Бір кездері Григорий Марченко жұмыс істеген банк сарапшылары Қазақстанның, Украинаның және басқа да постсоветтік республикалардың ұлттық валюталарының кезекті 20 пайыздық құнсыздануы жайында айтуда.
Теңгенің кезекті девалвациясы туралы әңгімеге Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың шамданып, шұғыл пікір білдіретіндігі белгілі. Осындай арандатушы сыбыстар таратқаны үшін Григорий Марченконың қаһарына жекеменшік айырбастау пункттері ілінеді.
Осы тұрғыдан алғанда елдің бас банкирі Қазақстан валютасы бағамының төмендеуі жайындағы Германияның жетекші банктерінің бірі Deutsche Bank AG сарапшылары жасаған болжамға не дер екен? 90-шы жылдардың соңында Марченконың өзі осы банктің Қазақстандағы Deutsche Bank Securities (Kazakhstan) деп аталатын құрылымдарының бірін басқарған еді.
Сонымен, Deutsche Bank AG сарапшылары Қазақстанның, Украинаның және басқа да бұрынғы советтік республикалардың ұлттық валюталары тағы 20 пайызға құнсыздануы мүмкін дейді. Өйткені, ғаламдық қаржылық дағдарыс кезінде олардың экономикасы електен өтіп жатыр. Әлемдегі ең ірі валюталық трейдерлердің бірі болып табылатын неміс банкі мамандарының болжамын Bloomberg агенттігі хабарлады.
Агенттік тілшісі украин гривнасының соңғы алты айдың ішінде 38 пайызға құлдырағанын еске салады. Ал, орталық банк гривнаның құнсыздануын тоқтату үшін елдің валюталық қорының үштен бірін жұмсаған. Көршілес Қазақстан, Беларусь және Армения қаңтардан бері валюталарын шамамен 20 пайызға құнсыздандырды. Мұндай ірі девальвация Ұлы депрессия кезеңінен бергі ең ауыр қаржы дағдарысы тұсында болып отыр. Ал, бұрынғы СССР мемлекеттерінің экспорттық тауарларына деген сұраныс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бірінші ғаламдық рецессиядан соң бірден түсіп кетті.
«Жекелеген жағдайларда шамамен 20 пайызға қосымша құнсыздану болатындығына күмән жоқ деп есептеу керек»,- дейді Bloomberg агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Deutsche Bank-тің мәскеулік бөлімшесінің бас экономисі Ярослав Лисоволик.
« Еуропаның дамушы мемлекеттері бекітілген валюталық бағамдарын босатуға мәжбүр. Өйткені, жаһандық рецессия өсімге кедергі келтіріп, Украина сияқты елдерді шетелдік инвестициялар жоқ кезде ағымдағы есепшоттар бойынша төлем балансының тапшылығын қаржыландыру үшін күресуге мәжбүрлеуде. Беларусь, Украина және Армения Халықаралық валюта қорынан көмек алып жатса, Қазақстан елдегі бірнеше ірі банктердің акциялар пакетін сатып алды. Ал, соңғы алты айдың ішіндегі мұнай бағасының 58 пайызға төмендеуі он жылға созылған экономикалық өсудің соңы болмақ»,- делінген агенттіктің хабарламасында.
Лисоволик Украинаның, Қазақстанның, Беларусь пен Арменияның ұлттық валюталарының бағамдарына қатысты нақты болжамдар айтады. Оның айтуына қарағанда, жылдың соңына қарай гривна тағы 13 пайызға құнсызданып, бір доллар үшін 9,2 гривна болуы мүмкін ( өткен жұмада украин валютасының бағамы бір доллар үшін 7,9999 гривна болды).
Украинаның Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 18 пайызға дейін көтерді. Ол, сонымен бірге, банк есепшоттарынан ақша алуды шектеп, гривнаның құнсыздануын тоқтату мақсатында, кредиторларға валюталарды орталық банк белгілеген валюта бағамының күнделікті орташа көрсеткішінен төмен сатып алуға да сатуға да абай болуын ескертті. Алайда, Лисоволик ел келесі жылдың басында өтетін сайлауға дайындалып жатқандықтан, гривнаны төмендетіп, банктердің шетелдік валютада конвертация жасауына мүмкібндік туғызуға бағытталған қысым мен популизм күшейеді деген ойда.
4 ақпаннан бастап, елдің Ұлттық банк валюта бағамын 21 пайызға түсірген соң, Қазақстан валютасы бір доллар үшін 150 теңге шамасына тұрақтады. Ал, көрші Ресей, мұнайдың Urals маркасының (негізінен экспортқа шығарылатыны осы марка) бағасы өткен жылғы шілде айымен салыстырғанда 67 пайызға құлдырап кеткен соң, рубльдің долларға шаққандағы бағамын 44 пайызға түсірді, ал ел экономикасы 1998 жылғы дефолттан кейінгі бірінші рецессияға жақындап қалды.
BP Plc мұнай компаниясының бағалауынша әлемдік мұнай қорының 3,2 пайызы шоғырланған Қазақстан экономикасының құрылымы Ресейдікімен ұқсас. Сондықтан, Ярослав Лисоволиктің пайымдауынша, Қазақстан экономикасы теңгенің бағамын ең болмағанда рубль деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр. «Аймақтағы басқа көптеген проблемалық елдерге қарағанда» Қазақстан ХВҚ ( Халықаралық валюта қоры) несиелерін алған жоқ деп атап көрсетті Лисоволик.
Bloomberg агенттігі жүргізген есептеулерге қарағанда, қазіргі бағаммен салыстырғанда тағы 20 пайызға төмендейтін болса, бір доллар шамамен 190 теңге болуы ықтимал.
Беларусь рублі 6 қаңтарда 21 пайызға құнсызданып, бір доллар үшін 2656 рубль болды. Одан алты күн бұрын валюталардың өзгермелі бағамын жақтайтын ХВҚ 2,46 миллиард доллар шамасындағы несие желісін мақұлдады.
ХВҚ елге 540 миллион доллар көлемінде несие беруге уәде берген соң, 3 наурызда Армения драмының долларға қатысты бағамын 20 пайызға түсіріп, валютаның еркін өзгермелі бағамына көшті. Валюта бағамы тағы 20 пайызға түссе, бір доллар 3300 белорус рублі немесе 470 армян драмы (қазір бір доллар 374,25 драм) болады.