БҰҰ тәуелсіз уәкілі Қазақстанда сегіз күн болып, елдегі құлдық пен оның кең таралған түрлері, себебі мен салдарын бақылап қайтып барады.
Тәуелсіз маман Гюльнар Шахинян Қазақстанда қыркүйектің 24-і мен қазанның 1-і арасында болған сапарын қорытындылап, дүйсенбі күні Астанада баспасөз жиынын өткізді.
– Біз Алматы, Есік, Шымкент, Түркістан мен Астана қалаларында болдық. Сапарымыздың негізгі бөлігі оңтүстік аймақта өтті. Онда мақта мен темекі алқаптары көп. Ауылшаруашылық жұмыстардың көптігіне қарай мигранттар сол жақта көп. Мен аймақтар мен мақта алқаптарында болдым, шаруашылық басшыларымен кездестім, - деді Шахинян.
Алайда уәкіл сол жерде еңбек ететін жұмысшылармен кездесе алмаған. Өйткені «сапарым алқаптағы жұмыстардың аяқталған кезеңіне дөп келді» дейді ол.
Қазақстанға жергілікті биліктің шақыруымен келгендігін айтқан Шахинян, «билік елдегі мигранттардың балаларына жақсы жағдай жасап отырғандығын» да атап өтті.
– Құлдықтың мен зерттейтін түрі (балаларды құлдыққа салу) жалпы әлемде аса көп талқыланбайды. Қазақстанда да солай. Дегенмен бұл Қазақстанда құлдық жоқ деген сөз емес, бар, бірақ олармен күрес те жақсы жүргізіліп жатыр. Сіздердің үкімет бала құқығын сақтау комиссиясының жұмысын жоғары деңгейде құрған. Ол комиссияның бағдарламасы жер-жерде жақсы нәтиже беріп отыр, - деді БҰҰ өкілі.
Уәкіл елге келетін мигранттарды тіркеу барысында бірқатар заңды және бюрократиялық мәселелердің бар екендігін айтады.
- Жұмыс істеуге келген мигрант көптеген құжаттарды толтыруға мәжбүр. Сондықтан көпшілігі бұл істен қашады. Бюрократизмнен қашып көпшілігі заңсыз жұмыс істей береді. Бұл жағдайда екі жақ та жапа шегеді. Мемлекет салықтан қағылса, жұмысшы қорғансыз болады. Қазір Қазақстан бұл механизмнің жеңілдетуін қарастырып жатыр, бұл құжат парламентте қолдау табады деп үміттенемін, - дейді Гюльнар Шахинян.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша әлемде 22 миллион адам құлдықтан түрлі деңгейде зардап шеккен. Маманның сөзінше, бұл мәселені біржола шешкен бір де бір мемлекет жоқ.