Ақтауда Козлов, Сапарғали және Әминов ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жауап берген куәгерлер арасында «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары болды.
Сотталушылар мен олардың адвокаттарының ыңғайсыз сауалдары мен өтініштері алынып тасталып отырды. Сот процесстері кешкі сағат сегізге дейін созыла бастады
ӘМИНОВ ТУРАЛЫ
Сот залына УОС-5 мекемесі кәсіподағы төрағасы Максим Есенбаев шақырылды. Ол ереуілдің 2008 жылдан басталғанын айтты. Ереуіл жайлы білетіндерін ортаға салған Есенбаев аштық акциясы кезінде бейтаныс жас қыз бен жігіттің келгенін есіне алды.
- Мен олардың кім екенін сұрағанымда, қалалық ішкі істер басқармасы бастығы «менің жұмысыма кедергі келтірме» деп, мені бөлімшеге алып келді. Онда маған ереуілшілер талабын көрсетті, - деді Максим Есенбаев.
Прокурор Есенбаевтан ереуілді ұйымдастырушылар кім екенін атауды сұрады. Куәгердің айтуынша, ереуілдерді бастау туралы ұсынысты әу баста Ақжанат Әминов жасаған.
- Сіз жұмысшылар арасындағы жиылыс туралы айттыңыз, оны кім ұйымдастырған? - деп сұрады прокурор.
Максим Есенбаев жиналыс туралы да Әминовтен естігенін айтты. Бұған қоса ол кейін Жаңаөзенге сырттан адамдардың көптеп келе бастағанын, соның ішінде Болат Әбілов, Болат Атабаев, Жанболат Мамайдың келгенін естігенін, бірақ өзінің олармен таныс еместігін мәлімдеді.
«ТЕК ЕҢБЕК ДАУЫ БОЛАТЫН»
Есенбаевтан соң айыпталушы тараптың куәгері ретінде мұнайшы Естай Қарашаев шақырылды.
- Мен 2008 жылдан бері ереуілге қатысып келемін. Ереуілдердің барлығында да бір
мәселе, жалақыны көтеру мәселесі сөз болды. Ол тек еңбек дауы болатын, - деді Естай Қарашаев.
Прокурор «ереуілді нақты кім басқарғанын» сұрады.
- Мен де бұл топ та болғанмын. Біз тек жалақы және оны көтеру жолдарын ақылдасқанбыз. Көптеген адамдар келіп жатты. Менің есімде жоқ, - деді Қарашаев.
Сотталушы Владимир Козлов Қарашаевтан «мұнайшыларға таратылған үнпарақтардың әсері көп болды» деген сөзін түсіндіріп беруін өтінді.
- Есімде қалғаны, мұнайшылар жалақысы 600 мың теңге болуы тиіс екені туралы үнпарақ болды, - деді Қарашаев.
Козловтың «Егер әкімдік ереуіл туралы ескерту алса, Жаңаөзендегі оқиға неге қозғалды?» деген сауалы прокурорлар талабымен алынып тасталды.
«БАРЛЫҒЫНА ОППОЗИЦИЯ КІНӘЛІ»
Сотқа куә ретінде шақырылған мұнайшылар белсендісінің бірі Наталья Әжіғалиева барлығына оппозиция өкілдері кінәлі екенін айта бастады. Ол тіпті сот үстінде дауыс көтеріп айқайлағаны үшін сот тарапынан ескерту де алды.
Әжіғалиеваның айтуынша, мұнайшылардың басты талабы жалақыны көтеру,
мұнайшылар баласын жұмысқа орналастыру болған.
Ол Наталья Соколовамен Әминов арқылы танысқанын, ал таратылған үнпарақтар көбіне қазақша болғандықтан оны оқымағанын мәлімдеді.
- Мен қазақша оқымаймын және түсінбеймін, сондықтан ол үнпарақтарға қарағаным да жоқ, - деді ол прокуорлар сауалына.
Наталья Әжіғалиеваның айтуынша, ол 16 желтоқсан күні үйінде болған.
- Менің айтайын дегенім, еңбек дауын саясатқа айналдырып жіберді. Біздің жағдайымызды біреулер малданып кетті. Осының бәрін ескере отырып, мен өз айыбымды мойындаймын. Адамдар өлді, біреулер жараланды. Ал біздерді бар болғаны пайдаланып кетті, - деді Әжіғалиева.
Оған Козловпен кездесуін бейнетаспадан көрсеткен прокурор түсінік беруді сұрады.
- Козлов өзін Әблязовтың адамы ретінде таныстырды, - деп жауап берді Әжіғалиева.
Ол аштық акциясы кезінде өздеріне Козловқа қоса өзге заңгер Сергей Уткин де келгенін айтты.
- Уткин біздің құжаттарымызды суретке түсіріп алды да, кейін хабарласатынын айтты, - деді.
Куә ретінде жауап берген Әжіғалиева «өздерін саяси құралға айналдырғанына»
баса назар аудартуға тырысты. Оның сөзіне таң қалған адвокат Алексей Плугов «онда неге басқа ақтаулық заңгерлерге немесе экономистерге бармағанын» сұрады.
Наталья Әжіғалиева мұң шақпаған адамы қалмағанын, өздері көмек ұсынған кісілерден бас тартпағандарын айтты.
Процесс барысында адвокаттар сауалына жауап берген Әжіғалиева сәлден соң айтқандарынан жаңылыса бастады.
Козловтың адвокаты Плугов соттан Әжіғалиеваға психикалық сараптама жасауды өтінді. Оның айтуынша, «куәгердің мінезқұлқы қосымша сараптама жасауды талап етеді».
Куәгерге сұрақ қойған айыпталушы Серік Сапарғали оның «еңбек заңын сақтамады» деп айыпталғанын еске алды.
- Сізді сонда нені бұзғаныңыз үшін айыптап еді, - деп сұрады Сапарғали.
Әжіғалиева оған жауап беруден бас тартты. Ол «жағдайды қалайша саясиландырғанын» айтып беруді сұраған Козловқа «сіз емес, сіздің жақтастарыңыз» деп жауап берді.
САРАПТАМА
Сот Әжіғалиеваға психикалық сараптамаға жасауға қатысты ұсынысты талқыға салды. Оған Әминовтің адвокаттары мен мемлекеттік айыпталушылар қарсылық білдірді.
- Адвокаттардың өтініші куәнің конституциялық ісіне қол сұғу деп қабылданады. Әрі
жауап беру барысында Әжіғалиеваның ақыл-есінің дұрыстығы анықталған, - деді прокурор.
Сот шешім қабылдауды тамыздың 29-ына қалдыратынын хабарлады.
Сот соңында Владимир Козлов түрмеде өз өміріне бола қауіптенетін айтты. Ол мұндай өтінішті бұған дейінгі сот отырысында да айтқан еді.
- Менің камерама қарапайым жанша киінген адамдар келді. Түрме басшылығының маған жасаған қысымшылығы туралы прокурорға да жазбаша түрде шағым түсіргенмін. Бірақ ол арызымның түрмеден кеткеніне күмәнданамын, - деді ол.
Судья өзіне ешқандай шағым түспегенін айтып, прокурорларға тексеру жасау туралы тапсырма берді.
Сот соңына таман шақырылған тағы бір куә, тіркелмеген « Алға» партиясының белсендісі Айжангүл Әміровадан жауап алу ертең жалғасады.