген. Бірақ мұнда ол өзі сияқты регрессниктердің наразылық акциясы кезінде шыққан өртте күйік алып, клиникаға түсті.
Шахтер-регрессниктердің бірі Владимир Зарянов бензин құйылған бөтелке
Бір күннен кейін клиника директоры «регрессниктің жағдайы бір қалыпты» деп хабарлады. Борис Рахметовтің әріптестерінің айтуынша, сауығып қалған оны жақында жуырда клиникадан шығармақ болған. Бірақ қарашаның 4-і күні Борис Рахметов реанимацияда қайтыс болды.
«САРАПТАМАНЫ КҮТЕМІЗ»
Азаттық тілшісі қайтыс болған Борис Рахметовтің туыстарымен хабарласа алмады. Борис Рахметовті жақсы танитын мүгедек шахтерлердің айтуынша, клиникада оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасаған олардың айтуынша, жүректі қанмен жабдықтап тұратын өкпедегі күре тамырды ұйыған қан бітеп қалған.
– Тромб күйіктен жылжып кетуі мүмкін емес. Себебі басқа болуы керек. Аяқ астынан мынадай күйге душар болған адамның жүйкесі де сыр бергені анық. Оның үстіне, өтемақысын да төлемей қойды. Сол күні жиынға еріккеннен келген
Борис Рахметовті қарашаның 6-сында жерледі.
– Бориспен қоштасуға көп адам келді. Бористі жақсы білуші едім. Екеуміз жұмыс бабымен араластық әрі көрші тұрдық. Өте парасатты, жанжалға жуық емес адам болатын. Жерлеуге компания басшылығынан біреулер келді ме, білмеймін, бірақ өз басым ешқайсысын көрмедім, – дейді Азаттық тілшісіне «Қорғау» шахтасы кеншілері кәсіподағының төрағасы Марат Мирғоязов.
Рахметовті танитындар оның өлімінің себебін анықтауы тиіс сот-медициналық сараптаманы күтеді. Бірақ «Борис Рахметов күйіктен өлген жоқ» деген болжамдар шыға бастады. Облыстық травматология және ортопедия орталығы директоры Ержан Нұрлыбаев жергілікті журналистерге берген сұхбатында: «Тромб кез келген тұста жылжып кетуі мүмкін еді. Кез келген оқыс нәрсе оны қозғап жіберуі мүмкін. Зардап шегушінің өлімін күйікпен байланыстыра алмаймыз. Қазір жорамал жасаудан басқа амалымыз жоқ. Түпкілікті ұйғарымды сот-медициналық сараптама жасайды» деді.
ЗАРЯНОВТЫҢ ІСІ
Жұрт сараптама нәтижелерін тосса, «АрселорМиттал» Теміртау» компаниясы көмір департаментінің Қарағанды қаласындағы кеңсесіндегі өртке жауапты 54 жастағы мүгедек-шахтер Владимир Заряновқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Оған қарсы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының деректері бойынша, келтірілген зиян көлемі 170 мың теңгеден асқан. Кеңсенің еден жабындысы, линолеумы және басқа бөліктері бүлінген.
Іс Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің қалалық ішкі істер басқармасы қарауына берілген. Заряновтың ісін басқа тергеушіге тапсыруы мүмкін деген болжам бар. Заряновқа әзірше айып тағылған жоқ. Бірақ бұл істе ол күдікті ретінде қарастырылады.
Борис Рахметов күйіктен өлді ме, әлде мүлде басқа нәрседен өлді ме, әлі белгісіз.Владимир Заряновтың адвокаты Бүркіт Оразбеков