Нарықтық экономика еркіндіктерін пайдаланып байыған жастардың бірі кезінде сантехник болып істегенін, енді бірі жұбайымен пәтерден-пәтерге тентірегендерін айтты.
"Каспий Строй Консалтинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) директоры Жасұлан Шахтыбайұлы бизнес жолында өрлеу үшін «ешкімнен көмек сұрамағанын» айтты.
1982 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентінде туып-өскен ол бес-алты жыл бұрынғы өмірін еске алып:
- 2009 жылға дейін пәтер жалдап келдім. Кейде сол пәтерге төлейтін ақша таба алмай қалған кездеріміз болды. 9-сыныптан бастап 2010 жылға дейін тойларда ән айтып жүрдім. Ол да бір табыстың көзі болып тұрды. Қиындықтың барлығын жұбайымыз екеуіміз қол ұстасып жүріп, жеңдік, - деді Азаттық тілшісіне.
Қазір Жасұланның айлық табысы, өз айтуынша, 7 мың доллар шамасында.
«ЖОЛДАСТАРЫМНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН БИЗНЕС АШТЫМ»
- Бизнесімді ашуға үкімет те, ешкім де демеушілік жасаған жоқ. Тіпті үкіметтен «жас отбасы» деп үй де алған жоқпыз кезінде. Құжат жинаудың өзі бір қиын шаруа. Осы ісімді ашардан бұрын, бір мезгілде жеті компанияда қатар жұмыс істеген кездерім болды, - деді Жасұлан Шахтыбайұлы.
Шетпеде өскен алматылық бизнесменнің шешесі - есепші, әкесі - көлік жүргізушісі.
- 1999 жылы мектепті аяқтап, Қарағанды мемелекеттік университетінің ақылы бөлімін экология мамандығы бойынша бітірдім. Қазір де осы сала бойынша жұмыс атқарып жатырмын. 18 жасымда үйленгеннен соң бірінші курстан-ақ жұмыс істеуге асықтық. Қолымда диплом жоқ - құрылысшы, краншы болдым. Жанар-жағар май бекеттерінде істедім. Сантехник болып екі-үш жыл істегенімнің пайдасын әлі күнге көріп жүремін. Соның арқасында үйдегі ұсақ-түйек жұмыстарды өзім атқара беремін, - деп күліп қойды.
Ол оқу бітірген соң эколог болып Ақтау қаласындағы бір серіктестікте, одан кейін әр қилы зертханалық мекеме, компанияларда жұмыс істеген. Өз саласының білгір маманына айнала білген.
- Жолдастарымның қолдауымен 2009 жылдар шамасында өз бизнесімді аштым. Қазір 6-7 зертханалық бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Алда СЭС үлгісі бойынша жұмыстарға кірісеміз. Медициналық рентген аппараттарының сапасын тексеру бағытына бет бұрып жатырмыз. Сапалы мамандарды арнайы Мәскеуден оқытып, дайындаймыз, - деді ол.
Жасұланның серіктестігі халықты гигиеналық оқыту, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дераторизациялау құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқарады.
Құрылыстағы бетондардың сапасы мен физфакторларды тексеру сияқты қызметтерді де атқарып, өндіріс объектілерін, тауарларды, өнімді, аумақтарды радиациялық бақылаудан өткізеді.
Қазір Жасұлан Шахтыбайұлы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын ашып, осы істі дамытуға кіріскенін айтты.
- 2011 жылға дейін бүкіл түскен қаржыға құрал алуға жұмсадық. Қазақстанда қажет құралдар шықпайтын болғандықтан оларды Ресейден, Швециядан алдырамыз. Енді құрылыс материалдары өндірісіне кіріп жатырмыз. Парламент депутаттығына сайлауға қатысуға үкімет ұсыныс білдірді. Халыққа өз септігімді тигізу үшін, болашақта үкіметке қарай ойысу ойымда бар, - деді Жасұлан Шахтыбайұлы.
ТАБЫСЫН ТОЙДАН ТАПҚАН ӘНШІ
1989 жылы Түркістан қаласында туған әнші Қайрат Нұртас 8 жасынан бастап ән айтады. Әншінің анасы әрі продюссері Гүлзира Үсенқызы «Қайратты әнші қылып таныту жолында көп қиындық көргенін» айтты.
- Баламның өнерге деген талпынысының өте жоғары екенін көріп, Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов сияқты кәсіби мамандармен жолықтым. Онша назар аудара қоймағаны менің көңіліме тиді. Қайта намысымды жаныды. Алғашқы «Арман» әнінің хит болатынын білмедік те. Бір күні базарда жүрсек сол ән қойылып жатыр екен. Халықтың тыңдағанын көріп қатты қуандық. Бірте-бірте ел көшеде Қайратты тани бастаған соң, автобуста жүруге ұялып, таксимен жүретін болды, - деді әншінің анасы Азаттық тілшісіне.
Гүлзира Үсенқызының айтуынша, «Қазір бір тойдан 5 мың доллар шамасында пайда түседі. Қайрат қазір 20-25 күн бойы үздіксіз тойға шығады. Сонда айына кіретін табыс мөлшері 100-130 мың доллар шамасында».
- Той әр күні әр қалада болады. Күніне 2-3 ұшаққа алмасып отыратын кездер жиі болады. Ұлымның негізгі табысы тойдан түседі. Кейде тойда жүреді деп сөгіп
жатады. Тойға шықпай табыс табатындар мықты бір байдың әйелі, болмаса көңілдесі, баласы болар. Ал Қайрат өз еңбегімен табады. Сонымен қатар Алматы қаласында кішігірім кафесі бар, - деді Гүлзира Үсенқызы.
Қайрат Нұртастың сұхбат беруге қолы тимейтін болғандықтан, тікелей өзімен тілдесудің сәті түспеді. Ұлы туралы «барлығын білемін» деген анасы әрі продюсері «Қайраттың өнер жолына әкесі екеуіміз барымызды салдық» деді.
- Ұлымды концертке шығару үшін тіпті сыртта тұрып билет те сатқан кезім болды. Көмекшілерім жоқ кезде плакаттарын көшелерде аязда қолым тоңып, күн ыстықта өзім ілетінмін. Қатты қиналдық бастапқы кезде. Түрін танып, атақты болғанша қиын болды. Өз достарының арасында да көре алмаушылықпен еркін жүрген сәттерін видеоға түсіріп, интернетке таратып қастандық жасағандары да болды, - деді әншінің анасы.
«ТАБЫСЫМ БИЛЛ ГЕЙТСТІКІНЕН АЗ»
Ал IT (интернет технологиялар) саласының маманы Садық Шерімбек есімді студент «Өмірде жетістікке жету үшін әр фактордың өз әсері болады. Қой да бақтық, қыш та құйдық, егін де салдық. Бірақ өмірге үнемі жақсы жағынан қарау біреулердің әдеті, адамдық қасиеті болса, бұл - менің жазылмайтын ауруым» деп жымиды.
Алматы қаласындағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алып жатқан Садық Шерімбек 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Бірлік ауылындағы жайлауда дүниеге келген. Әке-шешесі ауыл шаруашылығын кәсіп етеді.
- Сегізінші сыныпта оқып жүргенде атама қоймай айтып жүріп, әдебиет пәнінен ғылыми жоба жазу мақсатында компьютер алдырдым. Әлгі ғылыми жобам сол бойы жазылмады. Бірақ бұл мені басқа қырымнан ашты. IT саласының маманы боламын деген ой пайда болған соң техникалық пәндерге ерекше ықыласым ауды. Физика, алгебра, тарих пәндерін мектепте дұрыстап оқымағаныма өкінемін. Қазір жоғарыда аталғандарды уақыт бөліп тереңдетіп оқып жатырмын. Жақында осы оқу-білім мақсатымен Малайзияға барып келдім, - деді Садық Шерімбек.
Ол ақпараттық жүйелер саласында жұмыс істейтіні, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайттар жасау, мобильді техникаларға қосымшалар құру, серверлерді құрылымдау жұмыстарымен айналысатынын айтты.
- Бір қарағанда көпшілікке түсініксіз жұмыстармен айналысамын. Айлық табысым Билл Гейтстікінен аз. Өзімнен бөлек отбасыма, бір мезгіл бал қымыз бен «бешбармақ» асауға жетеді, - деді ол.
Бірақ ол айлық табысы орта есеппен алғанда 3 мың 500 доллар шамасында екенін де жасырмады.
Қазір Шымкент қаласындағы интернет қолданушылар орталығында қызмет істеп жүрген студент Садық «осы қаладағы IT саласында жүрген мамандармен ойдағы жобаларды бірге іске асырып жатырмыз» дейді. Оның бар мақсаты – «мүмкіндігі жеткенше білім іздеп, ілім үйрену».
- Жеті-сегіз шет мемлекетте болдым. Ол жақтарда жүргенде әжемнің тандырға жабылған күлше нанын сағындым. Барған жерлерімде адам өміріне біздегіден гөрі жағдай жақсы жасалған. Меніңше, бұлар - шешімін табатын нәрселер. Біреулерге ерсі естілсе де айтайын: біздің ел - болашағы бар, керемет ел. Тек қазір қоғамда қалыптасқан кемшіліктерді түзеуге жұмыс істеуіміз қажет. Өз басым - тәуекелшілмін. Кейде бүкіл әлемнің проблемасы менің басымда жүрген сияқты көрінеді. Бірақ позитивті жан иесі болғанға не жетсін, - деп сөзін түйіндеді IT саласындағы жас маман Садық Шерімбек.
(Материалды әзірлеуге Нұржан Еркінұлы атсалысты)

Парламент депутаттығына сайлауға қатысуға үкімет ұсыныс білдірді. Халыққа өз септігімді тигізу үшін, болашақта үкіметке қарай ойысу ойымда бар.
Қазір Жасұлан Шахтыбайұлы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын ашып, осы істі дамытуға кіріскенін айтты.
- 2011 жылға дейін бүкіл түскен қаржыға құрал алуға жұмсадық. Қазақстанда қажет құралдар шықпайтын болғандықтан оларды Ресейден, Швециядан алдырамыз. Енді құрылыс материалдары өндірісіне кіріп жатырмыз. Парламент депутаттығына сайлауға қатысуға үкімет ұсыныс білдірді. Халыққа өз септігімді тигізу үшін, болашақта үкіметке қарай ойысу ойымда бар, - деді Жасұлан Шахтыбайұлы.
ТАБЫСЫН ТОЙДАН ТАПҚАН ӘНШІ
1989 жылы Түркістан қаласында туған әнші Қайрат Нұртас 8 жасынан бастап ән айтады. Әншінің анасы әрі продюссері Гүлзира Үсенқызы «Қайратты әнші қылып таныту жолында көп қиындық көргенін» айтты.
Ел көшеде Қайратты тани бастаған соң автобуста жүруге ұялып, таксимен жүретін болды.
- Баламның өнерге деген талпынысының өте жоғары екенін көріп, Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов сияқты кәсіби мамандармен жолықтым. Онша назар аудара қоймағаны менің көңіліме тиді. Қайта намысымды жаныды. Алғашқы «Арман» әнінің хит болатынын білмедік те. Бір күні базарда жүрсек сол ән қойылып жатыр екен. Халықтың тыңдағанын көріп қатты қуандық. Бірте-бірте ел көшеде Қайратты тани бастаған соң, автобуста жүруге ұялып, таксимен жүретін болды, - деді әншінің анасы Азаттық тілшісіне.
Гүлзира Үсенқызының айтуынша, «Қазір бір тойдан 5 мың доллар шамасында пайда түседі. Қайрат қазір 20-25 күн бойы үздіксіз тойға шығады. Сонда айына кіретін табыс мөлшері 100-130 мың доллар шамасында».
- Той әр күні әр қалада болады. Күніне 2-3 ұшаққа алмасып отыратын кездер жиі болады. Ұлымның негізгі табысы тойдан түседі. Кейде тойда жүреді деп сөгіп
Қайрат Нұртастың сұхбат беруге қолы тимейтін болғандықтан, тікелей өзімен тілдесудің сәті түспеді. Ұлы туралы «барлығын білемін» деген анасы әрі продюсері «Қайраттың өнер жолына әкесі екеуіміз барымызды салдық» деді.
- Ұлымды концертке шығару үшін тіпті сыртта тұрып билет те сатқан кезім болды. Көмекшілерім жоқ кезде плакаттарын көшелерде аязда қолым тоңып, күн ыстықта өзім ілетінмін. Қатты қиналдық бастапқы кезде. Түрін танып, атақты болғанша қиын болды. Өз достарының арасында да көре алмаушылықпен еркін жүрген сәттерін видеоға түсіріп, интернетке таратып қастандық жасағандары да болды, - деді әншінің анасы.
«ТАБЫСЫМ БИЛЛ ГЕЙТСТІКІНЕН АЗ»
Ал IT (интернет технологиялар) саласының маманы Садық Шерімбек есімді студент «Өмірде жетістікке жету үшін әр фактордың өз әсері болады. Қой да бақтық, қыш та құйдық, егін де салдық. Бірақ өмірге үнемі жақсы жағынан қарау біреулердің әдеті, адамдық қасиеті болса, бұл - менің жазылмайтын ауруым» деп жымиды.
Алматы қаласындағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алып жатқан Садық Шерімбек 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Бірлік ауылындағы жайлауда дүниеге келген. Әке-шешесі ауыл шаруашылығын кәсіп етеді.
- Сегізінші сыныпта оқып жүргенде атама қоймай айтып жүріп, әдебиет пәнінен ғылыми жоба жазу мақсатында компьютер алдырдым. Әлгі ғылыми жобам сол бойы жазылмады. Бірақ бұл мені басқа қырымнан ашты. IT саласының маманы боламын деген ой пайда болған соң техникалық пәндерге ерекше ықыласым ауды. Физика, алгебра, тарих пәндерін мектепте дұрыстап оқымағаныма өкінемін. Қазір жоғарыда аталғандарды уақыт бөліп тереңдетіп оқып жатырмын. Жақында осы оқу-білім мақсатымен Малайзияға барып келдім, - деді Садық Шерімбек.
Ол ақпараттық жүйелер саласында жұмыс істейтіні, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайттар жасау, мобильді техникаларға қосымшалар құру, серверлерді құрылымдау жұмыстарымен айналысатынын айтты.
- Бір қарағанда көпшілікке түсініксіз жұмыстармен айналысамын. Айлық табысым Билл Гейтстікінен аз. Өзімнен бөлек отбасыма, бір мезгіл бал қымыз бен «бешбармақ» асауға жетеді, - деді ол.
Бірақ ол айлық табысы орта есеппен алғанда 3 мың 500 доллар шамасында екенін де жасырмады.
Қазір Шымкент қаласындағы интернет қолданушылар орталығында қызмет істеп жүрген студент Садық «осы қаладағы IT саласында жүрген мамандармен ойдағы жобаларды бірге іске асырып жатырмыз» дейді. Оның бар мақсаты – «мүмкіндігі жеткенше білім іздеп, ілім үйрену».
Ерсі естілсе де айтайын: біздің ел - болашағы бар, керемет ел.